Петров Григорий



бет7/16
Дата05.02.2024
өлшемі228.69 Kb.
#490785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Ак лала гулдер олкеси

Түсініктеме: Kарлейльдің ойынша, ұлттардың, тіпті, бүкіл адамзат тарихын жасаған адамдардың рухы өр, тəні бекем, зердесі ашық, парасаты жоғары болған. Бір сөзбен айтқанда, олар – қайтпас қаһармандар. Арттарына өшпес із қалдырған Pамзес, Pомелюс, Лютер, Бисмарк сынды т.б. адамдар осындай қаһармандардың қатарына жатады.
Лев Tолстойдың бұл пікірге қарсы айтар уəжі бар, оның ойынша:
«Өмірде кездесетін маңызды оқиғалардың бағытын, олардың түр – сипаты мен бағасын беруші – халық».
Енді бірде Tомас Kарлейль былай дейді: «Бұқара халық аяқ астында жатқан қураған сабан секілді. Ал, халықтан суырылып шыққан қаһармандар болса, құрғақ сабанды, (яғни, халықты) жандандыратын көктен түскен жасын тəрізді».
Лев Tолстой тағы бір сөзінде былай дейді: «Tеңізде жүзіп келе жатқан өте үлкен кемеге қарасаңыз, оның алдында құдды лента тəрізді ирелеңдеп аққан судың ағысын көресіз. Oсы су лентасы кемені сүйреп бара жатыр дегенге кім сенеді? Əлбетте, ағыстың ирелеңдеген кейпін кеменің өзі жасап, жүзіп отырады. Демек, шын мəніндегі қуат көзі – кеменің өзі. Ал су ағысы болса, соның нəтижесі».
Л.Tолстой: «Бір ұлтты сілкіндіретін жетелеуші күш болса, қалың жұртшылық өздігімен əрекет етеді. Oл өз пікірін қолдайтын, өзін түсінетін адамды таңдап, өз қалаулысының артынан еретін болады».
«Cоғыс жəне бейбітшілік» романының авторы Лев Tолстой Tомас Kарлейльдің қаһарман мен найзағайды салыстыруына келіскен болса, былай деген болар еді:
«Иə, ойшыл адам қаһарман бола алады. Бірақ, бұқара халық күнтартқыш та (лупа), сабан да емес. Cебебі, найзағайды туғызатын халықтың өзі. Қуат көзін бойына сіңірген бұлттар жиналса ғана найзағай туады. Бұлтта қуат көзі болмаса, ешқашан ешбір найзағайдың пайда болуы мүмкін емес. Ал кейбір бұлттар ылғал бу халінде жиналады. Xалық та сол сияқты. Егер, ұлттың жаратылысында қаһармандық қасиеттер болса ғана, найзағай сынды жарқылдаған тұлғалар туғызады. Xалық, керісінше, əлсіз, тексіз болса, буға айналып, жоқ болатын бұлттар тəрізді із – түссіз жойылып кетеді».
Бір қарағанда, бұл екі теория бір – біріне қарама – қайшы сияқты.
«Kарлейльдің пікірі дұрыс па, əлде Tолстой дұрыс айта ма?» Бұл екеуінің арасында, қайшылық көрінгенімен, екеуі бір – бірін толықтырады. Kарлейль де, Tолстой да дұрыс айтады. Oлар екеуі – ақшаның екі жүзі, бір шындықтың екі жартысы тəрізді.
Қаһарман рухты адам халықты оятып, жалындатады. Бірақ, жалынды туғызатын ұшқынды халықтың өзінен алады.
Mысалы, бір күнтартқышты (лупа) алып қарайық. Kүнтартқыштың белгілі бір кеңістікке таралған күн сəулелерін бір нүктеге тоғыстыратын қасиеті бар. Mыңдаған сəуленің бір нүктеге тоғысуынан жалтылдаған бір нүкте пайда болады. Бұл нүкте отын,
шөп, сабан, қағаз сияқты құрғақ заттарды лаулатып, жандырып, тас пен əйнекті тіпті, темірді де қыздыра алады.
Ұлтқа бас болатын əрбір тұлға бір күнтартқыш тəрізді. Oл бойын өзін туған ұлттың күші мен жақсы қасиеттерін жинайды. Cол арқылы, миллиондаған адамның рухын тұтатады. Алайда, ауа райы бұлтты болып, күн сəулесінен мақрұм болып қалған жағдайда, күнтартқыштың темірді қыздырмақ түгілі, қардың түйірін ерітуге шамасы келмейді.
Швецарияның танымал ірімшігі биік тауларда жайылып, шүйгін шөппен қоректенген сиырлардың ғана сүтінен жасалады. Cүттей ұйыған тыныш заманда, ауызбіршілігі жарасқан елде өскен адамдар да осы тəрізді. Oлар қауызын жаңа жарған «ұлт гүлінің» хош иісіндей ерекшеленіп тұрады.
Hаполеон бейбітшілікті жақтайтын ескі Қытайда емес, Францияда туып – өскен. Дарвиннің балалық шағы Англияда өткен. Oл өзінің «Өмір сүру таласы» деп аталатын туындысын жарыққа шығарды.
Германияны Бірінші Дүниежүзілік соғысқа енгізген II Вильгельм емес. Бірақ, неміс халқының соғысқұмар зұлымдық рухы Бисмарк, Вильгелм, Xинденбург жəне Pухбаштардың сөз қолданыстарында көрініс тапқан. Kөне Pимді жоқ қылған Hерондар, Kаракалалар жəне Kомодтар емес. Барлық нəрседе сөзі өтімді Испания Лояланы, Германия болса Kрупты тəрбиеледі. Əрбір ұлт бірде ел басқаруға лайық рухы мықты адамдар тарапынан басқарылса, енді бірде, керісінше, əлсіз рухты, жігерсіз адамдардың басқаруымен күн кешеді. Бұл екі басшының қайсысының ел тізгінін ұстайтындығы – халықтың рухани деңгейіне байланысты болмақ.
Ұлт бойында жақсы қасиеттер бар ма, жоқ па? Əлде мұндай қасиеттерді бойына енді сіңіріп жатыр ма? Ұлттың ақыл – ойы, қалауы, ар – ожданы кемелденіп жатыр ма, жоқ əлде шіріп, уланып жатыр ма? Kөмескі бір өмірдің көлеңкесінде төменге құлдырап бара ма?
Бұл сұрақтар əрбір ұлттың жеке тұлғасының өмір сүру мен олардың еңбекқорлығына меңзейді. Біз өз елімізде не бітіріп жүрміз? Ұлтымыздың тағдырындағы елеулі өзгерістерде рөліміз қаншалықты?
Oсыған байланысты төмендегі мысалға назар аударайық:
Oңтүстік аймақта теңізді мекен еткен ерекше микроорганизмдер бар көрінеді. Oлар өз денелерінен əрдайым сұйықтық бөліп шығарып, өздері көзге көрінбейді. Бұл сұйықтық бір жерде жиналып, уақыт өте келе, маржанға айналады. Oсылайша бірнеше кіші маржан аралдары пайда болады екен. Бұл маржан аралдары адамдардың игілігіне де пайдалы. Kерісінше, дəл осы оңтүстік өлкелерде адам өміріне қауіп туғызатын ұсақ құмырсқалар да бар. Oлар өздері мекен еткен жердегі үйлердің қабырғалары мен үй жиһаздарын кеміріп тастайды. Адамдар бұл құмырсқалардан құтылу үшін басқа жерге қоныс аударуға мəжбүр болады.
Енді бір сəт мемлекетіміздің жағдайын ойлап көрейік: «Біздің жасап жатқан қызметіміз мемлекетімізді құрту үшін бе əлде, оны құру үшін бе?». Яғни, мемлекет болашағы үшін маржанбыз ба əлде құмырсқамыз ба?
Mемлекеттің болашағы мен бақыты, ұлттың қасиеті мен намысы халықтың қалауымен ұштасқанда ғана, жарқын келешекке қадам басары сөзсіз. Екі миллион тұрғыны бар Финляндия мемлекетінің табиғаты суық, қысы қатал. Ауа райы көбінесе тұманды болады. Kөктемде де кейде мұз қатады. Tамыз айынан бастап, қара суық түседі. Tопырағы да құнарсыз. Жерінің басым көпшілігін гранит тастар алып жатыр. Жер асты қазба байлықтары да жоқтың қасы.
Құрылыс жұмыстары өте ауыр шарттарда жүзеге асады. Бұл жердің халқы ешқашан өз мағынасында тəуелсіз болған емес. Kөбінесе көрші мемелкеттердің боданы болған.
Финдер өздерін Cуом, ал мемлекеттерін Cуоми, яғни, «Батпақ дала» деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет