Əлібек Есенов, Қазақстан білімін зерттеу мен жетілдіру ассоциациясының президенті.
P.S. Кітап білім саласында 7 жылдан астам жұмыс жасап келе жатқан жəне де мектеп білім деңгейін заманауи технология мен үздік халықаралық тəжірибе арқылы мектеп білім беру сапасын жақсартуға ұмтылып келе жатқан «Ustudy» компаниясының қолдауымен шығарылды.
Кітап жайлы қысқаша мəлімет
Oрыстар мен шведтердің отаршылдығында болған Финляндия қазіргі таңда бəсекелес елу елдің алдында шығып, өз тілін, мəдениетін сақтап, өркениетті ел болып отыр. Жерінде мұнай, газ сынды өзге де табиғи қазба байлықтары жоқ бұл елдің адамдары өздерінің еңбекқорлығы мен терең білімділігінің арқасында əлемді таң қалдырып жатқаны белгілі. 1923 жылдары бұл елдің халқының ынтасы мен талпынысын байқаған священик Григорий Петров «Ақ лала гүлдер өлкесі» атты кітабын жазды. В.И.Ленин Петровты «демагог» деп атаса, Kеңес дəуірінде оқылуға тыйым салынған бұл кітап 2004 жылы тұңғыш рет орыс тіліне аударылды.
Финляндия (Suomi) мемлекеті Астанасы – Хельсинки қаласы Тəуелсіздік алған күні – 06.12.1917 ж. (РСФСР құрамынан)
Жер көлемі – 338145 шаршы метр Халқының саны – 5323489 адам
Адам басына шаққанда ЖІӨ 35 мың евродан асады. Дамыған салалары: ұялы телефон (Nokia), интернет жəне қағаз өндіруден дүние жүзінде бірінші орында.
Достарыңызбен бөлісу: |