бынды, жаңа аяқтанған ботадай, бота тірсек, шоқ басқан тайлақтай т.б.
Түйе малында болатын қимыл-әрекет атаулары да фраземалардың
жасалуына ұйытқы болған: ботадай боздау, ботасы өлген түйедей боз-
дау / бақыру, бақырауық сары атан, кәрі түйедей бақырауық, күркіреді,
күркіреуік, жараған бурпадай күркіреп, тісін қайрады, шабынды т.б.
Табиғатта ақ түйелер сирек кездеседі. Сондықтан ақ түсті аруана,
ақ інген, ақ буралар қазақ дәстүрінде киелі, қасиетті саналған. Ақ түсті
түйені сою – тек бір ырымға байланысты істелген дәстүр болған. Соған
байланысты ақ түйенің қарны жарылды деген фразема сирек болатын,
таң қаларлық істі, молшылықтың символын білдіреді. Ал нардың ерекше
саналғанын ердің құны, нардың пұлы деген фраземадан байқауға болады,
ал түйе етінің молдығына қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің де-
ген фразема іс насырға шапқанда айтылатын сөз.
Түйе малын киелі санаған қазақ халқы ұғымында шаңырақ түйе дәстүрі
болған. Ұзатылған қыздың және оның жанындағы әйелдердің (анасы,
жеңге-сіңлілері) мініп келе жатқан көлігі шаңырақ түйе деп аталған. Жас
келін үшін ол ыстық, қасиетті мал болып саналады. Жолшыбай кездескен
бөтен адамдар мінбейтін болған. Міне қалған жағдайда, оны көрген жұрт
«пәленше келіннің шаңырақ түйесіне мініп келіпті» деп келемеждейтін
болған. Халық салты бойынша, үлкен шаңырақ жеке түйеге артылып, көш
алдында жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен жетелейді, «шаңырақ
түйе» ұғымы осыдан сақталған.
Төрт түлік малдың ішінде қазақ халқы ерекше құрмет тұтатыны – жылқы
малы. Жылқының ең басты қасиеті – ел қорғау жолында келтірген зор пай-
дасы. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен тарихи шежірелерінде батырларға
қызмет еткен сәйгүлік, тұлпар аттары сүйсіне жырлап, өзіне лайықты ат
берген. Ер Төстіктің Шалқұйрық аты, Керұғлының Қыраты, Алпамыстың
Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Қамбардың Қарақасқасы, Тө-
ле геннің Көкбозы, Қараманның Қара-қасқасы, Қараманның Сандалкөгі,
Шатайдың Ақтабаны т.б. жержүйріктерге бұл аттардың қойылуы олардың
түр-түсі, мінез ерекшелілігі, бітім-болмысы себеп болған.
Жүйрік аттардың дене бітімін суреттеу арқылы жасалған, тілде өзіндік
орын алған әдемі теңеуге айналған фраземалар да бар: қой мойын, қоян жақ,
бөкен қабақ, ой желке, теке мұрын, салқы төс, тақыр бақай, жұмыр тұяқ,
тар мықын, күлте құйрық, шақпақ етті, бота тірсек (Абай). Ойық жел-
ке, кекшіл бас, құлжа мойын, наз бедеу (О. Бөкеев). Күдерлі бел, күпшек сан
(О. Бөкеев).
Жылқы малының тұқымына, жүріс-тұрысына т.б. қарай бірнеше түрлері
75
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
75
кездеседі: арғымақ, қазанат, текежаумыт, бедеу ат, қазақы ат, пырақ,
дүлдүл, тұлпар, жабы т.б. Жылқы малының жасына қарай байқалатын
мінезіне ұқсатып жасаған төмендегідей фраземалар да бар: құлындай
құлдырау, құлындай даусы шығу, бесті айғырдай азынау және т.б.
Жылқы малында болатын құбылыстарды білдіретін фраземалар: үйірге
түсу, үйірін қуу, құлағын біздей қадау, бүйірінен жарады, кекілінен қарады,
қанжардай қатып жарады, ішін тарту, сүмбідей жарады, мейіздей қатып
жарады, шаңына ілестірмеу, аса шабу, ақ бөкендей ойнау, топ жарған,
сауға салған, қанаттыны қаққан, аузымен құс тістеген, бәйге бермес т.б.
Жылқы малы мен адамның ара қатынасын білдіретін фраземалар: ат
салысу, аттан салу, ат ұстар, ат ұстатар, ат байлар, ат құйрығын
кесісу, ат сауырын беру, ат құлағы теңесу, ат басын тіреу, ат басы бір
кезеңге теңесті, жылқыға жау тигендей, ат сабылту, ат құрғатпау, ат
айдауы, ат қосу, ат тарту, ат қайту, құйрық тістесіп кетуі т.б.
Қазақ халқының ұғымында ат мінгізіп, шапан жабу салты сақталған.
Құрметті қонаққа, ақын-жырауларға, халық батыр-лары мен елге еңбегі
сіңген ардақты, айтулы азаматтарға – ат мінгізіп, шапан жабу ертеден келе
жатқан ата салты. Өмір талабына сай бұл ұғым марапаттау, мадақтау (на-
града) құрметтерімен жалғасын табуда.
Негізгі тіршіліктің, өмір сүрудің көзі мал болып табылатын қазақ халқы
үшін мал-жанның қыстан аман шығуын үлкен қуаныш санаған. Қыстан
қысылып шыққан ел қар кетісімен сәуір айында кең жайлауға шығып,
малын төлдетіп, қуанышқа кенеледі. Әсіресе, биелері аман құлындап,
ол қарақұлақ-танғаннан кейін жұрт асыға күткен ырыс пен береке
дәстүрі «биебау», яғни бие байлап, қымыз сауу басталады. Дәстүр бой-
ынша әр отбасы ерте дайындалып, қажетті саба, күбісін, ыдысын, ноқта
желісін әзірлеп қояды. Бие байлап, оны салтанатпен сауу ырымын жасау,
«қымызмұрындыққа» шақыру қазақ үшін үлкен той, мәжіліс болған.
Қазақ халқының «биебау» салтына этнографиялық тұрғыдан талдау жа-
сай келіп С. Кенжеахметұлы былай дейді: «Биебау» дәстүрінде желі басына
жұрт жиналып, бие желініне май жағып «құтты бол», «сүтті бол», өсімтал
бол« деген тілек, бата жасайды. Содан кейін бие сауу басталады. Жылқыны
жоғары бағалайтын қазақ бие байлаған кезде, бие сауым, бие ағытар кезде
деген уақыт мөлшерін де белгілеген» [С. Кенжеахметұлы, 1998; 102 б.].
Төрт түліктің бірі – сиыр малы туралы да тілімізде фраземалар едәуір: сиыр
мінез «мінезі теріс, шадыр кісілер туралы», сиыр бүйректеніп «ынты мақсыз,
бөлек болу», мүйіздескен сиырдай «жанжал, өзара қақтығысу». Сиыр малын
жасына қарай бұзау, торпақ, тана, баспақ, тайынша деп бөледі. Бұларға
қатысты фраземалар: құлыққа ұрған танадай, өгіздей боп, өгіз сияқты, өгіздей
өкірді, өгіз олжа, бұқадай шықты, бұқаға салды және т.б.
Қой малы да – төрт түліктің бірі. Қой жуастықтың, момындықтың, бейбіт
жағдайдың символы ретінде танылып, тілде осы мағынаны білдіретін өте
көп фраземалар жасалған: Қой баласын сүйеді қоңырым деп, Еш нәрсені
білмеген момыным деп (Қ. Мырзалиев).
Авакова Р.А. Фразеосемантика
76
Осыдан келіп, адам момынын: қойдай қоңыр, жылқыдан торы, қой ау-
зынан шөп алмайтын, қойдан жуас деп атайды. Ал, қой үстінде бозторғай
жұмыртқалаған; қойы өрісте түнеген; жатып қалған бір тоқты жайы-
лып мың қой болған жұрт деп бейбіт өмірді, берекелі елді, құт мекенді
айтқан. Адамдардың сағынып табысуын – қойдай маңырап дуылдап,
қойдай маңырап, қозыдай жамырап деп, ал жұрттың тұйыққа тіреліп,
сасқан шағын – ұйлыққан қойдай қамалды деп суреттеген, тату балаларды
– егіз қозыдай деп теңеген.
Төрт түлікте қоймен қосылып айтылатын мал – ешкі. Оны Сексек/Шек-
шек ата баласы деп те атаған. Ешкіге қатысты мынандай фраземалар бар:
ешкі көзбену, ешкінің асығындай, ешкі болсын, теке болсын, балаларға сүт
болсын, көгендейлі лақтай, текені әке, ешкіні шеше ету, лақтай секіру.
Ешкінің серкесін мал баққан жұрт қатты құрметтейді: серкесіз қой болмай-
ды деп қоралы қойға басшы ретінде серке қояды да, оны көсем серке дейді.
Ат мүйізді ақ серке қойды бастар жар-жар-ау» – осының дәлелі.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында, салт-санасында
амандықты тілейтін мал-жан аман болсын! фраземасының құрамындағы
жан сөзінен бұрын мал сөзін алуының өзі малды қатты қадірлегендіктен
айтылғаны анық.
Әйтсе де, малды бағу, күту онша жеңіл болмаған, мал өсіру, оны қысы-
жазы бағудың ауыр бейнетін халық көтерген. Бұрынғы қасиетті деп ата-
латын мал иелеріне арлаған қарғысты адамдар мал ауруларымен бай-
ланыстырып қарғаған. Мәселен, жылқы ауруы – жамандату, қой ауруы
– қарасан, түйенің – сусамыр, ақшелек, қойдың – топалаң, ешкі ауруы –
ыза, шешек болған. Еңбектің ауыр азабын тартқан адам: қарасан келгір!,
жамандатқыр!, сусамыр болғыр!, топалаң болғыр!, кебенек келгір!, ала
өкпе болғыр! деп қарғайтын болған.
Негізгі шаруашылығы мен күнкөріс тіршілігі малмен байланысты
болғандықтан жыл мезгілдерінің рақымды болуын, малға жайлы болуын
тілеген өлеңдер көп-ақ. Солардың бірі:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Сонда олжалы жыл болар.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
(Ауыз әдебиетінен) деп наурызда айтылатын тілектер.
Қазақ тілінде малға байланысты көрініс тапқан тілдік фраземалар өте
көп. Сондықтан ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын фраземалардың
әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы орны ерекше болса, оны танымдық
тұрғыдан талдау – қазақы өркениеттегі ұлттық мәдениеттің табиғаты мен
бітім-болмысын ашуда үлкен мүмкіндік береді.
Қазақтың негізгі түп-төркіні төрт түлік мал болғандықтан, олардың әр-
қайсысына жеке-жеке тоқталып, зерттеуімізден біраз орын бердік (3-сурет).
77
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
77
99
Достарыңызбен бөлісу: |