Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет4/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Авакова фразеосемантика

Қызы Раушангүл Əмірденқызы
5


Авакова Р.А. Фразеосемантика
6
П. Дәулетова және т.б.) мәселелері тіл білімінің түрлі аспектілерінде 
зерттелді. Сонда да қазақ тілінің фразеологиялық қорын кешенді түрде 
зерттеу бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-санасының, экономикалық-саяси 
көзқарасының айнасы болып табылатын фразеологизмдер – тақырыптық 
және семантикалық тұрғыдан көп аспектілі, ойлау мен танымның ерек-
ше бейнелі, эмоционалды-экспрессивтік реңкіне ие, тіл қабаттарының 
ішіндегі құрылымдық типтері мен синтаксистік модельдері қалыптасқан 
тілдік бірліктер. 

Тұрақты тіркестер XX ғасырдың соңғы онжылдығында дами бастаған 
тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – қазақ тілі 
фраземаларының семантикасын зерттеудің теориялық дәйектемелерін 
негіздеу;

фраземалардың пайда болуына ұйытқы болатын уәждерін анықтау, 
әлемнің тілдік бейнесіндегі олардың ішкі формасының фразеологиялық 
мағынамен сабақтастығын көрсету;

қазақ тілі фраземаларының семантикасын ашуға мүмкіндік беретін 
этномәдени ерекшеліктерді көрсетіп, олардың мифологиялық табиғатын 
айқындау;

фраземалардың мағыналық қасиеттерін ашуда таза тілдік және 
семиотикалық аспектілердің біртұтас көрінісін бағамдау;

бейнелі тіркестер семантикасындағы архисемалық «қалдықтардың» 
ерекшеліктерін саралау;

ерекше тілдік бірлік болып табылатын көнерген сыңарлы 
фраземалардың мағынасына талдау жасау;

фраземалық бірліктерде көрініс тапқан плеоназм құбылы-сына 
лингвистикалық тұрғыдан баға беру;

қазақ 
тілі 
фраземаларының 
құрамындағы 
символдардың 
се ман тикалық ерекшеліктерін ашу;

фраземалардың ішкі формасындағы ұлттық-мәдени кон-нотацияның 
терең құрылымдық табиғатын көрсету және олардың бойындағы «шағын 
мәтіндік» қасиетті анықтау.
Қазіргі тілдік қорда жиі қолданылатын, ұлттық-мәдени ерекшеліктерді 
мейлінше мол сақтаған фраземалар зерттеу нысаны болды. 
Қазақ тілі ғылымында фраземика тіл білімінің деңгейаралық саласы 
ретінде кешенді түрде алғаш рет зерттелініп отыр. Адамзаттың танымдық 
ойлауының жемісі болып табылатын фраземалар семантикалық аспектіде 
талданылып, мына мәселелер ғылыми тұрғыдан шешімін тапты:
• тіл қабаттарынан қазақ фразеологиялық жүйесінің алатын орнына 
теориялық және методологиялық тұрғыдан баға берілді, фраземика және 
фразема терминдері қазақ фразеологиясында ал ғаш рет қолданылды;
• фраземалардың құрамындағы мифологемалардың мәдени-ұлттық си-
паты танымдық тұрғыдан талданылды;


7
Сөзбасы
7
• фраземалардың ішкі формаларының этномәдени және экстралинг-
вистикалық дерек көздері ашылды;
• компоненттік анализ арқылы көнерген фраземалар құрамының се-
мантикасына талдау жасалынды;
• тіл білімінде тавтология ретінде танылатын плеоназм құ былысына 
фразеологиялық материалдар негізінде ғылыми дәйектеме берілді;
• фраземалардың таңбалық-символдық белгілері бірінші рет 
ассоциативті-бейнелі ойлауының жемісі ретінде танылды;
• «шағын мәтін» болып табылатын фраземалардың конно-тациялық 
мағыналарына тілдік талдау алғаш рет жасалынды.
Фразеология теориясы мен оның методологиялық негіздемесіне 
төмендегідей ғылыми дәйектемелер жасауға болады:
1. Фразеологизмдер семантикасының теориялық және мето дологиялық 
негіздері:
• фразеология тіл білімінің ерекше мағынаға ие сөз тіркестерін 
зерттейтін синтаксиспен, сөздердің мағынасын зерттейтін лексикологи-
ямен байланысты, фонетика, морфологиямен қатар деңгейаралық қабат 
ретінде қалыптасқан, өзіндік сипаттары бар лингвистикалық сала болып 
табылады.
• тіл бірліктерінің ішінде ерекше феномен болып танылатын фразе-
малар – құрамындағы лексикалық сыңарларының мағыналары мен оның 
біртұтас мағыналарының арасында еш байланыс жоқтығын, ауыспалы, 
бейнелі мағынада тілдік қолданысқа түсетін, экспрессивті-эмоционалдық 
табиғатымен, фразеологиялық номинация тұтастығымен, компонент 
құрамының жекелігімен, даяр қалпында қолданылу ерекшелігімен, 
тұрақтылығымен сараланатын тіл бірлігі.
2. Тілдік фактілер мен фразеологизмдердің ішкі формаларына 
жасалынған талдау фразеологизмдер семантикасын байланыстыру-
шы «прототиптер» мен фразеологиялық бейненің пайда болу шарт-
тарын, қазақ фразеологиясының ұлттық ерекшеліктері көрсететін 
экстралингвистикалық факторларды қалпына келтіруге септігін тигізді. 
Сонымен қатар фраземалардың ішкі формадан туындайтын мағыналық 
жақтары қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, еңбек ету болмысымен, та-
рихымен, рухани мәдениетімен, әдет-ғұрпымен және наным-сенімдерімен 
байланысты дәлелденеді. Фраземалардың ішкі формасы негізінде сараланған 
мағыналық-тақырыптық (соматизмдер, зооморфизмдер, алғыс-қарғыс, діни-
мифологиялық т.б.) топтастырулар тілдік бірліктердің негізгі деректерін 
анықтауға, олардың пайда болуының экстралингвистикалық жағдаятын 
қалпына келтіруге, фраземажасам үрдісі кезіндегі әлеуметтік факторларды 
«жандандыруға» мүмкіндік берді.
3. Ғасырлар куәсі болған әдет-ғұрыптар мен салт-саналар, аңыздар 
мен дәстүрлер, өте ерте заманда қалыптасқан мифоло-гиялық түсініктер 
уәждерінің халық санасында қалып, шығу көзі белгісіз, дайын код ретінде 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
8
қолданылатын архетипті байланыс фразеологиялық қордың көне дәуірдің 
жемісі екендігінің дәлелі.
4. Фраземалардың халықтық табиғатын түсінудегі, ұлттық мәдениетпен 
байланысын көре білудегі негізгі факторлары олардың мағынасындағы 
экстралингвистикалық себептерін анықтауға, ішкі формасындағы 
ассоциативтік-символдық байланыстардың уәждерін саралауға мүмкіндік 
берді. Фраземалардың пайда болу уәждері көбінесе универсалды сипатқа 
ие, өйткені олардың қалыптасу кезеңіндегі түрлі жағдайлар фраземалық 
мағынаның жасалуына септігін тигізеді.
5. Қазақ тіліндегі фраземалардың пайда болу көздері халық тарихы-
мен, өмір-тіршілігімен, қоғаммен, материалдық және рухани мәдениетімен 
тығыз байланысты. Қоғамның даму барысында бұл атрибуттар ұмытылады, 
соның нәтижесінде ұғымның тура мағынасы көмескіленеді, халық са-
насында, оның тілдік қорында бейнелі, астарлы, айшықты тіркестер 
– архисемалық «тарихи қалдықтар» семиотикалық таңбалар ретінде 
ұрпақтан-ұрпаққа сақталады.
6. Тілдің сөздік құрамының толығуы өзінің ішкі мүмкін-шіліктері 
арқылы ғана емес, сонымен қатар сөз байлығы өзге тілдер элементтерін 
кіргізу арқылы да жүзеге асырылады. Қазақ тілінің фраземалық қоры 
тарихи-әлеуметтік жағдайлармен тікелей байланысты араб, парсы, 
монғол тілдерінен енген сөздермен толыққан. Фразема құрамындағы 
қазіргі сөйлеушіге түсініксіз, мағынасы күңгірт сөздердің шығу төркіні 
мен фраземалық уәждері алтайлық, көне түркілік, орта ғасырлық тарихи 
кезеңдермен тікелей байланысты.
7. Тілдік табиғаты ерекше басы артық, ой қайталанушылық деп таны-
латын плеонастық құбылыстар негізінде қалыптасқан фраземалар тілдік 
қорды байытудың қайнар көзі болып табылады.
8. Фразема жасауға ұйытқы болған символ сөздер халықтың 
мифопоэтикалық дәстүрлерімен тығыз байланысты. Сандық және түстік 
символдар тірек болған фраземалардың бойында мифтік культуремалардың 
таңбалық-символдық мағыналары сақталған, өйткені олардың қалып тасу-
ына халық санасындағы мифтік-ма гиялық түсініктер мен танымдар әсер 
еткен.
9. Мәдени коннотациялық мәнге ие фраземалар «шағын мәтін» бо-
лып табылады. Олардың ішкі формасы «шағын мәтін» арқылы сақталып, 
ұрпақтан-ұрпақка жетеді. Адамның рухани дүниесі, сенімдері мен жан 
дүниесі тіл арқылы емес, мәтін арқылы көрініс табады. Шағын мәтін бо-
лып табылатын фраземалар – мәдениетпен тікелей байланысты әр алуан 
«мәдени кодтарды» жеткізуші, тарих, этнография, ұлттық психология, 
әдет-ғұрып, және т.б. ұлттық көріністерін өз бойына сақтаушы таңбалар 
«экспоненті».
Тілдің негізгі байлығы жеке сөздерде ғана емес, сан жағынан одан 


9
Сөзбасы
бірнеше есе артық сөз тіркестерінде шоғырланғаны белгілі. Сол сөз 
тіркестерінің ерекше түрі, адамның бейнелі ойлауының жемісі болып табы-
латын фраземалардың мағынасын түрлі аспектіде қарастыру бұл мәселеге 
жаңаша көзқараспен бағыттауға септігін тигізді.
Монографияда соңғы жылдары тіл білімінің шектес ғылымдар 
тоғысуындағы пайда болған бағыттарға орай фраземалық бірліктерге 
этномәденитанулық, семасиологиялық, когнитивтік және лингвистикалық 
мәдениеттану аспектілерінде кешенді түрде зерттелді, фразеологиялық 
фактілерді реконструкциялау арқылы ұлттық-мәдени дәстүрлер анықталды, 
халықтың ертедегі мифологиялық түсініктері мен әлем моделінің дәстүрлі 
ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан дәйектелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет