Петров Григорий Финляндия ақ лала гүлдер мекені



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
inbound7245658799138671841

Жұмабек ЖАНДІЛДИН

 

 



 

 

 



ГРИГОРИЙ ПЕТРОВ ЖƏНЕ «АҚ ЛАЛА ГҮЛДЕР ӨЛКЕСІ -

ФИНЛЯНДИЯ» НЕМЕСЕ БІР

ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ОЯНУЫ

 

            «Ақ  лала  гүлдер  өлкесі»  кітабының  авторы  Григорий

Спиридонович  Петров  1868  жылы  Петрогодка  (қазіргі  Санкт-

Петербург  қаласы)  қарасты  Ямбург  елді  мекенінде  дүниеге  келеді.

Өмірінің  соңында  науқастанып,  емделу  үшін  Парижге  барып,  сонда

1925  жылдың  19  маусымында  көз  жұмады.  Ол  кедей  отбасында

тəрбиеленеді.  Өзі  кедейшіліктің  кермек  дəмін  татып  жүрсе  де,  еш

мойымай,  əрдайым  адамзат  баласының  жарқын  болашаққа  қол

жеткізуіне үлес қосудың жолын іздейді. Бар арман –қиялы мен мақсат

– мүддесін осы бағытта жұмсайды. Діни сауатын аша жүріп, əдебиетке

де  ерекше  ден  қойып,  поп  əрі  профессор  атанады.  Патша  сарайында



ханзадалардың тəрбиешісі қызметін атқарады. Дегенмен, ол патшаның

салтанатты сарайынан гөрі, жарлы – жақыбайлармен, қарапайым ауыл

тұрғындарымен етене араласуға əлдеқайда құмар болады.

       Ауыл тұрғындары мен қарапайым қызметшілердің діни сауатын 

ашатын уағыздар айтады. 

              Бұқара  халық  оның  айтқан  əрбір  жалынды  сөздерін  ерекше 

ықыласпен,  сүйсіне  тыңдайтын.  1900  жылы  Петров  Ресейде  халық 

тарапынан ең танымал поп, əрі шығармалары ең көп оқылатын халық 

жазушысына айналады.

        Бір кездері таралымы өте аз «Русское слово» («Орыс сөзі») газеті 

Петров  бас  редактор  болған  күннен  бастап,  тиражы  500  000  –  ға 

жететін ең танымал газетке айналады.

                Осы  уақытта  ол  өзінің  «Інжіл  –  өмір  сүрудің  бастауы»  деп 

аталатын  алғашқы  шығармасын  жарыққа  шығарады.  Бұл  шығармасы 

қытай,  жапон  тілдеріне  аударылады.  Осылайша,  жазушының  аты  тек 

Ресейде  ғана  емес,  біртіндеп  əлем  жұртшылығына  жол  тартты. 

Петровтың  мəртебесінің  күн  санап  өсуі  шіркеудің  бетке  ұстар 

адамдарын  «мазалай  бастайды».  Араға  бірнеше  жыл  салып,  Петров

1907  жылы  шіркеудегі  қызметінен  босап,  əдеби  -  философиялық

шығармалар  жазуға  ден  қояды.  Ол  шəкірттерін  білім  нəрімен

сусындата  жүріп,  əртүрлі  тақырыпта  лекциялар  оқып,  күн  сайын

шығармашылығын шыңдай түседі. Оның ғибратқа толы дəрісінен соң,

халық рухани оянып, сілкіне бастайды. Мұны сезген Патшалық Ресей

оны  əрдайым  көзден  таса  қылмай,  əрбір  қадамын  жандаралдары

арқылы  бақылауда  ұстайды.  Петров  пен  большевиктер  арасында  да

анау айтқандай түсіністік орнықпады.

              1920  жылы  ол  Белорусь  ұлтының  Қырымнан  көшкен  өкілдері 

мінген кеменің соңғы жолаушыларының бірі болып, Стамбулға келеді. 

Қоныс  аударушылардың  бұл  тобы  кейіннен  Триесте  деген  жерге 

жөнелтіледі.  Осы  топпен  бірге  қоныс  аударған  Петровты  жергілікті 

Югослав  халқының  зиялылары  танып,  жоқшылықтан  құтқарып, 

Белград  университетіне  профессор  етіп  тағайындайды.  Югославия 

мемлекеті сол өңірде қалаған жеріне поездбен емін – еркін барып келуі 

үшін  оған  жеңілдік  (пасо)  береді.  Осылайша  Петров  Югославияның 

түкпір – түкпірін аралап, мəдениет, дін, қызмет, бауырмашылдық жəне



ұлтжандылық тəрізді тақырыптарда конференциялар ұйымдастырады.

Ол серб тілін өз ана тіліндей жетік меңгереді.

              Петров  Болгарияға  бірнеше  шығармаларын  қолжазба  күйінде 

жібереді.  Бұл  шығармалар  Болгар  тіліне  аударылып,  баспадан  жарық

көреді.  «Ақ  лала  гүлдер  өлкесі»  атты  кітабының  орыс  тіліндегі

қолжазбасын  Болгарияда  тұратын  досы  Д.Божковқа  жібереді.  Досы

Петровтың  барлық  шығармаларын  жинақтап,  Болгар  тіліне  аударып,

алғы сөзін жазып, 1925 жылы Софияда кітап қылып басып шығарады.

Орыс  тілінен  болгар  тіліне  тікелей  аударылған  бұл  еңбек  Болгар

халқының ерекше назарын аударып, оқырманның ықыласына бөленеді.

            Өмірінің  біраз  жылдарын  Финляндияда  өткізген  жазушы  бұл 

еңбегінде  осы  елдің  білім  мен  мəдениет  саласындағы  жетістіктерге 

қалай  қол  жеткізгендіктерін  шебер  суреттейді.  Бұл  шығарманы 

болгарша  сөйлеткен  жазуышының  досы  Божков  та  Петровпен 

Финляндияда  бірге  болған  еді.  Бұл  кітап  (1909  –  1910)  түрік  тіліне 

алғаш  рет  Али  Хайдар  (Танер)  мырзаның  қолға  алуымен,  1928  жылы 

аударылып, осы жылы Стамбулда ескі əліпбимен басылып шықты.

          Кітаптың  түрікше  аудармасы  да  «əп»  дегеннен  –  ақ  көпшілік 

оқырманның  назарын  өзіне  аударды.  Тек  Стамбул  мен  Анкарада  ғана 

емес, сонымен қатар, Түркия мемлекетінің түкпір – түкпірінде жарық 

көрген  газет  –  жорналдарда  бұл  кітап  жайында  жақсы  пікірлер 

жарияланып, жоғары баға берілді. Кітаптың алғаш шыққан тиражы тез 

арада  тарап,  халық  тарапынан  зор  сұранысқа  ие  болып,  1930  жылы 

Мемлекеттік  баспаханадан  жаңа  əліпбимен  ресми  түрде  қайта 

басылды.

      «Ақ лала гүлдер өлкесі» осы уақыт аралығында əртүрлі баспадан 

бірнеше  қайтара  жарық  көрді.  Бұл  кітаптың  алғысөзін  автордың  өзі 

емес, кітаптың аудармашысы, əрі Петровтың досы – Д.Божков жазған

     «Ақ лала гүлдер өлкесі» кітабы – Финляндияның мəдени, рухани 

тоқырауды  жеңіп,  мемлекет  ретінде  жаңа  мəдениет  сатысына 

көтерілуінің хикаясы. Бұл кітап өз мемлекетінің даму жолында қандай 

бағыт  ұстану  керектігін  көрсететін  бағдаршам  іспеттес.  Бұл  кітап  – 

күллі  түркі  жұртының  жастары  үшін  батыс  өлкелерінің  өткені  мен 

бүгініне  жақыннан  үңілуге  мүмкіндік  беретін  таптырмас  туынды.

Оқырман кітаптан керегін алар деген үмітпен ...

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет