Phd докторанттың Ғылыми-зерттеу жұмысының есебі 2022-2023 оқу жылы/учебный год



бет1/5
Дата12.02.2024
өлшемі58.31 Kb.
#491668
  1   2   3   4   5
Ахметова А.Н.,ЕСЕП ҒЗТ 2023(1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АБАЯ

(PhD) ДОКТОРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ


2022-2023 оқу жылы/учебный год
Курс 2
Тарих және құқық институты
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы
Білім бағдарламасы/Образовательная программа 8D03103 –«Әлеуметтану»


Ахметова Арайлым Нурболқызы

Ғылыми жетекшісінің аты-жөні/Ф.И.О. научного руководителя


с.ғ.д., профессор
СИМТИКОВ ЖОМАРТ ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Алматы, 2023


МАЗМҰНЫ

  1. Мекеменің ғылыми зерттеу тәжірибесінен мінездеме

  2. Ғылыми зерттеу тәжірибенің күнтізбелік жоспары

  3. Ғылыми зерттеу тәжірибесінен жетекшіден қортындысы бойынша пікір

  4. Докторанттың ғылыми зерттеу тәжірибеден қортынды есебі

  5. Теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздемесі

  6. PhD докторанттың ғылыми зерттеу тәжірибеден өту барысындағы жинаған материалдар тізімі


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Тарих және құқық институты
Саясаттану және әлеуметтік-философия пәндер кафедрасының
«8D03103 – Әлеуметтану» мамандығының 2 курс (PhD) Докторанты
Ахметова Арайлым Нурболқызына берілген
МІНЕЗДЕМЕ

Ахметова Арайлым Нурболқызы 2023 жылғы 27 наурыз бен 01 сәуір күндері аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық институты, «Саясаттану және әлеуметтік-философия пәндер» кафедрасында ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті.


Ахметова Арайлым Нурболқызы аталған мерзімде ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту барысында өзін салмақты, тәртіпті, ұқыпты және бастамашыл практикант ретінде көрсете алды. Өзіне тапсырылған міндеттерге жоғарғы жауапкершілікпен қарады. Жүктелген барлық тапсырмаларды уақытылы орындады.
Университетің ғылыми жаңалықтарын жіті қадағалап, кафедра және университет деңгейіндегі іс-шараларға белсенді қатысты, ғалымдардың ғылыми еңбектерімен тереңдей танысты. Кафедра қызметкерлерімен ғылыми сұхбат жасап, жақсы қарым-қатынас орнатып, тәжірибе барысын жоғарғы дәрежеге сай жүргізді.
Ахметова Арайлым Нурболқызы ғылыми-зерттеу тәжірибесі барысында бұрын алынған ғылыми зерттеу білімін толықтырып, ғылым саласында жұмыс жасау қабілетін көрсете білді. Болашақтағы диссертациялық жұмысына қатысты әр түрлі ғылыми дерек көздермен жұмыс істей білді.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту барысында Қазақстан Ұлттық кітапханасы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті кітапханасы, Тарих және құқық институтының оқу залы, электрондық дереккөздер мен Scopus жарияланған мақалаларындағы ғылыми қорды зерделеп, жинақтап, талдап, ондағы қажетті ақпаратты өзінің диссертациялық жұмысы үшін оңтайлы пайдалана білді. Ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттілігі айқындалды. Университет және институттың жаңалықтарын жіті бақылап, ондағы ғылыми іс-шараларға белсене қатысты.
Өткен ғылыми-зерттеу тәжірибеге жалпылама қорытынды ретінде докторант өзінің методикалық тәжірибесі мен теориялық дайындығы бар екенін көрсете білді.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту барысында ескертулер алған жоқ және оң мінездемеге ие болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет