Авакова Р.А. Фразеосемантика
214
зерттеулерінде, сөзжасам принциптеріне орай тілдік бірліктердің семан-
тикалық түп негізінде лингво-этимологиялық концепция арқылы тал-
данған А. Салқынбайдың
ғылыми тұжырымдарын, газет лексикасының
тілін жүйелі құрылым ретінде қарастырған Б. Момынованың зерттеулері
мен жас ғалым Ғ. Хасановтың лексика жүйесіндегі семантикалық талдау
еңбектерін ерекше атап кетуге болады. Көрсетілген еңбектер қазақ тілі
ғылымының жаңа бағыттағы, жаңа концепцияларға жол ашатын семасио-
логия саласының қалыптасу үрдісін белгілей алады.
Фразеологиялық коннотация туралы тіл білімінде көзқарастар әр алуан.
Денотаттық мағына негізінде туындаған фраземалардағы коннотациялық
мағына оның бойындағы эмоционалды-экспрессивтік және бағалағыштық
семалармен тығыз байланысты. Фраземалардағы коннотативтік мағына
эмотивтік, ассоциативтік, бейнелі және
стилистикалық семалардың
жиынтығы болып табылады.
Адамзат өзін қоршаған дүниені, өмірде болып жатқан құбылыстарды,
олардың әр алуан қасиеттерін сезім мүшелері арқылы қабылдап қана
қоймайды, аталмыш құбылыс туралы өз көзқарастарын білдіріп, оны
өзгертуге, өзіне ыңғайлап қайта жасауға әрекет етеді.
Дүниені тану тек сезім мүшелері арқылы оның көшіремесін қабылдау
ғана деп түсінбеу қажет. Сонымен қатар қабылданған, түйсінген мәлі-
меттерді адам ойының, санасының елегінен өткізіп, оған өзінше баға беру-
ге тырысады. Адам мұндай қасиетке ие болмаса, онда мәліметтің жиынтық
бейнесін жасап, өз қажетіне сай болмаған болар еді.
Қазақ тіліндегі фраземалар бейнелі, астарлы мағынада қолданылады.
Олардың
қай-қайсысында да мәнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті.
Кейбір жеке сөздер тәрізді, фрезамалардың да эмоционалды-экспрессивтік
бояуы мол. Коннотация – лексикалық мағынаның негізгі компоненттерінің
бірі, коннотаттық компоненттің үш функционалды типі болады: сөздегі
заттың, құбылыстардың басқа қасиеттері туралы ақпаратынан туындаған
– сипаттамалы, объектінің бағасы туралы хабар негізінде пайда болған –
экспрессивті-бағалағыштық және коммуникативтік акт кезінде қалыптасқан
– нормативті компоненттер.
Фраземалардың қалыптасуына ұйытқы боларлық бейнелер сұрып-
талғанда халық танымында жинақталып, қалыптасқан ұлттық-мәдени
стреотиптер мен эталондар арасындағы байланыстар көрініс табады.
Сұрыпталып, жинақталған информациялар (білімдер)
тілдік бірліктердің
ішкі семантикасынан шығатын коннотация арқылы жүзеге асырылып,
ассоциативтік бейнелер мен мәдени бірліктер байланысы арқылы көрінеді.
Фраземалар бойында жинақталған ғасырлар жемісі ұлттық-мәдени
коннотацияда көрініс тапқан. Мәдени коннотацияның мазмұнын стрео-
типтерді (оқиғаларды, мағлұматтарды) ассоциативті және бейнелі түрде
қабылдаудың негізінде қалыптасқан халық менталитеті мен олардың
бойындағы ұлттық-мәдени ұғымды аша алады.