Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет34/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   119
Авакова фразеосемантика

ауыз, тіс, мұрын, аяқ, жүрек, бауыр, бүйрек, іш және т.б. анатомиялық 
атаулардың, дене мүшелердің қызметі айрықша. Олар сөзге арқау, ойға 
тірек болып, тілдің фразеологиялық бай қорын жасауда ерекше қызмет 
атқарады.
Қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен 
дағдыларында психологиялық іс-әрекеттер көп кездеседі. Сезімді, көңіл-
күйді, іс-қимыл әрекеттен көп сөзбен айтпай-ақ ыммен, ишратпен, еппен 
сездіретін және соларды дәл бейнелейтін ойлы, сесті ұғымдар бар. Адамның 
анатомиялық атаулары (соматизмдер) олардың қимыл-қозғалыстарымен 
де тікелей байланысты. Адамның дене-мүшелері арқылы жасалған 
қозғалыстар соматикалық бейвербалды фраземалардың жаса-луына 
ұйытқы болған. Коммуникативтік актідегі бейвербалды тәсілдерді зерттеу 
кинесикамен байланысты. Лингвистикада кинесика паралингвистикалық 
амал болып табылатын қарым-қатынас барысында қолданылатын кине-


67
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
67
малар, мимикалар және пантомимикалық қозғалыстар, дене қимылдары 
ретінде қарастырылады.
Халық даналығындағы «ымды білмеген – дымды білмейді» ұғымы 
осымен тікелей байланысты. Қазақ ұлтының әдет-ғұрыптарын зерт-
теп, жинаушы, жазушы-этнограф С. Кенжеахмет дағды, ым-ишара ту-
ралы былай дейді: «Әдет, дағды, ишара, ым арқылы адамдар келісу, 
ашу-ыза, ұялу, жеңілу, жеңу, қайғыру, тағы басқа көңіл-күй көрінісін 
білдірген. Қазақтың осы әдеті бүгін де қолданылады. …Оны жас 
ұрпақ білген жөн. Халық әдет-ғұрпы мінезіндегі өзіне жарасатын 
осы ұғымдар іс-әрекет, бет-пішін, түрлі қимылдар арқылы жасалады»
[С. Кенжеахметұлы, 1998; 161 б.].
Ым және дене қимылдарын этикет формаларының құрамдас бөлігі 
ретінде қазақ және орыс тілдері деректері негізінде қарастырған
А.Д. Сейсенова, ым және дене қимылдары тек қана коммуникативтік жету 
мақсатында әлеуметтік мотивацияға ие болады. Бұл ерекшеліктеріне бай-
ланысты кинемаларды ұлттық-мәдени нышаны бар құбылыс деп анықтауға 
болады. Сол себептен тілдегі паралингвистикалық факторлар белгілі бір 
этностың ұлттық белгілері тұрғысынан зерттелуі қажет, – дейді [А.Д. Сей-
сенова, 1998; 121 б.].
Паралингвистикалық амалдардың ішінде көп тарағаны – дене қи мыл-
дары. Соның ішінде херемалар (гр.hejr, hejros – қол) адамдардың қарым-
қатынас барысында жиі қолданылады: қол алысу, қол қусыру, қол соғу, 
қол жаю, қол сермеу, қол бұлғау, қол көтеру және т.б. фраземалар сөйлеу 
ситуациясы мен қатынас ерекшеліктеріне қарай қолданылады. Қол алысу 
херемасы сәлемдесу, қоштасу, алғыс білдіру, құттықтау, танысу, достасу, 
шартқа отыру, келісімге келу, қолдау ситуацияларында кездеседі.
Қол алысу фраземасы негізінде қалыптасқан қолды кеудеге қою, қол 
бұлғау, қол көтеру, қол жаю және т.б. херемалар ізеттілік пен сыпайылық, 
ыстық ықылас пен жылы жүректің символы ретінде қолданылады. Қазақ 
халқының салт-дәстүрінде сақталған табалдырықты оң аяқпен аттап 
кіру, сыйға тартар нәрсені оң қолымен беру, оң қолымен ишарат білдіру 
т.б. ырымдар адамның кеудесіне оң қолын қоюы негізінде жүзеге асады.
Қол сілтеу «ренжу, өкпелеу», «не болсаң, ол бол» дегенде көңілі қалған, 
жәбірленген кісінің іс-әрекеті. Біреуге қол сілтесең – өзін жәбірлеу, сөгу 
деп те қабылдайды.
Қол көтерді «ұрды, соқты» мағынасындағы фразема бар. Осы фра-
земамен ұштас келетін кинесикалық мағына: 1. сөзім бар, айтарым бар;
2. тоқта, жетер; 3. жеңілдім, бағындым.
Қазақ тілінде бас соматизмі ұйытқы болған бас иді, бас иіп сәлемдесті, 
басын салбыратты, басын көтерді және т.б. фраземалар этикеттік форма 
ретінде тілде жиі қолданылады. Көз соматизмі көз тігу, көзін қадау, көзін 
аларту, көзін қысу, көз тастау, көзін адырайту және т.б. фраземаларына 
тірек болып әр түрлі ситуацияда қолданылады.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
68
Ернін шығару «мазақ ету, келемеждеу» мағынасында қолда-нылады. 
Көбінесе әйелдер мен балалар қолданады.
Қабақ түю «біреуді ұнатпаудың, бір істі жаратпаудың, ренжудің» сим-
волы. Ондай адамдар туралы «қабағы түюлі ғой», «қабағы түсіп кетіпті 
ғой» дейді.
Маңдайын ұру «қатты өкіну, қателесу» мағынасында жұмса-латын фра-
зема. Адамның өзіне-өзі берген қатаң жазасы болып табылады. Бір іске 
өкінген, қайғырған адам өз маңдайын жұдырығымен соғады. Бұл көбінесе 
ер адамдарға тән әрекет.
Сонымен қатар дене мүшелері арқылы жасалған кинемалар-ға 
қолданылатын жаза, тыйым түрлері де бар. Мәселен, бүйіріңді таян-
ба, қолыңды төбеңе көтерме, саусағыңды беземе және т.б. Бұлардың 
барлығы ата-бабаларымыздың салт, сана, әдет-ғұрпындағы ғасырлар 
бойы жинақталған, дәстүрге еніп қалыптасқан халықтың, ұлттық бай 
қазыналарымыздың тармағы болып табылады.
Адамның басқа да дене мүшелері арқылы жасалған фразема-лар 
ұлттық-мәдени белгілеріне ие, олар ұлттық дәстүрмен, таныммен байла-
нысты туындайды. Қазақ салтындағы келіннің тізе бүгіп амандасуы, бас 
иіп тәжім етуі, ас қайырып, қол жаюы проксемикалық құбылыстардың 
этнос мәдениеті мен оның тілінің өзара байланысын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет