Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет6/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Авакова фразеосемантика

1-суретТіл қабаттарының жүйесі
мүлдем өзгереді, – деген ғылыми тұжырым айтады [М.Балақаев, 
Т.Қордабаев, 1971; 32-33 бб.]. 
Тіл бірліктері бір-бірімен тығыз иерархиялық байланыста 
болады (ол қабаттардың деңгейаралық байланысы 1-сызбада 
көрсетілген). Сызбада лексикалық және синтаксистік қабаттың 
арасында деңгейаралық байланысты құрайтын фразеологиялық 
жүйе мен сөз тіркестері жүйесінің орны көрсетілген. Сөз 
тіркестері жүйесі негізінде жасалған фразеологиялық бірліктер 
әрі лексикологияның, әрі синтаксистің зерттеу нысаны бола 
алады. 
Фраземалар синтаксиспен, оның ішінде сөйлем мүшелерімен 
де, сөйлемнің түрлерімен де тығыз байланысты. Сөз тіркесі 
типінде жасалған фразеологизмдер, сөйлем түрінде жасалған 
фразеологизмдер туралы чуваш фраземасын зерттеген ғалым 
М.Ф. Чернов “Современный чувашский язык. Слово, фразеоло-
гизм и свободное сочетание слов” (Чебаксары, 1988) еңбегінде 
жан-жақты қарастырылған. Фраземалар өзінің табиғаты жағы-
нан екі жақтылық құбылысы, бір жағынан, оның дара сөзге 
Фонетикалық қабат 
(жүйелік бірліктері – фонемалар)
Лексикалық қабат 
(жүйелік бірліктер – сөз)
Синтаксистік қабат 
(жүйелік бірліктер – сөйлем) 
Фразеологиялық жүйе 
(бірліктері – тұрақты 
тіркестер
Бас көтеру; 
адам болу
Сөз тіркестері жүйесі 
(бірліктері – еркін сөз 
тіркестері)
Морфологиялық қабат
(жүйелік бірліктері – морфемалар

 1-сурет. Тіл қабаттарының жүйесі
Лексема атауыштық мәнде жұмсалса, фразема бейнелеуіштік-
атауыштық мағына басым; сөз – белгілейді, фразема – бейнелейді; лексема 
– көбіне халықтың дүниетанымының жемісі болса, фразема – адамзаттың 
ойлау қабілеті мүмкіндігінің, психологиясының, түрлі табиғи қабілеттері 
мен қасиеттерінің жемісі; сөз – бүтін бітімді (цельноформленный) бол-
са, фразема – бөлек бітімді (раздельно-оформленный); сөздің барлық 
жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы шарт емес, ол фразема үшін 
қажетті шарт; сөз түбір (негізгі) мағынаны, фразема туынды мағынаны 
білдіреді; сөз өзінің референттік қасиетін сақтаса, фразема құрамындағы 
сөздер өздерінің ішкі референттік қасиетін сақтай алмайды; лексемада 
лексикалық, фраземада фразеологиялық мағына болады және т.б.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің теориялық негіздерін зерттеген ғалым 
Б. Қасым оларды күрделі атаулар деп қарастырып, тілдік деректердің 
атаулық қасиеттерін сараптап, уәжділік дәрежесіне орай 3 түрге бөледі:
1) тура уәжділік (лексикалық морфемдердің айқын, тура мағыналары); 
2) жартылай уәжділік (уәждеуші сыңарлардың біреуінің мағынасы 
күңгірттеніп, көмескіленіп, ауыс мағынаға көшуі), 3) көмескі уәжділік 
(айқын мағынаның орнына жасырын мағынаның пайда болуынан ауыс 
мағынаға көшуі) [Б.Қ. Қасым, 2002; 34 б.]. Көмескі уәжділікке ие күрделі 
атауларды фраземаларға жақын бірліктер деп қарастыруға болады. Тілдің 
лексикология саласында қарастыратын, атауыштық қызмет атқаратын 
күрделі сөздердің де фраземалардан айырмашылығы бар:

күрделі сөздер фраземалардың қалыптасу төркіні еркін тіркестер 
болғанымен, олардың қалыптасу үрдісі әр басқа (күрделі сөздер үшін – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет