Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет30/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   119
Авакова фразеосемантика

СОМА
ТИКАЛЫҚ
 
ЗООМОР
Ф
ТЫҚ
ТҮС
СА
Н
АЛҒЫС-ҚАРҒЫС
ДІНИ-МИФ
О
ЛО-
ГИЯЛЫҚ
ҚАЛҒАНДАРЫ
2-сурет. Фразеологизмдердің жиілік көрсеткіші
Сызбада фраземажасамға ұйытқы сөздердің өнімділігі Ісмет Кеңес-
баевтың фразеологиялық сөздігі бойынша көрсетілді.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
60
§ 3. Адамның дене-мүшелеріне және
қимыл-қозғалыстарына байланысты фраземалар
Лексикографтардың пікірінше, кез келген тілдің фразеологиялық қо-
рының 30% соматикалық тіркестер құрайды. І. Кеңесбаев сөздігінде 
630-дан аса соматикалық фраземалар тіркелген. Түркі тілдеріне ортақ 
фраземалық қордың басым көпшілігі соматикалық фраземалар болып та-
былады. Башқұрт фразеологиясын зерттеуші ғалым, академик З.Г. Ураксин 
«Фразеология башкирского языка» еңбегінде башқұрт тілінің фраземала-
рына лексика-семантикалық, құрылымдық-морфологиялық, синтаксистік 
тіркесімділігі тұрғысынан лингвистикалық анализ жасай отырып, 
соматикалық фраземалар туралы былай дейді: «Фразеологизмы, общие 
для большинства современных тюркских языков, образуются чаще всего 
от названий тела, которые в сочетании с другими словами в прямом значе-
нии обозначают положение частей тела, различное состояние или действия 
органов тела. Употребление их в переносном значении, когда они начали 
обозначать психическое состояние, способности человека и др., привело в 
фразеологизации всего словосочетания» [З.Г. Ураксин, 1975; 158 б.].
Фразеологизмдердегі бірінші компонент көбінесе фраза жасаушы 
ұйытқы сөз болып табылады, бірақ бұл негізгі шарт болып табылмауы ке-
рек. Тілдегі кез келген сөз фраземажасамда ұйытқы компонент бола алмай-
ды. Тек халықтың санасында, тілінде ұзақ жасасып келген, байырғы сөздік 
қордағы лексемалар ғана ұйытқылық қызмет атқара алды.
Фразеологиялық қордың басым көпшілігі болып саналатын анатомиялық 
атаулар мен дене мүшелері арқылы жасалған фраземалардың саны түркі 
тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде аз емес. Соматикалық атаулар 
арқылы жасалған фраземалар көне түркі ескерткіштерінде де көптеп сана-
лады.
Кез келген тілдің лексикалық қорындағы соматизмдердің алатын 
орны ерекше ескерсек, бұл лексеманың өте көне қабатқа жататынына көз 
жеткізуге болады. Көне түркі ескерткіштер тілінде кездесетін соматикалық
фраземалардың қазіргі түркі тілдерінің көбіне ортақ екенін дәлелдеу 
қиынға соқпады. Мысалы: kozga tagin [Древнетюрский словарь, 1961; 320 
б.]. Қазақ тілінде көзге түсу, ұйғыр тілінде көзгә чүшмәк, өзбек тілінде куз-
га ташланбақ, қырғыз тілінде кузга ташланыу, татар тілінде козга таш-
ланту; til bekut «үндемеу» [Древнетюрский словарь, 1961; 560 б.], қазақ 
тілінде тіл байлану, ұйғыр тілінде тили тутулмақ, өзбек тілінде тили 
тиймақ, түрік тілінде дилини тутмақ, татар тілінде тел саклау, қырғыз 
тілінде тел сақтау және т.б. 
Сонымен қатар көне түркі тіліндегі
соматикалық фразеологизмдердің 
бірінші есім компоненті басқа түркі тілдерінде өзгерген, ал етістік 
компоненті сақталған фраземалар да кездеседі. Мысалы, til ас «сөйлеуді 
бастау» [Древнетюрский словарь, 1961; 559 б.], қазақ тілінде ашылу, ұйғыр 


61
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
61
тілінде ағзи ечилиақ, өзбек тілінде ағиз ачмақ және т.б. Фактілер көрсетіп 
тұрғандай, көне түркі тіліндегі тіл лексемасын қазіргі түркі тілдерінде 
ауыз сөзі алмастырған. Бір қызығы, көне түркілік вариантын қазіргі татар 
тілі сақтаған. Мәселен, татар тіліндегі «сөйлеп кету, сөзді бастау және аузы 
ашылу» мағыналарында тил ач фраземасы қолданылады.
Ал көне түркі тіліндегі bogus tog [Древнетюрский словарь, 1961; 110 б.] 
фраземасы қазіргі түркі тілдерінде төмендегідей формада қолданылады: 
қазақ тілінде қарны тоқ, ұйғыр тілінде қосиғи тоқ, түрік тілінде карин 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет