«Петропавл қаласының білім бөлімі» кмм «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» кмм



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата28.03.2024
өлшемі1.29 Mb.
#496849
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Теректің құрамындағы полифенолды қосылыстар

4.Терекке сипаттама 
Терек (Populus), тал (Salicaceae) тұқымдастығының 
жылдам өсетін, қысқа уақыт өмір сүретін ағаштар тегінің 
шамамен 35 түріне дейін саналып отыр. Отаны – 
Арктикадан субтропиктерге дейін өсіп жетілетін Солтүстік 
жарты шар. Өлшемдері орташадан іріге дейін құбылады: 
көптеген түрлерінің максималды биіктігі шамамен 30 м, ал 
діңінің диаметрі 2,4 м дейін жетеді. Терек үшін қуарған 
барқыт жас өркен және ескі діңдерінің тереңге дейін 
жарылған, қатпарлы қабығы тән. Жапырақтары кең ұзын қалемшеде. Гүлдері 
цилиндрлік шығыршықтарда көктемде


15 
жапырақтарынан бұрын жайылады: бір ағашта аталық (ер), екіншісінде – 
аналық (әйел). Қорап тәріздес жемісте ұзын жібек талшықтармен (терек 
мамығы) жабылған және желмен оңай ұшырылып әкететін көптеген ұсақ
ұрықтары бар.
4.1 Теректің түрлері 
● 
Бальзам иісті терек (P. Balsamifera, немесе P. Tacamahaca) Құзды 
тауларда және Жаңа Англиядан Солтүстік Дакотаға дейін, Лабрадордан 
Чукоткаға дейін өсіп жетіледі. Ол Канаданың солтүстік-батысының 
көгалдысында өзен бойында жиі кездесіп жатады және америкалық 
Субарктиканың ең ірі ағашы болып табылады. Оның биіктігі 27 м-ге дейін
жапырақтары қалың, жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 13 см дейін, төменгі жағы 
ақ болып келеді.
● 
Ірі жапырақты терек (P. Candicans, немесе P. Balsamifera var. 
Subcordata) оңтүстікте Мичиган, Нью-Йорк және Мэн штаттарына дейін жетіп 
Онтарио (Канада), Квебек, Ньюфаундленд шеткі аймақтарына дейін өсіп 
жетіледі. АҚШ-тың сотүстік-шығысында оны декоративтік (сәнді) тұқым 
ретінде жиі өсіреді. Бұл бальзамиісті теректі теректің түрі немесе гибриді 
болар, өйткені олар өте ұқсас келген. Дельта тәрізді терек (P. Deltoides) Техаса 
мен Флоридаға дейін жетіп, Жаңа Англияның батысынан бет алып, 
Саскачевна (Канада) өңтүстігіне дейін өсіп жетіледі. Әдетте өзенді бойлай 
өседі. Биіктігі бойынша 27 метрге дейін жетеді. Жапырақтары үшбұрыш, 
ұзындығы 7-15 см, ірі дөңгеленіп келген тістері бар, қалемшесі тығыздалған. 
Жас бұтақтары сары. Бұл ағаш алғашқы еуропалық колонисттерді оңай 
өңделетін ағаш және салқынмен және отынмен қамтамасыз етті.
● 
Түкті терек (P. Trichocarpa) Аляскадан Мексиканың солтүстігіне дейін 
таралған. Оның биіктігі 68 м жетеді: бұл АҚШ солтүстік-батысының тынық 
мұхитының ең ірі жапырақты ағашы болып келеді. Ұшар басындағы 
үшкірленіп келген ұзындығы 12-25 см кең жұмыртқа тәрізді жапырақтар, ал 
төменгі жағында тегіс жапырақтар. Олардың шеттері ұсақ тісті және қалемше 
қимасында дөңгелектеу.
● 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет