ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ
САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША
ЕСЕБІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Тарих және құқық институтына қарасты «Саясаттану және әлеуметтік-философия пәндер» кафедрасы 8D03103 - «Әлеуметтану» мамандығының 2-курс (PhD) докторанты Ахметова Арайлым Нурболқызы 27.02.2023-01.04.2023 аралығында 5 оқу аптасы көлемінде оқу жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу тәжірибеcінен өтті.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінің барысында бірінші апта 27.02.2023-04.03.2023 аралығында докторантты ғылыми-зерттеу тәжірибесінің жетекшісімен таныстыру, ғылыми-зерттеу тәжірибесінің бағдарламасымен таныстыру, негізгі ережелерді, ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту процедурасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ғылыми-зерттеу тәжірибесінің жетекшісінің, сондай-ақ ғылыми жұмыс жетекшісінің шешімімен әр докторантқа диссертация тақырыбы бойынша, тапсырмалар берілді.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесі бойынша тағайындалған жетекші с.ғ.д., қауымдастық профессоры м/а Мукажанова Альмира Жапарқызы және т.ғ.к., доцент Сұлтанова Фарида Мажитқызы зерттеу тәжірибенің мақсатын, міндетін, зерттеу тәжірибесі бойынша жасалатын зерттеу жұмыстарын түсіндірді және кафедра тарихымен танысып, атқарылған барлық маңызды іс-шаралармен, кафедраның профессор, ғалымдарының еңбектерімен толығырақ танысуымызды сонымен қатар ғылыми тақырып бойынша кітапханадағы ғылыми еңбектермен қалай жұмыс жүргізу туралы түсіндірмелер жүргізді.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінің 27.02.2023-04.03.2023 ж. аралығында «Саясаттану және әлеуметтік пәндер» кафедрасында ғылыми зерттеу практикасын қалай өту керектігі жөнінде іс тәжірибелік әдістерін Мукажанова А.Ж., Сұлтанова Ф.М., ғылыми зерттеу тәжірибесінің бағдарламасына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
27.02.2023 ж. 10:00-де 207 кабинетінде кафедрада ғылыми-зерттеу тәжірибесінің жетекшілерінің басшылығымен өткен жиналысына қатысып, тәжірибенің өтілу мерзімі, мақсаты, міндеті туралы бағдарламамен танысып, университетімізде кафедрада өтетіндігімізге бағытталдық.
28.02.2023ж. 11:00-де 207 каб., Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында ғылыми тәжірибе өткізу басталды. Кафедра меңгерушісінің шешімімен PhD диссертация тақырыбы бойынша докторанттарға жеке жеке бөліп, тапсырмалар берілді.
01.03.2023ж. жалпы университеттің кітапхана қорымен танысу басталды. Кітапхананың электрондық ресурсымен, ғылыми мақалалар жинағы бар каталогымен таныстық..
02.03.2023ж. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының жалпы ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, кафедраның профессор ұстаздарының ғылыми жобаларымен танысу.
03.03.2023ж. Университеттің «жас ғалымдар» жобасының ғылыми тақырыптары және зерттеулерін, идеяларын іс жүзінде іске асыруға қатыстым.
04.03.2023ж. Тәжірибе жетекшісінен зерттеу жұмысының мазмұнына қажетті тапсырмалар алып, ғылым академиясының кітапхана қорларында жұмыс жасалды. Диссертациялық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізіне байланысты жалпы ғылыми бағыт-бағдар алдық.
06.03.2023ж. Диссертация тақырыбына қатысты интернет-ресурстардағы қолжетімді ақпараттарды іздеумен айналыстым.
Екінші аптада 06.03.2023-11.03.2023 аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында және университет кітапханасының қорынан ғылыми-зерттеу жұмысына байланысты нақты және ғылыми материалды зерттеу, жинақтау, өңдеу және жүйелеу жұмыстары атқарылды.
2023 жылғы 7 наурызда диссертациялық жұмысымның тақырыбына қатысты С.С. Ыдырыс, Р.И. Ерманкулова, Бюлент Шен авторлардың «Қазақстандағы электрондық сауданың қазіргі таңдағы даму тенденциялары мен келешегі» атты еңбегімен таныстым. Қажетті ақпарат алдым.
2023 жылғы 9 наурызда тәжірибе жетекшісімен бірге университет тарихымен танысып, атқарылған барлық маңызды іс-шаралармен, институттың философия, социология саясаттану ғылымдарының профессор, ғалымдарының еңбектерімен толығырақ танысуымызды тапсырды.
2023 жылғы 10 наурызда шетелдік жетекшім Забун Бейхан мырзамен онлайн түрде кеңес өткізілді. Диссертациялық жұмысымның жазу барысы, негізгі мәселелері талқыланды.
Үшінші апта 13.03.2023-18.03.2023 аралығында Диссертациялық тақырыпқа байланысты жиналған материалдарды ғылыми жетекшімен бірге талдау жұмыстары жүргізілді.
13.03.2026 ж. .Шетелдік ғалымдардың Klaus Schwab «The fourth industrial revolution», Charles W. L. Hill «International business. Competing in the global marketplace», Patricia M. Wallace «The psychology of the internet», Aurela Braholli «An Investigation of Consumer Behavior in Online Trade During the Covid-19 Pandemic: A Case Study» еңбектерімен таныстым.
14.03.2023 ж. отандық ғалымдар С.С. Ыдырыс, Р.И. Ерманкулова, Бюлент Шен «Қазақстандағы электрондық сауданың қазіргі таңдағы даму тенденциялары мен келешегі», Шайдуллина В. К. «Электронная торговля и перспективы ее развития в мировой экономике», Нургазина А., Досжан Р., Сабидулина А. «Новые финансовые технологии: новые возможности и новые вызовы XXI века» еңбектері талданды.
15.03.2023ж. ҚР Ұлттық кітапханасының диссертациялық бөліміне бардым. Диссертация тақырыбыма қатысты отандық ғалымдардың еңбектерін оқып шықтым.
16.03.2023ж. Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе. Авторы: Эллиот Аронсон Алғашқы басылымы: 1972 //Басылым жылы: 2014. Бет саны: 431. Шетелдік ғылыми журналдарға ғылыми мақала дайындау әдістерін меңгеру жұмысын жүргіздік.
2023 жылдың 17 наурызында ғылыми-зерттеу тақырыбына қатысты жинақталған материалдарға талдау жұмыстары жүргізілді.
18.03.2023 ж. Диссертациялық тақырыбыма байланысты Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» атты еңбегімен таныстым. Бұл еңбекте интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді.
Төртінші апта 20.03.2023-24.03.2023 ж. аралығында Thomson Reuters, Scopus базасынан Диссертация тақырыбым бойынша жарияланған мақалаларға шолу жасалды. Институт бөлімінде бөлім меңгерушісінің өткізген жиналысында тәжірибе жетекшісінің докторанттардың тәжірибе өту деңгейілері сарапталып, зерттеу тақырыптарына байланысты тапсырмалардың орындалу нәтижесін тексерді. Ол халықаралық-тәжірибелік конференцияға мақала дайындық жұмыстары жүргізілді (материал жинау, сұрыптау, өңдеу т.с.с.).
20.03.2023 ж. Әлеуметтану мамандығы бойынша білім алушы өзге де докторанттармен кездесіп, білім алмастық. Әлеуметтану ғылымы бойынша жалпы ортақ ақпараттармен бөлісіп, теориялық білім алдық.
21.03.2023 ж. ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы диссертация тақырыбына байланысты деректерді зерттеумен айналыстым.
22.03.2023 ж. Жинақталған деректерді өңдеумен айналыстым. Дайындалған ақпаратты ғылыми жетекшіге ұсынуға дайындадым.
23.03.2023 ж. Ғаламтор парақшаларынан соңғы жаңалықтарды оқыдым. Жан-жақты даму мақсатында, әлемдегі барлық соңғы жаңалықтармен, оның ішінде, саяси, әлеуметтік мәселелермен таныстым.
24.03.2023 ж. Институт директорының ғылым істер жөніндегі орынбасары М.Мұратқазинның басшылығымен өткізген жиналысында тәжірибе жетекшісінің докторанттардың тәжірибе өту деңгейілері сарапталып, зерттеу тақырыптарына байланысты тапсырма берілді. Шетелдік тағылымдама мәселесі мерзімдері, құжаттарды дайындау жұмыстарын жүргізу туралы қарастырылды.
Бесінші, соңғы апта 27.03.2023-31.03.2023 аралығында шетелдік тағылымдамадан өтуге байланысты университет, институт басшылығымен, халықаралық департамент өкілдерімен өткізілетін кездесуге қатыстым.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесіне байланысты құжаттарды даярлап, есеп беруге дайындалдым.
27.03.2023ж. Жиналған материалды ғылыми жетекшімен бірге талдау жұмысы жүргізілді.
28.03.2023ж. Сирек кітаптар залындағы ағылшын тіліндегі кітаптарымен ғаламтор желісін пайдалану арқылы жұмыс жасау.
29.03.2023ж. Ұлттық кітапхананың диссертациялық бөлімінде диссертациялық қолжазбаларды қарадым.
30.03.2023ж. Ғылыми әлеуетті дамыту мақсатында кітапхана қорын зерделедім.
31.03.2023ж. Abai University Жас зерттеушілер кеңесінің «Ғылыми мәліметтерді іздестіру қорларымен жұмыс» тақырыбындағы вебинарына қатыстым.
Қарастырылатын тақырыптар:
1. Ғылыми мәліметтерді іздестіру жүйелері мен жолдары. Спикер - Сәуле Дәуренбек. Gazi University (Түркия).
2. ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК (КОКСНВО) ұсынған басылымдарды іздеу, мақалалар жариялау. Спикер - Арайлым Утемисова (Abai University).
3. Как написать научную статью: разбор структуры IMRAD. Спикеры - Светлана Белоус, Азиза Жунусбекова (Abai University).
4. Scopus деректер базасымен жұмыс. Спикер - Талғат Қилыбаев (Abai University).
Zoom сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/84570658870?pwd=SUxIVG9qS1padHgxZXNKdHNIRE80UT09
Ғылыми-зерттеу тәжірибесі кезінде диссертациялық жұмысыма зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің кітапханасында белсенді түрде жұмыс жасай отырып, оның ғылыми қорын өзімнің диссертациялық жұмысыма пайдаландым.
Зерттеу жұмысы тікелей ғылыми жетекшінің басқаруымен атқарылды. Зерттеу жұмысы нәтижесінде диссертациялық жұмыстың жоспары, өзектілігі, мақсаты, міндеті зерттелініп, отандық, шетелдік ғылыми дерек көздерімен, электронды әдебиеттермен, академиялық қауымдастықтың зерттеу жұмыстарымен зерттеу жұмысы жүргізілді.
Зерттеу тәжірибесі барысында ғылыми зерттеу жұмысы бойынша жетекшінің жасаған ұсыныстары ескеріліп әдеби дерек көздермен ғылыми тұрғыда жұмыс жасау жолдары түсіндіріліп, жалпы зерттеу жұмысымның негізі айқындалды.
Тәжірибеден өту барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Тарих және құқық институтына қарасты «Саясаттану және әлеуметтік-философия пәндер» кафедрасының ұйымдастыру, ғылыми өмірімен толықтай таныстым. Осы жерден ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту барысында ғалымдардан диссертациялық жұмысыма, жалпы ғылым жолында қандай ережелер мен ұстанымдарды ұстану керектігі туралы ұсыныстар алдым. Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасынан ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту барысында өзіме қажетті өте көп деңгейде пайдалы кеңестер, ақпараттар мен ұсыныстар алдым.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесі докторанттар үшін диссертациялық жұмысты жазуда, құнды еңбек көздерін қарастыруда өте маңызды деген пікірдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |