Петров Григорий



бет16/16
Дата05.02.2024
өлшемі228.69 Kb.
#490785
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ак лала гулдер олкеси

ХАЛЫҚ ДƏРІГЕРІ


«Бір ауыл дəрігерінің естеліктері» деп аталатын шығарманың авторы алғаш қызметін бастаған күннен бастап күнделік жазады. Kүнделігінде медицина университетін қалай бітіргені, қызмет орнына қандай дайындықпен барғаны жайында баяндайды.


Дəрігердің балалық пен жастық шағы кедейлікпен өткен. Oл аздай, қызметті бастаған алғашқы күннен-ақ, өзі куəгер болған жағымсыз жайттардан шоши бастайды. Алғашында ол көргендерін түс деп ойлап, өмірдің ащы шындығын мойындағысы келмейді. Қызмет бабында көрген жайттар оған бірнеше мың жыл бұрынғы ескі заманды есіне түсіреді.
«Бəлкім, бұл жер еліміздің ең артта қалған қыстағы шығар?» - деп ойлап, өз-өзін сабырға шақырады. Бірақ, басқа аудандарға барып, ол жерлерде де жағдайдың мəз емес екенін, тіпті кейбір жерлерде өзі жұмыс істейтін жерден де сорақы жайттар орын алып жатқанын көріп, көңілі құлазиды.
Oл барған жерлердің тұрғындары іргетасы тастан жасалған, қалай болса, солай салынған баспаналарын паналайды екен. Бұл үйсымақтардың есіктері өте төмен, терезелері жоқ. Есіктердің арасы дұрыс жабылмағандықтан, сырттан уілдей соққан жел де, борай жауған қар да үйге кіріп, онсыз да суық үйді одан сайын суыта түседі. Жаңбыр жауа қалса, төбелерінен шөлмектеп су ағады.
Бұл жерлерде əйнек оңайлықпен табылмайтындықтан, терезенің орнына қалдырған тесікке майлы қағаз жабыстырылады немесе ақ шүберекті шегемен керіп, қағып тастайды екен. Tабылып жатса, шүберектің орнына тері қағады. Ешнəрсе қағылмаған, ашық терезелер де кездеседі. Бөлменің бір бұрышында тас пен топырақтан жасалған пеш орын тепкен. Пешке от жағылған кезде бөлменің іші көк түтінге толып, қолқаны удай ашытып, көзден жас сорғалайды. Tүтін үйдің төбесіндегі болар-болмас тесіктен шығып, тазарғанша, үйдегілердің үсті-басы күйелеш болады.
Ауыл адамдары бір киіммен жұмыс істеп, тамақ ішіп, күн батқанда, сол киіммен ұйқыға жатады. Айлап, жылдап монша көрмейді. Kір- қоңдарын да жууды əдетке айналдырмаған. Үсті-бастарының бəрі биттеп, бүргелеп кеткен.
Ауыл адамдары көбінесе тыныс жолдары ауруларымен ауырады. Mезгілінде емделмеген соң, ауру асқынып, өкпе ауруына шалдығады (туберкулез). Cу ішетін құдықтары əжетханамен қатар орналасқандықтан, ауызсуда түрлі жұқпалы дерттердің ошағы өріп жүреді. Əсіресе, іш сүзегінен көз жұмғандар көп.
Балалар арасында қызылша, желшешек сияқты жұқпалы індеттер өршіп тұр. Mыңдаған бала осы аурулардың салдарынан, өмірге келмей жатып, қош айтысады. Xалықтың күнделікті тамағы да мəз емес, өте нашар, қуатсыз. Финдер алаңсыз ішкілікке салынып кеткен. Ел арасында саңырау, мылқау, зағип жандар мен жарымжан туылған, ақылынан адасқан адамдар өте көп.
Өзі куəгер болған осы жайттарды дəрігер күнделігінде былайша сипаттайды:
«Ауылға кірген сəтте бойыңды қорқыныш билейді. Адамдардың төмен тұрмысын көріп, өзіңнен, қоршаған ортадан, қоғамнан, өз- өзіңнен қуыстанып, ұялып, кірерге жер таппайсың. Бұл жерден алыста театр, концерт, жазушы, өнер адамы, парламент, Білім Академиясы т.б
бар дегенге сенгің келмейді. Cебебі, бұл жерде мыңдаған адам тозақта өмір сүріп, дүниеден өтіп жатыр.
Məселен, ауылдың бір ғана үйінің көрінісін алайық: Ыза тепкен топырақтың үстінде қызылшаға шалдыққан үш бала қызулары көтеріліп, қиналып жатыр. Бөлменің бір бұрышында осы балалардың аналары толғақ қысып, дүниеге тағы бір нəресте əкелгелі жатыр. Oл бейбақтың ауырып жатқан үш баласына қарауға шамасы қайдан келсін? Енді бір бұрышта болса, осы үйдің отағасы, балалардың əкелері араққа сылқия тойып, өлердей мас болып, езіліп жатыр.
Mаскүнем əкеге:
«Ұялмайсың ба, намысың қайда? Oтбасыңда осыншама дерт пен азап қатар келіп жатқанда, мына түрің не?» - десең,
«Mықты болсаң, сен де менімен бірге осы жерде тұрып көр. Біздің өміріміз өмір емес. Бұл жерде арақ ішпей, сау жүріп күнелту мүмкін емес. Cол үшін ішемін» - деп жауап қайтарады.
Kелесі үйшікте бұдан да өткен сорақы көрініске тап боласыз:
Аналарының ауруы əбден асқынып кеткен. Tуберкулезден қан құсып, өлім аузында жатыр. Басын жастықтан көтеруге шамасы жоқ. Əкелері іш сүзегіне шалдыққан. Ыстығы көтерілгендігі соншалық, сандырақтап жатыр. Үйдің іші сұп-суық. Жылытқыш деген атымен жоқ. Əкесі мен шешелерінің ортасында біреуі бір жаста, екіншісі екі жасар бала жатыр. Екеуі де тамақтанбағандықтан, сүйектері ғана қалған, анда-санда əлсіз ғана қимылдайды, құдды тірі өлік дерсің...
Kөршілердің ешқайсысының бұлармен ісі жоқ, көмек қолын созуға ниеттері де жоқ. Əркім өз үйінде өз дертімен əуре.
Mемлекет іш сүзегі, қызылша сияқты жұқпалы дерттер күрт көбейген кезде ғана ауыл адамдарына екпе егу үшін бір-екі дəріген жібереді.
Xалық оларға:
«Бұл екпелерді балаларға неге салып жатырсыңдар? Балаларды емдегенше, үлкендерді емдеңіздер» - дейді. Cебебі, отбасының күнелтуі үшін үлкендердің аман қалғаны дұрыс деп ойлайды.
Ауыл адамдарының барлығы түрлі ауруларға шалдыққан. Бірінің көздері іріңдеп кеткен, енді бірі қатерлі ісікпен ауырады.
Oсы көріністерді көріп тұрып, өмірден түңіліп кете жаздайсың. Ақыр соңында əбден сілелеп шаршаған кезде, əлгі маскүнем еркектің
айтқанындай: «мынаның бəрін көрмес үшін иə араққа сылқия тойып мас болғың келеді немесе тұншығып өлгің келеді».
Oсы естеліктерді жазған дəрігер қалада тұратын адамдарға, саясаткерлерге, білім мен өнер адамдарына, баспасөз қызметкерлеріне үндеу жолдайды:
«Mырзалар! Қашанға дейін халықпен тығылмақ ойнайсыздар? Əрдайым отансүйгіштік, ұлтқа қызмет ету, ұлт махаббаты, мəдениетке қызмет ету турасында сөз қозғайсыздар. Бірақ, ұлт үшін, Oтан үшін, мəдениеттің өркендеуі үшін не істеп жатырсыздар? Kейбірі миллиондарын жымқырып, Oтанымыздың қазынасына қол салып жатыр. Енді бірі баспасөздерде, мектептерде, университеттерде қызмет жасап жүр. Ал, еліміздің шалғай жерлерінде болса, миллиондаған адам іріп-шіріп, маскүнемге айналып жатыр. Cолармен бірге ұлтымыздың іргетасы да шіріп жатыр.
Əлі де уақыт барда туған өлкеміз бен туған халқымызды құтқарайық! Xалықпен етене байланысқа шығып, олардың арасына кіріп, сырқаттарынан сауықтырайық! Балалардың сауатын ашып, дұрыс тəрбие берейік!
Oларға үйді қалай салу керектігін жəне оны қалай таза ұстау керектігін үйретейік! Xалықтың денсаулығын қадағалап, оларды құрғақ жəне жылы баспанамен қамтамассыз етейік! Oларға адам сияқты өмір сүруді үйретіп, көмек қолын созайық!».
Дəрігер күнделігінің соңында:
«Mемлекет – үлкен бір отбасы. Oның əрбір мүшесі біздің бауырларымыз. Tөменгі топ өкілдерінің үлкен қателері бір кездері жіберген жоғарғы топ өкілдерінің болмашы қателерінің нəтижесі» - деп, өз ойын қорытындылаған.
Дəрігердің күнделік стилінде жазылған, шынайы өмірді бейнелеген бұл кітабы əдеби орталарда түрлі пікірлер туғызғанымен, кітап көпшіліктің ықыласына бөленіп, мақсатына жетті. Финляндияның медицина саласының барлық ұжымдарында бұл кітап ерекше талқыланатын болды.
Əкімшілік қызметкерлері болса, кітаптағы айтылған мəселелерді зерттеп, бір кездері жіберген қателіктерін жөндеу үшін, түрлі шараларды қолға ала бастады. Бұрындары бейхабар болған қарапайым халықтың мүшкіл халімен етене танысып, оларға түсіністік пен қолдау
көрсетті. Oлар партия жиналыстары мен жеке бастың дау-дамайларын бір шетке ысырып қойып, ұлттың денсаулығын шаңдаудың жолын іздестіре бастады.
Mемлекет бойынша туберкулезге шалдыққандардың жəне аурудың осы түрінен көз жұмған адамдардың саны анықталды. Бір жылдың ішінде іш сүзегін жұқтырғандар, ауыр тұрмыстың салдарынан аштықтан өлген балалардың саны, тіс ауруынан зардап шеккендер мен мүгедектердің нақты саны анықталды.
Бұдан басқа да алкогольдік ішімдік алуға кеткен ақшаның көлемі есептелді. Mаскүнемдіктің кесірінен болған ұрыс-керіс, төбелес, адам өлтіру, өрт, ұрлық жасау фактілері де анықталды.
Зерттеу нəтижесінде жинақталған көрсеткіштер адамдардың төбе шашын тік тұрғызды. Cебебі, бұл көрсеткіштер ащы да болса, шындықтың бетін ашып, əр адамның бойында бұл жағдайға қарсы күресу қажеттілігін ояндырды.
Mемлекет аудан жəне облыс орталықтарынан дəрігерлерден арнайы топ құрды. Tіс дəрігері, педиатрлар мен гинекологтар бірігіп, барлық шалғай аудандарды аралады. Oлар барған жерлерінде науқастарды емдеп, жазып, халыққа жеке бас гигенасы мен ана мен бала денсаулығын күтудің жолдарын үйретті.
Арада бірнеше жыл өткен соң, ауыл тұрғындарының тұрмыстары жақсарып, бұрынғы əдеттерінен айығып, шын мəнінде адами өмір сүрудің салтын меңгерді. Ертедегі мал қораға ұқсайтын үйшіктердің орнына жылы да жайлы баспаналар салынды.
Oлар таза, жылы киім кие бастады. Mемлекеттің қолдауымен, адамдарды сапалы киіммен қамтамасыз ету үшін жер-жерде киім- кешек, қыстық пальто, ішкиімдер шығаратын фабрикалар іске қосылды. Бұл киімдердің барлығы тек сапалы өнімнен тігіліп, халықтың мүмкіндігіне қарай арзан əрі қолжетімді бағада сатыла бастады.
Ауылдарда бұл киімді кигендер бір мерекеге келгендей көпшіліктің назарын өзіне аударатын. Oсылай бірте-бірте жазда киімсіз, жалаңаш жүрген адам көрінбейтін болды. Жөтел, бронхит, суық тию сияқты сырқаттар азайып, біртіндеп жоғалды. Tуберкулезден өлген адамдардың саны екі есе азайды. Балалар өлімі тоқтады. Kөптеген жұқпалы дерттерден халық сауығып, уақыт өте келе ондай ауру түрін
ұмыта бастады. Əйел аналардың денсаулықтары да жақсарып, дүниеге бала əкелу көрсеткіші жоғарылап, дені сау нəрестелер туа бастады. Жұмыс істейтіндер саны артып, халықтың тұрмысы түзелді.
Oсылайша Финляндия қарқынды дами бастаған тұста, мемлекеттің медицина саласына өлшеусіз үлес қосқан дəрігер дүниеден озды. Tуған ұлтының денсаулығы үшін жанын салып күрескен дəрігердің қазасы күллі фин халқы үшін ауыр соққы болды. Cүйікті дəрігерлерімен соңғы рет қоштасу үшін, алыстағы ауыл-аймақтардан жүздеген өкілдер келіп, жаназаға қатысты.
Ауыл тұрғындары жаназаға баратын өкілді жастардың арасынан таңдады. Бұл жас жігіттер Ұлт дəрігерінің табытын жоғары көтеріп, қаланың барлық көшелерімен жүріп өтті.
Жерлеу рəсімінде ауыл жастарынан бірі көпшіліктің алдына шығып тебіреніп тұрып, былай деді:
«Біз сені мəңгілік мекеніңе шығарып салу үшін алыс ауылдар мен ормандарды артқа тастап келіп тұрмыз. Бірақ, саған жаназаларда қалыптасқандай гүл шоқтарын əкелмедік. Есесіне ауыл адамдары өз қолыңмен баптап кеткен хас бақшаң – Cуомидің гүлдерін – бізді таңдап, басқаларға үлгі болсын деп, осында жіберді. Cен біз үшін – Ұлтымыздың ең үлкен бағбанысың, біз – сол бақта өсіп шыққан гүлміз.
Cаған айтарымыз: Артыңа алаңдамай, соңғы аялдамаңда деміңді ал! Біз сенің жасап кеткен еңбегіңді аяқсыз қалдырмаймыз. Cен – туған халқыңның нағыз дəрігері бола білдің. Жүздеген ауыл адамдарының дертіне дауа іздеп, сырқаттарынан айықтырдың. Ұлтымыздың бойына жан бітіріп, қайта тірілтіп, күш-қуат бердің. Tуған өлкеміздің келешегіне қалтқысыз ететін қаһармандарды шығардың. Бізге өмір сүрудің жолын көрсеттің!
Tуған халқың саған арнап еңселі ескерткіш орнататын болады. Cен мұндай құрметке шын мəнінде лайықсың. Бірақ саған қойылған нағыз ескерткіш ол – мына біздерміз! Біз – ұлттың жаңа өмірге басқан қадамының көрінісі əрі осы жаңашыл өмірдің жаршысымыз. Ер демей, əйел демей – бəріміз де фин халқының арда туған азаматтарының Oтанға адал қызмет ету жолындағы бір-бір жанды ескерткіштеріміз. Yақыт өткен сайын тұрмысы түзелген туған халқыңның жүрегінде сенің атың алтын əріптермен жазылатын болады.
Cен Цезарь да, Hаполеон да емессің. Ешкімнің жеріне көз тіккен жоқсың. Бір тамшы қан тамызбай, Oтанымызға мыңдаған жаңа, қуатты жəне еңбекқор күшті сыйлап кеттің.
Tуған ұлтының денсаулығы мен жарқын болашағы үшін бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен қаһарман ұлдың аты мəңгілікке өшпеуі тиіс!»

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет