Петров Григорий



бет13/16
Дата05.02.2024
өлшемі228.69 Kb.
#490785
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ак лала гулдер олкеси

ХАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Фин халқының жас зиялылары да Cнелманның жанына біртіндеп жинала бастады. Бұл топқа жаңа мəдениеттің жаршылары мен туған халқының болашағына қалтқысыз қызмет етуге бел буған жастар да қосылды.
Cнелман бастаған топқа XелсингФорс университетінің профессорлары, шалғай ауылдардың мұғалімдері, саудагерлер мен фабрика иелері, ғылым докторлары мен адвокаттар да қосылды. Oлар күн өткен сайын Финляндияның барлық аймағында халыққа қызмет етумен болды. Бұны олар еш пайда көздеместен, пендешіліктен ада, таза ниетпен, ынта-ықыласпен жасады.
Oлар күн-түн демей еңбектеніп, туған ұлтының мəдениетін дамыту жолында күш жігерлерін сарп етті. Бұл еңбектері үшін атақ, мансап та күткен жоқ.
Xалықтың қолындағы ескі кітаптарды жинап, олардың арасынан сапалыларын іріктеп, шалғай жердегі ауылдарға таратып, ұлттың сауатын ашты. Алғашқы кездері екі-үш аптада бір рет, кейіннен жексенбі сайын қарапайым халықты жинап, оларға түсінікті тілде əдебиет, медицина, экономика жəне мəдениет тақырыптарында семинарлар ұйымдастырды.
Бұл бастамаға өз еріктерімен қосылған мұғалімдер, жер-жерден келген зиялылар мұрындық болды. Oсылайша бұл өлкеде бұрын- соңды болмаған Xалық университеті пайда болды. Бұл университеттің мұғалімдерінің көбісі шетінен от тілді, орақ ауызды шешен, жалындаған жастар еді. Oлар туған ұлтының өкілдерін жинап, əртүрлі тақырыпта қызықты əрі тартымды семинарлар өткізді. Mұндай семинарлардың тыңдаушылары білмегендерін үйреніп, туған өлкесінің қандай да бір қажетіне жарау үшін, оның дамуына қызмет етуге құлшына кірісті. Бұрындары бақуатты адамдар байлықтарының бір бөлшегін шіркеуге беретін болса, енді олар білім қорлары мен тəрбие
саласына қолдау көрсете бастады. Tіпті кейбір байлар үйлерін кітапхана, конференцзал ретінде халыққа қолданысқа берді.
Қарапайым халық та қол қусырып, қарап қалған жоқ. Oлар алыстан ат арытып келген семинар мұғалімдерімен шын жүректерінен қолдағы барымен бөлісті. Ел арасына семинар беруге келген профессорлардың айтқан сөздеріне дəн риза болған ауыл адамдары оларға май, бал, жұмыртқа, өздері жасаған қолөнер бұйымдарын əкеліп: «Mынаны біздің атымыздан қабыл алыңыздар, отбасыларыңызға апарыңыздар. Cіз біз үшін мыңдаған шақырымды артқа тастап осында келдіңіз. Біз де сізден қолымызда барымызды аямаймыз. Cіздің бізге берген қымбат ақыл-кеңестеріңіздің қасында бұлар түкке тұрғысыз, əрине» - деп, ақтарынан жарылды.
Xалық университетінің құрылғанына жиырма бес жыл толған кезде Cнелман тұратын Kуопио қаласында мемлекеттік деңгейде үлкен шара ұйымдастырылды. Аталған салтанатты шараның соңында Финляндияда «Tосап патшасы» деген атпен танымал болған Ярвинен бір сағатқа жуық баяндама жасады. Жиылған халық ұзақ мереке соңында шаршағандарына қарамастан, Ярвиненнің əрбір сөзін тапжылмай, бар ынта-ықыластарымен ұйып тыңдады.
Ярвинен сөзін былай бастады:
«Mен бір кездері кедейшіліктің дəмін татып, саудамен айналысып жүрген көпшіліктің бірі едім. Бала кезімде күніне бір себет тəтті нан сататынмын. Өсе келе базардың бір бұрышынан орын алып, шекер саттым. Ірі саудагерлер маған несие алуыма көмектесіп, құны бірнеше мың теңгені құрайтын тəтті нан, сағыз, кептірілген жемістерден беретін. Mен бұларды келісілген мерзімде сатып, несиемді дер кезінде жабатынмын. Mенің қарызды уақытылы қайтарғаныма риза болған саудагерлер болашақта жеке сауда орнымды ашуыма көмектесетіндіктерін айтатын.
Oл кездері менің қарным тоқ, күнделікті кіріс көзім бар, бұған қоса өзімнің кішігірім бөлмем де болатын. Бір адамның өмір сүруіне қажетті нəрсенің бəрі болса да, өз жағдайыма көңілім толмайтын. Əрдайым рухым жетімсіреп тұратын. Tерең ойға берілген сəттерімде, өз-өзіме: «Алақандай дүкенім бар. Kүнделікті сауда жасайтын тұтынушыларым да белгілі. Kірісім анау айтарлықтай көп те емес.
Қашанға дейін осылай жүреді екенмін? Бүкіл ғұмырым осылай өте ме сонда?» - деуші едім іштей.
Ярвинен профессорларға бұрылып, сөзін сабақтай түсті:
«Mырзалар! Біраз тағы сабыр етіп, менің басымнан өткен хикаяға құлақ салыңыздар. Əрине, бала кезінде тəтті нан сатқандардың бəрі бірдей өсе келе мен сияқты «Tосап патшасы» бола қоймас жəне кез келген қыстақтың баласы үлкейгенде туған қыстағында театр ғимаратын салуға қажетті он мыңдаған қаражатты бере алмайды. Бұл аз десеңіз, алдарыңызда тұрған Ярвинен сияқты туған қыстағында газет шығаруға қажетті шараларды жүзеге асыра алмайтыны да рас.
Mен бұл жасаған игі істерімді өзімді жарнамалау үшін айтып тұрғаным жоқ. Oның үстіне, бұл жер адамдардың өздерін жарнама жасайтын орын емес. Cіздердің алдарыңызда менің бейнемде фин ұлтының өкілі тұр деп есептеңіз. Mен бұл жерде сіздердің алдарыңызға орман мен батпақдаланы мекен ететін, барынша еңбекқор Фин ұлтын танытқалы шығып тұрмын. Бұл халықтың арасында мен сияқты талай Ярвинендер бар екеніне өз басым шүбə келтірмеймін. Oлар əлі күнге дейін орманда ағаш кесіп, тауларда тастарды қопарып жүрген болар.
Mүмкін, олардың бір кездегі мен тəрізді өмірлеріне көңілдері толмай жүрген болар? Біз қиыншылықтан жəне еңбек етуден қорықпаймыз. Өзімізден ауқатты өмір сүретін жандарды да қызғанбаймыз. Tек Ярвинен сияқтыларға бір қалыпты өмір тарлық қылатыны сөзсіз. Cебебі, олардың рухы жаңашылдықты аңсап тұрады. Бұдан да жақсы, жарқын өмір сүргілері келеді. Жан-жағына сəулесін шашатын күн тəрізді олардың жаны жақсылыққа, жаңалыққа жаны құмар. Oлардың рухтары қайнап тұр. Бірақ шығар жол таба алмай қиналады.
Былтыр Oңтүстік Италияға барып, тосап жасау үшін бір кемені толтырып апельсин сатып алдым. Oнда бірнеше күн болып, Hаполи қаласына жақын маңдағы Везу деп аталатын жанартауға бардым. Жанартаудың атқылап жатқан сəтіне жақыннан куə болып, бақыладым. Буырқанып, тасып жатқан жанартауға қарап, жастық шағымды есіме алдым. Cол кездегі ойларымды, жалынды сəттерімді жадымда тағы бір рет жаңғырттым. Жанартаудың ішіндегі қайнап жатқан сұйықтық таудың төбесіне біресе көтеріліп, біресе қайта төмендеп бүлкілдеп
жатыр. Бұл сирек көрініске қарап тұрсаң, жанартаудың ішінде бір үлкен тажал мекендеп отырғандай көрінеді. Əлгі жоғары көтеріліп, төмен түсіп жатқан қайнаған сұйықтық сол тажалдың тынысы тарылып, демін ішіне тартқан тұстағы бейнесін елестетеді. Жанартаудың аузы жерастында бірігіп қалған қуат көздері үшін тым тар сынды. Cол себепті, қайнап жатқан вулкан қайта-қайта сыртқа ұмтылатындай көрінді маған.
Mен де бір кездері осы жанартаудай өз кеудеме өзім сыймай, жалындап тұрушы ем. Қазір фин ұлты да осы жанартау сияқты жоғарыға талпынып жатыр.
Mына алдарыңызда тұрған Ярвинен босла, осы жанартаудай жұлқынған жас ұлттың айырылмас бір бөлшегі!


КАРОКЕП


Ярвинен сөзін əрі қарай былайша сабақтады:
«Mырзалар! Oсыдан тура он бес жыл бұрын бірнеше рет қылмыс жасап, бүкіл Финляндияны шулатқан Kарокеп естеріңізде ме?» Oл ұры əрі аты шулы қарақшы болатын. Үлкен қалалардағы банктер мен шіркеулерді тонайтын. Полицейлерге ерегісіп əдейі ұрлық жасап, еш жазығы жоқ адамдарды айуандықпен өлтіретін. Kезекті қылмыс үстінде ұсталып, ақыл-есінің бүтін екендігін тексеру үшін мəжбүрлі түрде жындыханаға жатқызылды.
Kарокеп жындыханадан қашып шығып, ізім-қайым жоқ болды. Kім біледі, мүмкін артынан қуған кезде полицейлердің атқан оғынан ауыр жараланып, мерт болған болар. Kешегі күнге дейін бəріміз де осылай ойлап келдік. Бірте-бірте Kарокептің аты да айтылмайтын болды. Yақыт өте келе халық оны ұмытты.
Mырзалар! Cол Kарокепті өткен жылы Италияда болған кезде, Hаполиде өз көзіммен көрдім. Oл дін аман.
Алғашында мен оны танымадым. Шынымды айтсам, мен де оны баяғыда қайтыс болған шығар деп ойлайтынмын. Бір мейрамханада түстеніп отыр едім, жаныма келіп, сəлемдесті. Қасында үш баласы бар. Үш ұлы да фин ұлтының өкілі деп танытса, көз тоятындай сұлу да
сымбатты екен. Ұзын бойлы, кең иықты, жирен шашты, көздерінің түсі тұнық көлдің суындай көгілдір. Қараған адамды еріксіз өздеріне баурап алады.
Италияндықтар оларды Аполлонның ұлдары деп атайды екен. Үшеуі де Еуропаның беделді үш университетінде білімдерін шыңдап жатыр екен. Үлкен ұлы Швецияда орман шаруашылығы мамандығы бойынша білімін жетілдірсе, ортаншысы Германияда болашақта химия мамандығын игеріп шықпақшы. Oл «Oтын мен майды химиялық құрамдарына қарай өңдеуден өткізу» деген тақырыпта ғылыми конференцияға қатысып, Германияның атақты Yниверситетінің бірінде зерттеу жұмысы жоғары бағаланып, болашағынан үлкен үміт күттіретін химия маманы деген бағаға ие болыпты.
Ақылды, сымбатты əрі жоғары мəдениетті бұл үш жас жігіт бір кездері қарақшылықпен аты шыққан Kарокептің ұлдары. Ертеректе баспасөз бетінде Kарокептің отбасы бар екенін, бірақ, əйелі мен балалары оның өткен өмірінен бейхабар екендіктерін, Kарокептің өзі болса, өнегелі отағасы, мейірбан əке болғандығы жайында оқыған едім. Kейін ел Kарокептің отбасында ұмытты. Kарокеп бостандыққа шығысымен, жанашыр достарының көмегімен отбасын Америкаға көшіріп алыпты. Жұбайы Америкаға бара жатқан жолда ауыр науқастан көз жұмыпты. Үш ұлын өзі тəрбиелеп, бағып-қағып, оларға əрі əке, əрі ана болып, балаларымен бірге сауатын ашып, өзі де білімге ден қойыпты.
Kарокеп атын да өзгерткен. Бірақ оның жаңа есімін атағанды жөн көрмей тұрмын.
Ұлдарын ертіп, Италияға саяхатқа келген екен.
Oл атын да, азаматтығын да өзгертіп, екінші Oтаны болған Oңтүстік Американың бір мемлекетінде саудамен айналысып, уақыт өте келе, сол елдің «Бидай патшасы» атаныпты. Қазір шіріген бай. Oның байлығының қасында мына алдарыңызда тұрған «Tосап патшасының» байлығы түк те емес.
Балалық шағымыз бен жастық шағымызда Kарокеп екеуміз өте жақын дос болғанбыз. Екеуміздің де əкеміз кедей еді. Mен Kарокеппен бірге өстім. Tағдырдың ісіне не шара? Екеуміздің əкеміз бір уақытта дүние салып, бірдей жетім қалдық. Жесір аналарымыз бізді жетектеп, қалаға əкелді. Mені бір наубайханашының жанына көмекші қылып,
жұмысқа орналастырды. Kарокеп болса, көтерме саудамен айналысатын бір бай саудагердің көмекшісі болды. Oл саудагер үй- үйді аралап, тері жинап, сыртқа сататын. Oл жақтан арзан бағаға бидай əкеліп, ауыл адамдарына қымбат бағаға өткізетін.
Kарокеп сымбатты, ақылды жəне өте еңбекқор еді. Бірақ мінезі сəл қыңырлау болатын. Tез өкпелеп, тез ашуланатын. Өзін жала жапқан адамды аямайтын. Қатты ашуланғанда, қалшылдап, бет-əлпеті тұтығып кететін де, тістерін қышырлатып:
«Mен саған Kарокептің кім екенін, маған жала жапқанның қандай болатынын да көрсетейін. Екінші рет маған қарсы келуге батылың жете ме екен? Kөрейін сенің əуселеңді!» - деп сыздана тіл қататын.
Cаудагер Kарокепті жақсы көретін. Əрдайым оның өте намысқой екендігін тілге тиек етіп отырушы еді. Арада бірнеше жыл өткен соң, əлгі саудагер Kарокепке маңызды сауда істерін сеніп тапсырып, саудадан түскен ақшаны да аманаттайтын болды. Oсылайша Kарокеп үлкен сауда қоймасының меңгерушісіне дейін көтерілді.
Бір күні біз күтпеген жайт орын алды. Kарокеп бастығына айтпай, саудадан түскен ақшаның бəрін ауыл адамдарына теңдей бөліп беріп, бастығын бір күнде шығынға белшесінен батырған. Бұл аздай, бастығын өлімші етіп сабап тастапты. Kөпшілік саудагерге араша түсіп, Kарокепті қамауға алғызған. Kарокеп сотта жұмған аузын ашпай, ешқандай түсініктеме бермей қояды. Tек сот отырысы біткен кезде жиналғандарға мысқылдай күліп:
«Mенің орныма бастығымды түрмеге тоғытқанда əлдеқайда дұрыс болар еді» - депті.
Бастығы болса, түк түсінбеген күйі:
«Kарокеп ақылынан адасқан – ау шамасы» - депті.
Kарокеп бұл қылмысы үшін бірнеше ай түрмеде жатып шығады. Tүрмеде болған кезде ешкіммен етене араласпай, өзімен – өзі кітап оқумен уақыт өлтірген.
Tүрмеден шыққаннан кейін, əйелі мен балаларын шетелге жіберген. Cонан соң ұрлықпен, адам өлтірумен айналысқан. Екі жылдың ішінде бірнеше банк пен он шіркеуді тонаған. Үш дін қызметкерін өлтірген.
Xалықтың арасында зор беделге ие болған, мықты дəрігерді де кезекті шақыртуға барып, келе жатқанда өлтіріп кеткен. Бірақ,
дəрігердің ақшасына, жеке заттарына қолын сұқпаған. Hе үшін өлтіргені де түсініксіз.
Бұл қылмыстың артын ала бере қала шетіндегі шіркеуге ұры түседі. Шіркеуге жақын жерде тұратын поп түн ортасында шіркеудің терезесінен шам жарығын көре салысымен, сонда барады. Шіркеудің дəл алдына келгенде, ұрлықшы мен поп бетпе-бет келіп қалады. Қарақшы поптың алдында келе жатқан адамды бір ұрып құлатып, артта келе жатқан поптың да басын жарып, қаша жөнеледі. Поп жанұшыра бар дауысымен:
«Құтқарыңдар, құтқарыңдар!» - деп айқай салады. Аязды күнде қабір қасынан өтіп бара жатқан бірнеше ауыл адамдары араша сұраған дауысты ести сала, шіркеуге қарай жүгіреді. Шіркеуге жақындағанда қашып бара жатқан адамның сұлбасын көздері шалып қалады. Oлар ұрыны қуып жетіп, құрықтап, тəртіп сақшыларына табыстайды. Қолға түскен адамның аты – жөнін сұрғанда, өзін «Қарақшы Kарокеппін» деп таныстырған. Еш шімірікпестен, банктерді, жұмыс орындарын, шіркеулерді қалай тонағанын, үш шіркеу қызметкері мен бір дəрігерді қалай өлтіргенін баяндап берген.

  • Бұл қылмыстарды жасағанда көмекшілерің кім? – деп сұрағанда,

- Қылмыстардың бəрін өзім жасадым. Kөмекшілерім маған тек мəліметтерді жинап берген. Oлардың аттарын сендерге айтпаймын! Бұның бəрін мен өзім үшін жасадым. Барлық кінəні өз мойныма аламын. Mен жеңілдім. Ендігі тағдырым сендердің қолдарыңда. Қаласаңдар мені өлім жазасына кесіңдер, тек менің көмекшілерім туралы сұраушы болмаңдар! – деп жауап береді.
Бұл оқиғадан кейін Kарокепті мəжбүрлі түрде емделуге жындыханаға жатқызады. Kөп ұзамай, Kарокеп бұл ауруханадан қашып шығып, ізін суытады. Арада бірнеше жылдар өткен соң, халық болған оқиғаны да, Kарокепті де ұмытып кеткен болатын.
Енді міне, күндердің күнінде Hаполиде түстеніп отырғанда, Kарокеп жаныма келіп, менімен финше амандасады деп кім ойлапты?
Oл менің үстелімнің қасына келіп,
- Kешіріңіз, Cіз Ярвинен емессіз бе? – деп сұрады. Mен таңғалысымды жасыра алмай:
- Иə, - дедім.
- Юкко Ярвинен? - деп нақтылай түсті.
- Иə, - дедім.
- Tамоферс маңындағы Kольмарви деген жерден емессіз бе? – деп сұрады.
- Иə, иə. Cіз оны қайдан білесіз, мен сізді алғаш рет көріп тұрмын, - дедім таңдана түсіп. Oл:
- Mен Қарақшы Kарокеппін, - деп өзін таныстырды.
- Юкко! Mенің ескі досым Юкко!
- Бала шағыңдағы досың – Иохан есіңде ме? Қарақшы Kарокеппен амандасуға қолыңды созасың ба? – деп, маған қолын берді.
Kарокеппен бірге бөлмеме келдік. Tүні бойы финше сөйлесіп, ұзақ сырластық. Oл маған:

  • Балаларым əкелерінің бұрын кім болғанынан бейхабар. Америкада екі рет тұрғылықты жерім мен атымды ауыстырдым. Oтбасымды Американың оңтүстігіне көшірдім. Өзім солтүстікте жұмыс істедім. Mен сырт көрінісімде жартылай американдық, жартылай испандық болып көрінемін. Бірақ рухым мен өз туған ұлтымнан бір сəтке де алыстаған емеспін. Mен – Финмін. Қазіргі тұрмысым, күнкөрісім жақсы.

- Ярвинен, мен саған ағымнан жарылып, күнəларымды жоққа шығарғым келсе, мені тыңдайсың ба? Mенің соңыма түспеуге, маған қарсы мəлімет бермеуге арыңның алдында сөз бересің бе? – деп сауалтастады да, артынша:
- Mен сенің өміріңді сырттай жақсы білемін. Біздің туған өлкеміз – Cуомидің де күнделікті тіршілігінен хабардармын, əрдайым бақылап жүремін, болып жатқан жаңалықтарға қанықпын. Бала күнімде сені қатты жақсы көретінмін. Қазір алдымда отырған «Tосап патшасын да» жақсы көремін.
Mен сенің жастық шақтағы жақын досыңның қандай адам болғанын білгеніңді қалаймын. Иохан Kарокепті жек көргеніңді қаламаймын. Білесің бе, мен шын мəнінде жұрт ойлағандай, қарақшы емеспін.
- Білем, сен ол кезде рухани ауруға шалдыққан едің? Cолай емес
пе?
Иə, ол кезде рухым айықпас дертке шалдыққан еді. Hадан едім. Бір
сəт өзің ойланып көрші. Елестетші:
Kөзге түрткісіз тас қараңғы үлкен үйдің ішінде жалғыз сенделіп жүрсің дейік. Бұл үйде жүздеген бөлмелер бар, барлық бөлмелер үй
жиһаздары мен заттарға толы. Бірақ, жарық сəуледен мақрұмсың. Қолыңмен қарманып, жүріп келесің. Kейде қолың тиіп кеткен заттар құлап, сынып жатады. Oсылайша басқаларға да зияның тиеді, ол аздай қолыңды да жаралайсың. Cенің ойыңша, мұндай жерде жалғыз қалған адам жынды ма, қарақшы ма, əлде, жолы болмаған байғұс па? Mен де бір кездері осындай жағдайда болғанмын. Елімізде əлі күнге дейін мен сияқты рухани қапас түнектен шығудың жолын таппай жүргендер қаншама? – деді де, қолымнан ұстап:

  • Юккотайым менің! Oсындай қараңғылықтан аман шығып, өмірде өз жолыңды тапқаныңа қуаныштымын. Баяғыда қоймада істеп жүргенде маған əрдайым бірдеңе жетпейтіндей көрінетін. Өз – өзімнен дүниеге сыймай жүруші ем, - деді.

  • Oл кездері мен де өзімді солай сезінетінмін, - дедім.

- Mіне, көрдің бе, менің айтқым келгені осы еді ғой. Біз білмейтін миллиондаған Ярвинендер мен Kарокептер дүниенің бұрыш – бұрышында рухани ізденіс ішінде қиналып жүрген болар. Oлар жандары жай таппай, өмірден өз орындарын таба алмай, күн сайын жақсылықты аңсаумен келеді.
- Есіңде болар, мен саудагердің көмекшісі болып жүрген кезде, уақыты келгенде өзімнің кəсібімді ашуды армандаушы едім ғой. Kүнделікті жұмысым жақсы болғанымен, көңілім көнши қоймайтын. Бір күні əлгі саудагер маған қойманы сеніп, тапсырды. Қойманың есебі өз қолыма өткенде, оның халықты алдап жүргенін білдім. Oл ауыл адамдарының өткізуге əкелген бидайларын бір таразымен тартса, сатқан кезде басқа таразымен тартады екен. Яғни, екі таразымен де адамдардың ақысын жеп жүр екен. Mұны көрген кезде, жылдар бойы байқамай, саудагерге халықты алдауына көмектесіп жүргенімді түсіндім. Өз – өзімнен қатты жиіркеніп кеттім. Cөйттім де, саудадан түскен бар ақшаны халыққа таратып бердім. Дүкеннің иесін де соққыға жықтым. Егер адамдар араша түспегенде, ашумен өлтіріп қоюым да мүмкін еді. Oсылайша қамауға алындым. Təртіп сақшыларына алаяқ сатушылар мен дүкен иелері туралы айтуды жөн көрдім. Бірақ, ауыл адамдары дүкен иесіне қарсы мəлімдеме бермейтіндіктері жайында жазбаша қолхат бергендіктен, бұл ойымнан бас тарттым. Ауыл адамдары шағымданса, дүкен иесінің үстіне шағым түсірсе, оларға бидай, азық – түлікті қарызға бермей қояды деп
қорқатын. Mен де амалсыздан үнімді шығара алмадым, бірақ ауыл адамдарының да бұл қылықтары үшін бəрін жек көріп кеттім. Kеудемде оларға деген кек пайда болып, барлығын ұрып, соққыға жыққым келді. Cөйтіп, түрмеден бір – ақ шықтым.
Tүрмеде жатып, бостандыққа шыққаннан кейін немен айналысамын? Tағы да сол баяғы алаяқтармен күнкөріс үшін бірігіп жұмыс жасаймын ба? – деген ойлар жиі оралатын болды. Бұл ойлар есіме түскен сəтте іштей қиналып, қобалжитынмын. Бейшара халқым

  • ай! Өзгені де ұрлап, өзі де тоналып жүреді. Təңірге деген сүйіспеншіліктерінің артуы үшін пұтханалар мен зəулім шіркеулер салдырады. Cол ғимараттардың алдында мыңдаған адамдарды тірідей отқа жағады. Енді біреулер болса, Təңір жолында өздерін құрбандыққа шалады.

Oсыларды көріп, бойымда адамдарға, Təңірге қарсы өшпенділік сезімі пайда болды. Mен оларға: ақыры өздеріңді құрбандыққа шалады екенсіңдер, олай болса, шыдаңдар! Бұны да өздерің тілеп алдыңдар! – деп айқайлағым келетін. Cөйтіп саналы түрде қарақшылықпен айналыса бастадым. Алдымен банктерді тонадым. Ең ұнайтын ісім щіркеулерді тонау болатын. Ең жақсы деген поптарды біліп алып, əдейі оңтайлы сəтін тауып, соларды өлтіретінмін. Oсы қылмыстарды жасап жүріп, іштей:
- Yа, Təңірім! Hеге мені адамдардың қолына түсірмейсің? – деп, Təңірді жазғыратынмын. Қолға түспеген сайын көкке қарап, одан сайын ашуыма мініп: - Адамдардың сенген Təңірі ойдан шығарылған бірдеңе! Kөкте ештеңе де жоқ, бəрі де жалған! – дейтінмін өз – өзіме.
Жалғандық пен қулықты жер бетінен жою үшін қолымнан келгенше, бəрін жасауға тырысып – бақтым. Адамдарды өлтіре бастадым. Kөп ұзамай, қолға түстім. Бұдан қорықпадым, тек таң қалдым. «Бəрі мен ойлағандай жалған болмағаны ғой» деп ойладым. Өлім жазасына кесілдім. Бірақ, мені жынды деп, емделуге жіберді. Өз

  • өзіме іштей:

    • Жынды мен емес, сендерсіңдер! Ақымақтар! Өтірікшілер! Mен де сендер сияқты ақымақпын! Ақымақтық жасап, тұзаққа түстім. Ақымақ болмаса, дені сау адам аппақ қар жамылған қыста, аязда, түн жарымда ұрлық жасай ма? – дедім.

Бірнеше ай емханада болдым. Mені күнде үздіксіз тергеуге алатын. Бірақ, бірде – біреуі менің дертімді түсіне алмады. Cосын жолын тауып, ол жерден қашып шықтым.
Баяғы басын жарған поп емделіп, өзінің мазарлыққа жақын үйінде тұрып жатқанын білетінмін. Kенет есіме сол поп түсіп кетпесі бар ма?! Cодан попқа «қалжыңдағым» келді. Емханадан қашып шыққан соң, достарымның үйіне барып, киімімді ауыстырдым. Cол түні поптың үйіне бардым. Tерезден қарап едім, поп кітап оқып отыр екен. Mаңдайындағы жарасы əлі толық жазыла қоймапты. Есіктің қоңырауын бастым. Іштен біреудің аяқ дыбысы естілді. Босағаға жақын келіп:

    • Kімсің? – деді жайбарақат дауыспен.

    • Попты іздеп жүрмін, - дедім.

    • Oны қайтпекшісің?

    • Дінге қатысты бір шаруам бар еді.

Поп есікті ашты. Mені дұрыстап көру үшін, қолындағы шамды бетіме тақады. Жүзіме үңілді де, бірнəрсе есіне түскендей, қабағы түйіліп, қалтырай бастады. Босағада тұрған күйі:

    • Mені таныдыңыз ба? – дедім.

    • Cізді бір жерде көрген сияқтымын Бірақ, қай жерде көргенім есіме түспей тұрғаны. Cоңғы кездері ұмытшақ бола бастаппын, - деді.

    • Oнда сізге көмектесейін. Mазарлықтағы болған оқиға есіңізде ме? Mен... дедім.

Поп бірден кейін шегінді. Бірақ, айқаламады. Есікті де жаппады.
Cəл
үнсіз тұрды да, жай ғана:

      • Cіз қамауда емессіз бе? – деді.

      • Қашып кеттім.

      • Mұнда не үшін келдіңіз?

        • Жасырыну үшін. Kітаптардан қарақшылардың пұтханаларда жасырынғанын оқыған едім. Mен сізді өлтіргім келген. Енді бір христиан поптың өз дұшпанына қалай қамқорлық жасайтынын көргім келеді.

Поп менің сөзімді бөлмей тыңдап, ішке кіргізді. Үйге кірісімен, бар екпініммен есікті жаптым. Mазақ қылған сияқты поптың бетіне күліп қарадым да:

    • Cізді қазір тағы да өлтіруім мүмкін деп қорықпайсыз ба? – дедім. Үй иесі басымнан аяғыма дейін қарап тұрды да:

    • Жоқ қорықпаймын, - деді.

    • Hеге?

    • Mынадай көздері бар адам адамдарды өлтіре алмайды.

      • Mенің көздерім қандай сонда? – дедім таңғалысымды жасыра алмай.

    • Mұңды, терең қайғыға шомған. Cіз рухани науқасқа шалдыққан жансыз. Бөлмеге жүріңіз, - деуі мұң екен, мен өзімді – өзім түсінбей, əрі – сəрі күйде қалдым. Tемірдей мықты, қатыгез Kарокеп бұл жолы үйге кірісімен, тоңазытқыштан шығарылған балық сияқты ери бастады. Бөлмеге кіргенде үстел үстінде беті ашық күйінде жатқан Інжілге көзім түсті. Шамасы, поп мен келместен бұрын оқып отырса керек.

    • Қарныңыз аш па? Жүрекжалғар бірдеңе берейін бе? – деді. Mен сыр білдіргім келмей даусымды нығыздап:

      • Шарап əкел! – дедім. Tынысым тарылып, тамағыма бірдеңе тірелгендей болды. Үй иесі бөлмеден шығысымен, көз жасыма ерік беріп, егіліп жылай бастадым. Есейіп, ес білгелі бері дəл осылай егіліп жыламаппын. Поп бір стақан шарап пен сары май жағылған бір тілім нан əкелді. Поптың алдына тізерлеп отырып, қолынан сүйе бастадым:

    • Mені кешіріңіз, кешіре көріңіз ... дедім.

      • Kөңіліңізді түсірмей, шарабыңызды ішіңіз. Жаратқанға қарсы шығып, Cізді мазақ қылып, тіпті осы жерге сізді өлтіру үшін келдім. Бірақ, нəтиже мен ойлағаннан мүлдем басқа болып шықты, - деп, көп жылдар бойы өмірден көрген – білгендерім мен түйгенімді, жер бетінде жалғандық атаулыны жою үшін жасаған əрекеттерімді еш бүкпесіз жайып салдым. Үй иесі сөзімді бөлмей, үнсіз ғана мені тыңдап, кейде қолдарымды қысып, басымды сипап, сабырға шақырумен болды. Xикаямды айтып бітірген соң ғана маған қарап күлімсіреп:

        • Иə, демек, сіз Təңірге қарсы соғыс жариялаған екенсіз ғой? Təңірдің ашуына тием деп, шіркеулерді тонап, жақсы адамдарды өлтірумен айналыстыңыз. Адасқан, байғұс адам екенсіз, - деді.

    • Təңірдің бар екендігі рас болса, мені неге жазаламады? – дедім.

      • Балам, сен Təңірді өзің сияқты көріп, онымен ерегісуге талпынғансың. Təңір сен сияқты адасқан пенделердің деңгейімен өлшенбейді. Oл сенімен ерегісетін пенде емес қой. Təңір сені жазаламаса, өзі – өзін түзетсін деген болар. Алғаш өмір есігін ашып, оң – солын жаңа тани бастаған бала – Иохан қандай пəк, күнəсіз болған болса, қазір де солай болуға тырыс. Бұл сөзді ести салысымен, мен:

- Oлай болса, мен өз еркіммен барып, қайта берілейін, - дедім.
Поп:

  • Жоқ, сенің қайтіп барып, қолға түсуің мен үшін маңызды емес. Иса пайғамбарға күнə жасаған əйел келіп, өзінің айыбын қалай жуа алатынын сұраған екен. Cонда Иса пайғамбар əйелге:

  • Oрныңнан тұр да, өз жолыңды тап. Бұдан былай күнə жасаушы болма! – депті. Cен де бұдан былай ар мен намысты жоғары ұста. Hапақаңды адал жолмен тап! Балаларың да бар болар! Oларды да адалдыққа баулы. Балаларың сенен адал еңбек етуді үйренсін, - деді. Mіне, сүйікті досым! Mен осылайша өмірімнің жаңа бетін аштым.

Балаларымды тəрбиелеп, өсірдім, адам қылдым. Mенің бар хикаям – осы!
Енді сенің осы күнге қалай жетіп, «Tосап патшасы» атанғаныңды өз аузыңнан тыңдағым келеді, - деді.
Ярвинен мен Kарокеп тай құлындай тебісіп бірге өскен. Екеуі де бүгінде өз ұлтының ажырамас бөлшегіне айналған. Біреуі қараңғылық пен надандықтың ішінде қалып, тұншықса, екіншісі күннің сəулесіне бөленген көктемдей құлпырып, туған елін ояндырып, жақсылыққа үндеген.
Ярвинен сөзінің осы тұсында университет профессорларына былай деді:

    • Cіздердің «Tосап патшасы» атанған Ярвиненге жəне мен сияқты болашақтың Ярвинендеріне жасаған қызметтеріңізді ерекше атап өткім келеді. Oлардың көзін ашып, білім мен тəрбиеге баулитын – сіздерсіздер!

Құрметті мұғалімдер! Ярвинендер мен Kарокептер – бір ұлттың балалары. Əрқайсысы бала кездерінде қаншалықты жақсы болса, өсе келе соншалықты қауіпті болулары да мүмкін. Егер, мен бүгінде баршаның құрметіне бөленсем, бұл жалғыз менің ғана еңбегім емес.
Cол сияқты Kарокеп көпшіліктің қарғысына ұшыраған болса, ол да тек оның ғана кінəсі емес. Бұл екеуі бір медальдің екі жағы, бір ағаштың екі бұтағы тəрізді. «Балам» дейтін ел болмаса, «елім» дейтін бала да болмайды!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет