Авакова Р.А. Фразеосемантика
212
рихы, ұлт тағдыры елес береді», – деген пікірі өте орынды [Г.Н. Смағұлова,
1998; 183 б.]. Одан әрі монографияда төбелес, соғыс, ұрыс семаларының
фраземалардағы түрлі коннотаттық бейнелері сараланған. Мысалы:
•
көшпелі ел
тұрмысынан қалған соғыс, ұрыс салу сәттерін бейне-
лейтін фраземалар:
шаңырағына от ойнату, шаңырағын қиратып, түндігін
тілу, түндігін теріс айналдыру, тебінгіден тер, қабырғадан қан жаудыру
және т.б.;
•
жау қолына түскендердің күні:
итаяқтан сары су ішкізу, көзіне көк
шыбын үймелету, ит қорлық көрсету және т.б.;
•
жазалау, қинау:
төбесін ою, жонына таспа тілу және т.б.
Аталған фраземалар мағынасын түсіну сол тілді меңгерген адам үшін
қиынға соқпайды. Себебі олардың семантикасында мәдени мағлұматтар
(информациялар) денотаттың параметрлерімен тығыз байланысты. Фра-
земалардағы мәдени информацияны бойына
сіңіріп тұрған денотаттық
ұғым болып табылады. Алайда барлық фраземаларға аталмыш қасиет тән
емес. Олардың мағынасындағы мәдени мағлұматтардың бекуі басқаша
қасиетке ие.
Фраземалар бойындағы бейнелі-эмотивтік коннотацияның көрініс табу
ерекшелігі туралы В.А. Маслова, «сначала в мире возникает некая прото-
типная ситуация, т.е. ситуация, соответствующая «буквальному» значению
фразеологизма. За ней закрепляется содержание, которое затем переос-
мысливается, т.е. формируется образ фразеологической единицы на основе
первичные слова как бы оставляют в образе свое значение. Так возникает
внутреняя форма, в которой и содержится основная информация, связанная
с культурой», – деп тұжырымдайды [В.А. Маслова, 1997; 43 б.].
«Халықтық рух» (В. Гумбольдт бойынша) бейнесінің көрініс табуын Л.
Вейсгербердің (рухты тек бейнелі амалдар негізінде тануға болады» кон-
цепциясында жалғасын тапты. Л. Вейсгербер пікірінше, тілдік бірліктердегі
ішкі форма ерекше «аралық әлем» құрайды, осы «аралық әлем» бейнелер
мен символдардың барлық түсініктемесін жинақтау құралы бола алады.
Фраземалардың жасалуына ұйытқы боларлық бейнелер сұрыпталғанда
халық танымында жинақталып қалыптасқан
ұлттық-мәдени стреотиптер
мен эталондар арасындағы байланыс көрініс табады. Осы жинақталған
информациялар (білімдер жиынтығы) коннотация негізінде жүзеге асыры-
латын ассоциативтік бейнелер мен мәдени бірліктер байланысы арқылы
көрініс табады.
Осы тұста тіл – мәдени мұра бола ала ма? Деген сұрақтың тууы мүмкін.
Тілдік кумулятивтік қызметін, яғни мағлұматтарды жинақтаушы және
сақтаушы функциясын жоққа шығаруға болмайды, солай бола тұрса да, тіл
мәдени мұраларды сақтаушы бола алмайды. Тіл –
мәдениетті жеткізуші
механизм. Мәдени мұралар мәтін арқылы сақталып, ұрпаққа жеткізіледі.
Адамның рухани дүниесі, ішкі сырлары мен жан дүниесі тіл арқылы емес,
мәтін арқылы көрініс табады. Мәтін мәдениетпен тікелей байланысты, әр
алуан «мәдени кодтарды» жеткізуші, тарих, этнография, ұлттық психоло-