Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет8/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   119
Авакова фразеосемантика

Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
17
тигізеді. Алайда 1970 жылдарға дейін жарық көрген фразеологиялық 
сөздіктерде түркі тілдерінің фразеологиялық қоры жан-жақты жинасты-
рылды деп айта алмаймыз.
Қазақ фразеологизмдерін теориялық тұрғыдан зерттеу мен арнайы 
лексикографиялық еңбектерді басып шығару атақты ғалым І. Кеңесбаев 
еңбектерінен бастау алады. Түркі тілдес халықтардың ішінде алғашқы 
фундаменталды еңбекті академик І. Кеңесбаев 1977 жылы басып шығарды.
Теориялық тұрғыдан түркі тілдес халықтардың фразеологиясының 
зерттелуі бірқалыпты емес. Қазақ, әзірбайжан, татар, башқұрт, өзбек, чуваш 
тілдерінің фразеологиялық теориясы біршама жүйеге түсті десек, кейбір 
түркі тілдері (ұйғыр, хакас, түрік, қарақалпақ, түркімен және т.б.) бойынша 
азды-көпті зерттеулер мен кандидаттық диссертациялар қорғалған.
Теориялық және лексикографиялық тұрғыдан жалпы түркі фразеология-
сы бірқалыпты, жүйелі зерттелмегендіктен қазіргі таңда түркі тілдерінің 
фразеологиясын әрі синхронды, әрі диахронды аспектіде салыстырмалы 
(тарихи-салыстырмалы) еңбектерді жазу ісі қолға алынбай отыр.
Жалпытүркілік қорды құрайтын фразеологизмдер мен жазба ескерт-
кіштер құрамындағы фразеологиялық бірліктерді зерттеу түркітану 
ғылымының болашағы болып табылады. Фразеологизмдердің әдістемелерін 
анықтау фраземаларды айқындаудың мәртебесімен тікелей байланысты. 
Фраземаларға кең көлемдегі көзқарас синтаксис аспектісімен ұштасып 
жатса, керісінше, тар көлемдегі баға лексикологиямен табан тіресуі әбден 
мүмкін. 
Фразеологизмдерге деген тар көлемдегі бағытты ұстай отырып 
оларды зерттеудің, талдаудың әдістеріне (методтарына) сипаттама жа-
сап көрейік. Фразеология теориясында қалыптасқан әдістер осы сала 
бойынша жазылған еңбектердің жемісі болып табылады. ХХ ғасырдың 
қырқыншы жылдары тіл білімінің саласы ретінде қалыптасқан фразеоло-
гия ғылымында қазіргі күні әр түрлі бағыттар мен осы бағыт нәтижесінде 
түрлі әдістер дүниеге келді.
Жалпы фразеология теориясында бүгінгі таңда төмендегідей әдістер 
қалыптасқан:

құрылымдық-семантикалық моделдеу әдісі. Ол идеографиялық 
өрістер мен семантикалық топтарға және синонимдік қатарларға сүйенеді;
• семантикалық-синтаксистік моделдеу әдісі. Бұл әдіс фразема-
лар жүйесінің универсалдылығы мен дифференциалдық құры лымын 
айқындауды мақсат етеді;

құрылымдық-ұялық әдіс негізінде фраземалар компонент терінің 
тақырыптық топтастырулары жатыр;

валенттілік әдіс фраземалар құрамындағы сөздердің тірке сімділігіне 
негізделген;

семантикалық-диахрониялық әдіс. Фраземаларды тарихи тұрғыдан 
салыстырып зерттеуге негізделген;


Авакова Р.А. Фразеосемантика
18

эквиваленттік әдіс түрлі типологиялық топтарға жататын тілдерді са-
лыстыру нәтижесінде жүзеге асады;

функционалды-коммуникативтік әдіс тілдердің фразеологиялық 
жүйесінің квалитативті және квантативті ұқсастықтары мен социолинг-
вистикалық ерекшеліктеріне сүйенеді;

сипаттамалы лексикографиялық әдіс қостілді сөздіктерге талдау 
негізінде жүзеге асады.
Кез келген тілдің фраземалары тілдік жүйеде қалыптасқан сөз тіркестері 
моделдері негізінде жасалады. Фразеологизмдердің сөз тіркестеріне және сөз 
тап тарына қатысын, фразеологиялық бірліктерге тақырыптық-семантика-
лық топтастырулар жасау, ол бірліктердің синонимдік қатарлар құрауы және 
т.б. мәселелер құрылымдық-семантикалық әдіс негізінде талданған.
Бұл әдіс фразеология теориясында кең қанат жайған. ХХ ғасыр дың 
сексенінші жылдарына дейін осы әдіс негізінде жазылған еңбектер саны 
аз емес.
Қазіргі қазақ тіл білімі фразеологиясында аталмыш теория лардың ала-
тын орны ерекше. Ол әдістер негізінде қорғалған кандидаттық, докторлық 
диссертациялар мен монографиялық еңбектер баршылық.
Фразеологиялық қордың қандай әдіс негізінде талдануына орай қазақ 
тіл білімінің фразеология саласы түрлі бағыттар бойынша зерттелді:
1. Фразеологизмдердің теориялық, практикалық мәселелері
1
.
Фразеологиялық бірліктердің сөздік қордағы орны мен рөлі, олардың 
күрделі сөздермен, синтаксистік тіркестермен, тұрақты тіркестермен 
арақатынасы мен ерекшеліктері, номинативтік қасиеттері, сөздердің 
фразеологиялық байлаулы мағыналары, лексикографиялық бір тілдік, 
түсіндірме және қостілді деректерде берілуі мен аударылуы және т.б. 
теориялық мәселелер қазіргі қазақ тілінде зерттелді.
2. Фразеологизмдердің стильдік қызметі
2
.
Фразеологиялық бірліктердің әдеби тілдік стильдік тармақтарға бөлінуі, 
1
Бұл мәселе туралы жазылған ірі ғылыми еңбектер ғана көрсетілді. Кенесбаев С.К. О 
некоторых особенностях фразеологических единиц в казахском языке // Известия АН 
КазССР, сер.филол. и искусств., вып.1-2. – Алма-Ата, 1954; Қазақ тілінің фразеологизмдері 
туралы //Кенесбаев С.К. Исследования по казахскому языкознанию. – Алма-Ата, 1997. – 
С.207-259; Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. 
– Алматы, 1998; Сәтенова С.К. Қазақ тіліндегі тағанды фразеологизмдердің тілдік 
және поэтикалық табиғаты. – Алматы, 1999, Исабеков С. Принцип дополнительности в 
номинативной системе языка. – Алматы, 1992; Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық 
және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1998 және т.б. 
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет