Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет21/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   119
Авакова фразеосемантика

 
 
 
(І. Жансүгіров).
Халық арасында қазіргі уақытта көз тиеді фразеологизмі ырым ретінде 
сақталған. Халық ырымы бойынша жақсы адамға, жас балаға, жүйрік атқа, 
сұлу қызға көз тиеді деген ұғым бар. Ондай адамдардың көзі бар немесе 
назар керде дейді.
Жаңа туылған нәрестенің қырық күнге дейін көз тиеді деп көп адамға 
көрсетпейді; нәрестенің бесігіне немесе киіміне тұмар жасап тігіп қояды 
немесе бетіне күйе жағып қояды. Тұмар ұғымы тіл-көзден аман жүрсін, 
көз тимесін деген халық дүниетанымымен тікелей байланысты. Қазақ 
тіліндегі көзі жаман фразеологизмі көзі тиді, көз тигіш, тфә, көз тимесін! 
Тіл-көзім, тіл-аузым тасқа, көзің тиеді, түкір! және т.б. тіркестермен 
жалғасып жатыр. Көз тимесін, тіл тимесін деген ырым негізінде шыққан 
бұл тіркестер халықтың психологиясымен, дүниетанымымен, сенім мен 
түсініктерімен тығыз байланысып жатыр.
Халық арасында сонымен қатар көз тиді деп секем алған жағдайда сол 
адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді. Осылайша қас күштердің 
беті қайтады деп сенген. Халық көзінің қалы бар адамның қарағаны тегін 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
40
жібермейді деп жаңа туған нәрестесі бар кісілер үйіне қалы бар адамдар-
дың келуінен қатты сақтанған. Немесе көзі тиді-ау деген адамды таптырып 
алып, оған түкіртетін болған.
Ауыз әдебиеті үлгілерімен, аңыздармен, яғни мифологиямен тікелей 
байланысты фразеологизмдер тілде мол көрініс тапқан. Тіл-тілде сақталған 
мифологиялық уәждер барлық дәуірге және халықтарға ортақ қазына.
Тіл мен мәдениеттің фразеологизмдердегі көрінісін зерттеген ғалым 
В.А. Маслова былай деп көрсетеді: «В каждом конкретном фразеоло-
гизме отражается не целостный миф, а мифологема. Мифологема – это 
важный для мифа персонаж или ситуация, как бы главный герой мифа, 
в который может переходит из мифа в миф. В основе мифа, как прави-
ла, лежит архетип» [В.А. Маслова, 1999; 13-14 бб.]. Архетип терминін 
ең алғаш «Инстинкт және санасыздық» (1919 ж.) мақаласында Швейца-
рия психологы К.Г. Юнг енгізген. Оның пікірінше, архетип дегеніміз – 
ұжымдық санасыздық, жеке адамның санасыздығымен қатар ұжымдық 
санасыздықтың неғұрлым терең қабаттары болады, онда бастапқы 
психикалық құрылымдар (архетиптер) түрінде адамзаттың ең ежелгі 
тәжірибесі сақталады, ол дүниені қабылдау мен ой елегінен өткізуге 
априорлық әзірлікті қамтамасыз етеді [К.Г. Юнг, 1991; 165 б.]. Ол ұлы 
идеялардың бәрі архетиптік негізде жатыр деп санады.
Сонымен «ұжымдық санасыздық» адамдардың саналы өмір тәжірибесі 
арқылы емес, оларға ата-бабасынан мұра ретінде жеткен жеміс. Генетикалық 
теория негізінде К.Г. Юнг архетип пен мифологияның тығыз байланысын 
көрсетіп, мифология – архетиптер сақталатын орын дейді. Архетиптер – 
әлдебір шексіз, ұланғайыр, алып дүниені тиянақтаған, жинақтаған плат-
формалар.
Архетиптік бейнелер адамзатқа атадан балаға мирас ретінде ғұмыр бойы 
ілесіп келеді. Олар мифологияны да, дінді де, өнерді де тудырған. Мифо-
логия, дін, өнер архетиптердің өзін өңдеп, символға айналдырып, форма-
сы жағынан жетілдіріп, әсемдікке жеткізген. Мазмұны жағынан жалпыға 
адамзатқа ортақ мәнге ие болған. Мифология – архетиптік бейнелерді 
өңдеудің бастапқы формасы. «Үйлесімділік пен жарасымдылық адам ба-
ласында магия, ритуал, мифтердің көмегімен жүзеге асып отырады. Терең 
түпкірде жатқан бүкіл адамзаттық танымды бойына жинақтап, оны адам 
санасына жүйемен жеткізетін құпия ілімдер жатыр» [Қ. Жаманбаева, 1998; 
112 б.]. Халық санасында шығу көзі белгісіз, код ретінде дайын күйінде 
қолданылатын архетип – фразеологизмдер негізінде мифтік түсінік жа-
тыр. Мысалы, барлық халықтар үшін нан – өмірдің, тіршіліктің негізгі 
арқауы (Ас – адамның арқауы). Біреу сөзінің дәлдігін, ісінің туралығын 
дәлелдегенде нан ұстап ант берген. Қазақ халқы өркөкірек, өзімшіл адам-
ды деміне нан піскен деп айтқан. Ұйғыр халық танымында тілінде нан 
ұстап, ант ішу ғұрпы болған. Мысалы:


41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет