Phd докторанттың Ғылыми-зерттеу жұмысының есебі 2022-2023 оқу жылы/учебный год


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті



бет3/5
Дата12.02.2024
өлшемі58.31 Kb.
#491668
1   2   3   4   5
Ахметова А.Н.,ЕСЕП ҒЗТ 2023(1)

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Тарих және құқық институты
Саясаттану және әлеуметтік-философия пәндер кафедрасы
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінің қорытындылары туралы ғылыми жетекшінің
ПІКІРІ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Тарих және құқық институтына қарасты «Саясаттану және әлеуметтік-философия пәндер» кафедрасының 8D03103 - «Әлеуметтану» мамандығының 2-курс (PhD) докторанты Ахметова Арайлым Нурболқызы 27.03.2023-01.04.2023 аралығында оқу жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу тәжірибеcінен өтті.


Ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту барысында Қазақстан Ұлттық кітапханасы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті кітапханасы, Тарих және құқық институтының оқу залы, электрондық дереккөздер мен Scopus жарияланған мақалаларындағы ғылыми қорды зерделеп, жинақтап, талдап, ондағы қажетті ақпаратты өзінің диссертациялық жұмысы үшін оңтайлы пайдалана білді. Ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттілігі айқындалды. Университет және институттың жаңалықтарын жіті бақылап, ондағы ғылыми іс-шараларға белсене қатысты.
Докторант ғылыми-зерттеу тәжірибесі барысында алдыңғы алынған білімдерін толықтырып, ғылыми зерттеу деңгейін арттырып, ғылым саласындағы белсенді жұмыс істеу қабілетін көрсете алды.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесі барысында Ахметова Арайлым Нурболқызы өзінің болашақтағы ғылыми еңбегіне қажетті теориялық және әдістемелік дайындығының жоғарғы деңгейін көрсете білді. Диссертация тақырыбына қатысты ҚР БҒМ БССҚК ұсынған басылымдар тізіліміне жіберілетін мақаланы жазу үшін қажетті ақпараттарды жинақтады. Әдебиеттер тізімін толықтырып, отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектеріне шолу жасады.
Докторант Ахметова Арайлым Нурболқызы ғылыми-зерттеу тәжірибесін өту барысында ескертулер алған жоқ. Тәжірибені бекітілген кесте мен бағдарламаға сәйкес өтті.
Ғылыми жетекшісі
с.ғ.д., профессоры СИМТИКОВ Ж.Қ.
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет