Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет47/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119
Авакова фразеосемантика

Алдар көсе, Жиренше шешен, Қаңбақ шал, Тазша бала, Тоғыз Тоңқылдақ, 
Бір Шіңкілдек, Шық бермес Шығайбай т.б.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
92
Наушаруан – Сосониттер династиясынан шыққан VІ ғасырда Иран 
шахы Ануширванның (парсыша – өлмейтін жан) «Кабуснамада» (ХІ ғ.) 55 
өсиет сөзі берілген. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде» [Н.Төреғұлов, 
1994; 476 б.] ол дана, шыншыл, әділ өлшемі ретінде суреттеледі. Наушаруа 
анадай әділ деген тіркес «ешкімге қиянаты жоқ, қара қылды қақ жарған 
адам» туралы айтылады. 
Қорыта келгенде, мифке айналған бұл бейнелер халық санасына әбден 
сіңіп, дана адамды ақылы Аплатондай, қолы ашық серпіні – Атымтай-
дай жомарт, арақалыс төрешіні – Наушаруандай әділ, қызғаншақты – 
Қарынбайдай сараң, сұмды – Қарабайдай қаныпезер, ғашықтықты – Қозы 
Көрпеш Баяндай деп бейнелі айту дәстүрге айналған.
Тіліміздегі бірқатар діни сипаттағы пір, әулие, аруақ сияқты сөздердің 
қатынасымен жасалған қасиетті адамдардың аттары мақалданып, нақыл-
данып кеткен.
Мұхаммед – Алланың елшісі. Адамдарға құдай біреу (арабша – Алла) 
[Мифологический словарь, 1991; 44 б.] деп, оларды түрлі касапат жаманат-
тан сақтандырушы, Құранды ілімдерді уағыздаушы пайғамбар Аталары-
мыз ұрпақтарына:
«Құдайдың – құлымыз
Мұхаммедтің – үмбетіміз
Шадиярдың – досымыз», – 
деп айтуды қасиетті өсиет ретінде қалдырған.
Қожа Ахмет – ежелгі Яссы шаһарын мекен еткен, мистикалық ілімді 
насихаттаушы сопы, артына «Диуани Хикмет» атты үлкен мұра қалдырған 
пәлсапашыл ақын. Кейбір деректерде Бұхарада атақты Арыстан бабтан 
тәлім-тәрбие алғандығы келтіріледі. Аңызда Мұхаммед пайғамбар Қожа 
Ахметке аманат ретінде құрма жемісті бір ақсақал арқылы табыстаған. 
«Түмен бабтар түнеген, мекен еткен
Түркістан ғой түріктен бізге жеткен», – 
деп жырға қосқан ақын О. Дастанов бұл ақсақалдардың атының Салмен 
парсы екенін, аңдар арасында ұзақ жүріп, тілін үйреніп, арыстанды ат қып 
мінгенін көрген Қожа Ахмет Арыстан баб деген атты берген [Ә.Дастанов, 
2000; 89 б.].
Бекет Мырзағұлұлы (1750-1813 жж.) – 362 әулие мекен еткен киелі 
Маңғыстауда ғұмыр кешкен, Адай руынан шыққан, табиғат ерекше 
жаратқан адам: қазақтың батыры, сәулетшісі, ағартушысы, ойшыл және 
қасиетті әулие» [Сөнбес жұлдыздар, 1989; 92 б.]. Шын мәнісінде, Бе-
кет – сыртқы жауларға қарсы күрескен, батырлығымен қоса, жер асты 
ғимараттарын жасаған сәулетші, шебер. Айналасына шәкірт жинап, дәріс 
берген ұстаз сәуегей, абыз, аузы дуалы би де болған. «Тарыққанды жебе-


93
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
93
ген, қысылғанды демеген» Бекет атаны филология ғылымдарының канди-
даты Қ. Сыдықұлы былай деп жырға қосыпты:
Бір өзіңе бас иетін көбейді ел,
Жаным жүдеп, жабырқасам, жебей көр.
Тайғақ кешу, тар жерлерде уа, бабам
Жар бола гөр, қолтығымнан демей гөр!
Күні бүгінге дейін ел арасында Бекет атаны пір тұтып, әулие санап, ба-
сына тәу етушілер көбеймесе, азайған жоқ.

Өлдің, Мамай, қор болдың
Тарихта туған жылы белгісіз Мамайдың Алтын Орданың қолбасшысы 
және Әбілқайырдың немере інісі болғандығы туралы дерек бар [Абылай 
хан // Тарихи жырлар, 1993; 406 б.]. Мамай батыр Руське аттанған жорықта 
атақты Куликова шайқасында (1380 ж.) жеңіліп, Кафаға «(қазіргі Феодося) 
қашады, сол жерде ажалы жетіп, дүниеден өтеді. Тірісінде ел билеп, ба-
тыр атанып, жалғанды жалпағымен басқанымен, көзі жұмылған соң аты да, 
атағы де өшеді. Бұл сөз басында Мамай батырға байланысты туғанымен, 
заман өте адамзат баласының бәріне де қатысты мәнде жұмсалып келеді. 
Адамның аты мен затының мәңгілік емес екендігі, «көзден кетсе, көңілден 
кетеді» деген пәлсапалық тұжырым жатыр.
Асылы, үлгілі аталы сөздер, кемеңгер ойлар шебер тілден ғана тумай-
ды, елдік, халықтық маңызы бар ұлы оқиғалардан, оны жасаушы ұлы 
тұлғалардан туатыны хақ. «Нақыл мақал секілді белгілі мақсатқа ғана 
қызмет ететін даналық сөз. Нақыл мен мақалдың айырмашылығы ел ара-
сына тарай білуінде» [Б. Адамбаев, 1976; 110 б.]. Үлкен ой, терең пікірге 
құралған өмір туралы айтылған нақыл сөздерде талай аты аңызға айналған, 
даңқы жер жарған тарихи антропонимдер жатыр.
• Абылайдың асында шаппағанда,
Атаңның басында шабасың ба?
Абылай (Әбілмансұр) – Орта жүздің ханы болғанымен, Ұлы жүз бен 
Кіші жүзге ықпалын жүргізген, бүкіл қазақ халқын біріктіруге күш салған 
қайраткер, ақылды дипломат, батыр қолбасшы болған. Ол туралы ұлы 
оқымысты Ш. Уәлиханов: «Қазақтардың аңыз әңгімелерінде Абылай 
айырықша қасиеті бар, киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абы-
лай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры», – деген пікір ай-
тады. Абылай хан дүниеден өткеннен кейін үш жүздің баласы бас қосып, 
Қызылжарға жақын Қараой деген жерде үлкен ас береді. Бәйгеге 40 ат 
тігіледі. Тарихта ең ұлы ас осы болған, одан кейінгі астарда ешкім де 40 
атқа бәйге тігіп көрмепті деседі. Бұл даналық сөздің қазақ халқына кең 
тарағаны соншалық, нақыл сөзден гөрі, мақалға айналған деуге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет