Петров Григорий Финляндия ақ лала гүлдер мекені



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
inbound7245658799138671841

ҚАЗАҒЫМНЫҢ САНАСЫНА

СƏУЛЕ БОЛШЫ, СНЕЛМАН

 

      Осы жылдың көктемінде «Айқын» газетінің редакциясына инбатты 



бір қыз келіп, өзін «Əлия Өмірзаққызымын» деп таныстырды. Келген 

шаруасын  сұрадым.  «Мына  аудармамды  оқып,  пікіріңізді  айтсаңыз 

екен» деді де, флешкасын қолыма ұстата салды. Компьютерге түсіріп, 



одан ақ қағазға бастырып алып, Əлия əкелген «Ақ лала гүлдер өлкесі» 

атты  еңбекті  бір  деммен  оқып  шықтым.  Бар  –  жоғы  компьютерлік 

алпыс беттік осы еңбек мені Əлияға риза етті. Иə, өйткені бұл бүгінгі 

қазаққа,  «судан  шығып  қалған  балықтай  қазаққа»  жаны  ашитындар 

болса, оқитын, үлгі алатын еңбек екен.

              Кітаптың  басты  кейіпкері  Снелман  Финляндияның  ерекше 

құрметті  азаматы  саналатын  көрінеді.  Өйткені  ол  1811  жылы 

шведтерден  бостандық  алған  Финляндия  мемлекетінің  егемендік 

өмірге  алғаш  қадам  жасар  кезеңде  халқын  дұрыс  өмір  сүруге,  кəсіп 

қылуға, денсаулықты сақтауға, діни теріс уағыздарды жоюға үй – үйді,

ауыл – ауылды аралап жүріп, қалың бұқараның жалпы дұрыс өмір сүру

сауатын  ашқан  адам  екен.  Біздің  Абай  қазақтың  дұрыс  өмір  сүруге

сауатын  ашуға  ғақлияларымен  еңбек  сіңірсе,  Снелман  сол  Абай

айқандарды əлгіндей жолмен қалың бұқараға ауызба –ауыз түсіндірген

нағыз ұлтжанды азамат екен. Бүгінгі финдер дамыған елдер қатарында

болса, «біздің мұндай дəрежеге жетуімізге негіз салған Снелман» деп

құрметтейді екен. Мінеки, ұлтты сүюдің нағыз үлгісі. Мұны аударған,

қазақшалаған  Əлия  ұлтымның  «қазақты  сүйемін»  дейтін  əр  азаматы

осылай, яғни Снелмандай еңбек сіңірсе екен деп тілейтіндей. Өйткені,

осыны түрік тілінен аудара отырып, өзі де

осындай ұстанымда болды ғой.

       Дəл осылай айтуымның себебі, сіздің қолыңызға тиген «Ақ лала 

гүлдер  өлкесі»  атты  кітаптың  басты  кейіпкері  Снелмандай  қазағыма 

жаны ашып, қиналғанның жанында болған бір зиялыны кезінде көрген 

де  жоқпын.  Олар  туралы  жазылған  бір  хабарды  естіген  де  жоқпын. 

Демек, менің өзімнің пікірімше, қазіргі қазақ зиялысы деп жүргендер

жай ғана көбік. Міне, осы себептен де мен баспа оқырманына ұсынған

«Ақ  лала  гүлдер  өлкесі»  атты  кітапты  əр  қазақтың  төрінде  тұрып,  əр

қазақтың  санасына  ондағы  игіліктер  сəуле  түсірсе  екен  деп  тілеймін.

Бұл  үшін  кітапты  түрік  тілінен  тəржімалаған  қарындасымыз  Əлия

Ибрагимоваға  да,  осы  кітапты  оқырманға  ұсынған  баспаға  да  ақ

шашты басымды иіп, алғыс айтамын.

       Мен неліктен əр қазақ Снелман болса екен деймін? Бұл сұрақтың 

да  жауабын  бере  кетейін.  XIX  ғасырдың  ортасына  қарай  шведтер 

бодандығынан



босаған  фин  халқы  қиын  жағдайда  еді.  Қалың  бұқара  білімсіз.

Маскүнем,  зинақор,  шіркеулерінің  өзіндегі  уағыз  кері  əсерлі,

шаруашылығын  өз  бетінше  басқара  алмайтын,  жұқпалы  дерттер

демдеген  батпақты  даладағы  халық  осылар  еді.  Бұларды  бүгінгі

дəрежесіне  жеткізген  мемлекет  басшылары  мен  партиялар  немесе

байлар  емес.  Оларды  дамудың  биік  сатысына  көтерген  халықтың

ортасынан  суырылып  шыққан  нағыз  ұлтжанды  зиялылар  еді.  Мен

бүгінгі таңда кім зиялы десе, сол фин халқының бүгінгідей дəржесіне

жетуіне жол ашып берген Снелманды, үнді халқының азаттық алуына

жанын  құрбан  еткен  Мохандас  Гандиді  жəне  өзіміздің  Абай  мен

Ыбырай  Алтынсаринді  айтар  едім.  Сондықтан  да  фин  халқының  ұлы

болса да Снелман мен үшін құбыланама секілді. Əр қазақтың оқығаны,

білімдісі  ұлтжандымын  десе,  ұлтын  сүйсе,  ең  əуелі  сол  ұлтына

Снелмандай қызмет етсін. Міне, оқырман қолына тиіп отырған кітап,

мен  үшін  осындай  сөз  айтқызғанымен  де  қымбат.  Саналы  қазақ  бұл

кітапты өзінің қымбаттысы санайды деп тілеймін.

      Жолың болсын, қазағыма сəулесі түсер Снелман!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет