43
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
43
Белгілі жазушы Д. Әшімханұлының «Ит жылы» әңгімесінен мы-
сал келтірейік: ... Тек соны
итке ғана бітер төзіммен, бүгілмейтін
итжандылықпен күту керек. Ол жақсылық баяғыдай
ит арқасы қиянда
емес, дәл қасымызда, иек астымызда тұрғандай. Олай дейтінім: бар тама-
ша, бар қазына Қазақстанда деп,
ит өлген жерден мұнда ағылып жатқан
бөгде-бөтен аз ба қазір.
Мен білсем, олардың тұмсығы
иттен иісшіл.
Естеріңізде болар, ертеде солар
ит жегіп, ит қорлығын көріп Итжеккен
мен Аляскаға да жеттім емес пе? Ақыры сонда
ителмен, инк, «индейс» де-
ген халықтарды атажұртынан
иттей қылып қуып, өздері қап-қара алтынды
итшаналарына тиеп, алыстағы еліне тасыды емес пе? Сөйтіп, жердің арғы
бетіндегі
ит тұмсығы өтпес ормандар мен
ит іздесе таппас иен мекенде
итарқа қостарын тігіп, ит жүгіртіп, құс салып жүрген бейбіт халықтың
итін шығарып, итжем етті емес пе? (Алтын Орда, 2001, 6 б.).
Профессор М.М. Копыленко пікірінше, итпен келген мақал-мәтелдер
мен фразеологизмдерде пейоративтік (жағымсыз) баға басымырақ,
мәселен, Ө. Тұрманжановтың құрастыруымен жарық көрген мақал-
мәтелдер жинағында – 859, М. Ақкозинада – 30, І. Кеңесбаевта жағымсыз
мағынаның 429 рет кездесетініне баса көңіл бөліп, бұл мағынаның мелио-
ратив (яғни жағымды) мағынамен салыстырғанда санының едеуір басым
екенін айтады [М.М. Копыленко, 1995; 36 б.].
Әлем тілдер халықтарында ит компонентімен келетін мақал-мәтелдердің
мағынасы бір-бірімен жақын келеді.
Сөз байлығын ғылыми тұрғыдан зерттегенде, халық санасында, салт-
дәстүрлерінде, ауыз әдебиетінде сақталған
информацияның барлығы
сабақтастық жүйемен игерілуі қажет. Тек сонда ғана халықтың болмыс
тіршілігінің, мәдениетінің құпия сырлары толық, жан-жақты ашылады.
Ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын фразеологизмдердің орны –
әлемнің тілдік бейнесін жасауда ерекше. Оны танымдық тұрғыдан талдау
– адамзат өркениетіндегі ұлттық мәдениеттің табиғатын ашуға мүмкіндік
береді.
Қорыта келгенде, дербес мағыналы лексикалық бірлік болып табыла-
тын фразеологизмдер – тіл байлығы ғана емес, халықтың рухани қазынасы,
«тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» тарихтың куәсі.
Кез келген тілдің элементтері бір-бірімен тығыз байланыста, өзара
қатынаста болып, тұтас жүйе құрайды. Фонема, морфема, сөз және
сөйлемнің иерархиялық қатынастарымен тең дәрежеде қарастырылатын
еркін тіркестер мен тұрақты тіркестерді (фразеологизмдер) ерекше тілдік
бірлік деп қарастыруға болады. Бұл тіркестерді тілдің лексикалық және
синтаксистік жүйелерінің арасында ерекше деңгейаралық жүйе
ретінде
қарастыруға болады. Фраземалардың сөздерден де, сөз тіркестерінен де
өзіндік айырмашылықтары бар: оны сөзбен жақындастыратын белгісі –
еркін тіркестерден ажырататын, ал сөзден ажырататын ерекшелігі еркін
тіркеспен жақындастыратын белгісі болып табылады.
Авакова Р.А. Фразеосемантика
44
Фразеология ғылымы – өзіне тән метатілі, зерттеу әдістері мен ны-
саны бар тіл білімінің саласы. Фразеологияны тілдік жүйенің
құрамдас
бөлігі ретінде, құрылымдық және мағыналық жағынан ерекше қасиетке
ие тілдік бірлік ретінде тану негізгі ғылыми дәйектеме болып табылады.
Фраземалар – еркін сөздердің тіркесі болмағандықтан, лингвистикалық
пән ретінде фраземажасам лингвистикалық, морфологиялық, синтаксистік,
семантикалық сыңарлардың арақатынасы механизмінің негізінде шектеулі
тіркестердің жасалуын, ол компоненттердің мағына тұтастығын жасаудағы
рөлін зерттейді.
Фраземалар сөздің, лексикалық бірліктің баламасы десек те, сөз фра-
зема мағынасын толық дәрежеде бере алмайды, сөзбен баламаланған
фраземаның мағыналық элементтерінің біршама бөлігі сыртта қалып
отырады. Сондықтан да эквивалент теориясымен салыстырғанда сөз бен
фраземаның арақатынасы тең дәрежеде бола алмайды деп ойлаймыз.
Фраземалардың номинативтік тұтастығы оны құрастырушы сыңарлардың
мағынасынан әлдеқайда басым.
Фразеологиялық бірліктердің жасалу тұлғалары мен құрылымы жа-
ғынан еркін тіркестер мен сөйлемдерден айырмашылығы жоқ болса да,
фраземалардағы тұтастық, бөліп-жаруға келмейтін бүтіндік олардың
мағынасының беріктігінен келіп шығады.
Қазақ тілінде фразеологизмдер басқа тілдік жасалымдардан ерек-
ше экспрессивті-бейнелі мағынасымен, номинация тұтастығымен, ком-
понент құрамының жекелігімен, даяр қалпында жұмсау ерекшелігімен,
фразеологиялық тұрақтылығымен дараланады.
Адамзат
қоғамы әлем, дүние, қоршаған орта туралы мағлұматтарды
лингвистикалық арналар арқылы алатындықтан, информацияның барлығы
сөз арқылы меңгеріліп, сөз арқылы түсінеді. Сондықтан да тіл құпиясын
ашу, адамзат тарихының сырын ашумен барабар. Қазіргі ғылымда тіл те-
ориясы мен мәдениет теориясы тоғысуында пайда болған тіл білімінің са-
ласы лингвистикалық мәдениеттану, белгілі бір халықтың мифологиялық
түсініктері мен әлем моделінің дәстүрлі ерекшеліктерін, ертедегі наным-
сенімдер мен дәстүрлерін байланыстыра зерттейтін этнолингвистикалық
ғылымдар фразеологиялық қорды халық тарихының, танымының,
психологиясының қайнар көзі ретінде зерттеуге жол ашты.
Қазақ фразеологиясындағы ұлттық мәдениеттің көріністерін бірлік
мағынасындағы элементтерден іздеген жөн. Қазақстан-дағы этнолинг-
вистика мектебінің бағыт бастаушысы академик Ә. Қайдар оларды
«фондық білімдер» жиынтығы
негізінде қарастыруды ұсынса, лингвоел-
тану мәселелерін зерттеуші ғалымдар Е.М. Верещагин мен В.Г. Косто-
моров «тілдік бірліктерде сақталған білімдер жиынтығы – логоэпистема-
лар» деп берсе, профессор Г.Г. Слышкин «мәдени концептер символы»
терминін, В.В. Воробьев «лингвокультурема» атауын қолданады. Қалай
45
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
болса да фразеологизмдердің бойында сақталған мәдени деректерді ашуда
оларды халық танымымен, тарихымен,
ойлау менталитетімен, өмір сүру
ортасымен тығыз байланыста зерттеуіміз қажет. Сондықтан да мәдениет
семантикасының күрделі кілті тілде жатыр демекпіз.
Халық танымымен байланысты мифологиялық ойлаудың көрінісі де
тілде жатыр. Тіл мен миф байланысы («тіл қатып қалған, солған мифтің
бейнесі» В. Шеллинг), «мифке қарағанда тіл бірінші» (М. Мюллер), «олар
бір-бірінен ажырамайтын символдық формалар» (Э. Кассирер) ғасырлар
бойы көптеген данышпан иелерін ойландырған. Мифологиялық болжам
тіл феноменінің түрлі қырларын түсіндіруге жол аша алады. Әр түрлі
мәдени мұраларға ие халық үшін тіл өзінің туған, ұлттық мәдениетін
дәріптеуші, оны өзге, жат мәдениеттен қорғаушы, басқа халықтың, ұлттың
кірігушілігіне жол бермеуші құрал болып табылады.
Дербес мағынаға ие лексикалық бірлік болып табылатын фразеологизм-
дер – тіл байлығы, халықтың тарихы мен танымы, әдет-ғұрпы мен салт-
санасы көрініс табатын рухани қазына.