«Петропавл қаласының білім бөлімі» кмм «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» кмм



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата28.03.2024
өлшемі1.29 Mb.
#496849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Теректің құрамындағы полифенолды қосылыстар

Branches of using in practice: 
In the farm-industry of our country it is possible to develop medical 
preparations by the method of reproduction as well as high antioxydant active 
substances 
Шартты белгілер мен қысқартулар 
АО – антиоксидант 
АОБ – антиоксиданттық белсенділік
ДФПГ (DPPH) – дифенилпикрилгидразил радикалы 
ЖАБ- жалпы антиоксиданттық белсенділік 
ОАФ – оттектің активті формалары 



СОД – супероксиддисмутаза ферменті 
FRAP – Темір (III)-ті тотықсыздандыру активтілігіне негізделген әдіс 
ВНА – стандартты антиоксидант 
ІС
50
– радикалдың 50% нейтралдауға кететін антиоксидант мөлшері (г/мл). 
ЭПР – Электронды парамагнитті резонанс. 
ДНҚ – дезоксирибонуклеин қышқылы 
РНҚ – рибонуклеин қышқылы 
Кіріспе 
Қазақстан Республикасының территориясы өсімдік ресурстарына бай, бірақ 
медицина мен ауылшаруашылық саласында қолданылатыны аз. Қазіргі 
уақытта дәрілік препараттардың 30%-нен астамының көзі өсімдіктекті болып 
келеді. Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасыр – фитотерапия ғасыры болады. 
Қазір өсімдіктердің алуан түрлерінің ішінен бағалы биологиялық активті 
заттардың, әсіресе фенолды қосылыстардың өндірістік тиімді көзі бола алатын 
түрлерін табу үлкен мәселе болып отыр. Себебі флавонолдардың биологиялық 
әсері зор, олар қабынуға, язваға қарсы қолданылады. Капиллярлар жүйесін 
бекітеді. Олардың гепопротекторлық және гипоазотемиялық активтілігі 
анықталды. Алкалоидтар тобының да фитотерапиялық әсері өте зор болып 
келеді. Олар аз концентрацияның өзінде көптеген ауруларды басатын қасиеті 
бар. Осындай препараттардың ерекшелігі – табиғи болып келуі, яғни оларды 
синтездеуге келмейді. 
Біздің ағзамыз әрқашан соңына дейін тотықпаған зат алмасу өнімдерінің 
әсеріне тап болады. Сол соңына дейін тотықпаған өнімдер «Бос радикалдар» 
деп аталады.
Соңғы онжылдықта антиоксиданттар деген заттар тобы кеңінен зерттеліп 
келеді.Олардың қасиеттері мен жұмыс механизмі өз практикасында олармен 
кездесетін физиктерді, химиктерді және биологтарды, сонымен қатар 
фармацевтерді қызықтырады. Ғылыми деректер мен мағлұматтар бойынша 
жасуша мембранасының липидтік қабатының бос радикалдармен тотығуын 
антиоксиданттар тежей алатыны дәлелденді. Бұл процестердің организмде 
түрлі патологияның етек алуына, соның ішінде атеросклероз, жүрек- қан 
тамырлары және канцерогенез ауруларының пайда болуына, тез қартаюға, 
иммунитеттің төмендеуіне және т.б әр түрлі аурулардың пайда болуына әсер 
етеді. 



Қазіргі таңда липидтердің пероксидті тотығуы адам организмінде түрлі 
патологияның, мысалы стресстің, миокард инфарктының,сәулелі аурудың, 
зиянды әсер еткіш қатерлі ісік ауруларының, гипо- және гипероксидті 
жағдайдлардың, интоксикацияның, терминалды жағдайдың пайда болуына 
әсер етеді. Ю.А Владимиров, Ф.Е. Меерсон, В.А. Барабой, Е.Н. Баглей, Я.И. 
Серкиз, Н.Ж. Орманов, В.Г. Корпачев, С.С Лиходий және тағы басқа ғалымдар 
осы салада көптеген еңбек сіңірді.
Бос радикалды реакциялардың пайда болуын реакцияға түсу қабілеті жоғары 
оттектің метоболиттері (супероксидті анион-радикал, сутектің асқын тотығы, 
гидроксил радикал және т.б.) туғызатындықтан, липидтердің пероксидті 
тотығу процесінің көрсеткішін төмендететін табиғи және синтетикалық 
антиоксиданттарға үлкен рөл бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет