Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет93/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   119
Авакова фразеосемантика

Авакова Р.А. Фразеосемантика
182
бөрте шыбыш, тарғыл теке, сағал-жағал ешкі, ақ сұр ешкі, сары лақ т.б. 
ешкі арасында қой сияқты сары қасқасы, ақ төбелі, теңбіл қарасы, қара 
шұбары, ақ бастысы, ақ қаптал, ақ ауызы кездеседі де, ал бөрте сағал түстер 
басқа малдарда көп кездеспейді.
Төртінші түлік – сиыр малының да өзіне тән түр-түстері бар.
Ш. Жанәбіловтың анықтамалары бойынша олардың негізгілері: қара, қара 
қоңыр, қызыл, ала, көк, тарғыл. Кейде түр-түс атаулары өзінің мағыналық 
әсерлігіне образдылығына, бейне-леуіш ерекшелігіне және қолданыс 
жиілігіне байланысты фраземалардың құрамында атау ретінде ұшырап 
отырады. Мәселен, қазақта «Ақтылы қой, алалы жылқы» деген фразема 
бар. Махамбет оны «Алалы жылқы, ақтылы қой, Аңдыған бөрі жемей 
ме...?» деп келтіреді. Осыған қарағанда мал бағушы қазақ үшін мал түсінің 
де ерекше мәні болған. Әдеби-фольклор деректеріне қарағанда, қазақтар 
бұрын қой малының бір текті түстісін, ал жылқы малының түрлі-түсті 
болғанын ұнатқан. Мысалы: қойдан қоңыр, жылқыдан торы деген фразе-
малардан біз қарапайымдылықты, жуастықты аңғарамыз. Бұл да малдың 
түр-түс ерекшеліктеріне байланысты туған фразема.
Бұл үлкен тарауда біз «мәдени бірліктер арқылы тіл бірліктерінің 
табиғатын» (В.В. Маслова) ашуға болатынын дәлелдеуге тырыстық.
Біріншіден, фраземалық бірліктердің анықтамасы мен фраземалық 
қасиетін тілде сақтаған мәдени мағлұматтардан;
екіншіден, қалыптасқан символдар, олардың уәжділігі мен түптөркінін 
идиоматикадан;
үшіншіден, басқа халықтан ауысқан антропонимдер мен топонимдердің 
фраземада ұшырасуы ситуациясын, фраземалық таңбалардан;
төртіншіден, сан ұғымдарының киелі мәнін, (діни, әлемдік) магиялық 
күшін ежелгі халықтың ұғым-түсінігінен, салт-санасынан;
бесіншіден, табиғаттағы түр мен түстердің символдық мағыналарын эт-
нос, халықтың психологиясынан, эстетикалық танымынан іздеуге болады.
Қазақ тілінің сөздік қорында сақталған фразеологизмдердің тілдің өт ке-
нінен ғана емес, халық тарихы мен мәдениетінен мағлұмат беретін қазына 
болып табылады. Фраземалық бірліктердің құрамындағы қазіргі тілдік 
тұрғыдан бейтаныс сөздер мен конструкциялар «өткен» тарих көзі екені 
сөзсіз. Тілдегі сақталған фразеологиялық бірліктер адамның өмірі, олардың 
қоғамдағы орны, мінез-құлықтары, бір-бірімен қарым қатынасы, армандары 
мен танымдық ойларының бейнесі негізінде қандайда бір оқиғаны, ситуаци-
яны саналы түрде ой елегінен өткізуінің нәтижесінде пайда болған.
Фраземалар тіл байлығы ретінде, ұзақ ғасырлар жемісі іспетті атадан 
балаға мұра болып сақталған. Олардың көпшілігі тілдегі символдық бейне-
лер болып табылады. Символ дегеніміз – ойды астарлап, бейнелі тәсілдер 
арқылы жеткізуде басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақты сипа-
ты бар балама бейне. Кез келген құрылымдық мағына символ бола алады. 
Себебі сөздің тура, біріншілік мағынасымен қоса, екіншілік, ауыс, бейнелі 
мағынасы қатар жүреді. Осы екіншілік мағынаны тек біріншілік, тура 


183
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
183
мағына негізінде ғана түсінуге болады. Тура мағынадан туындаған сөздің 
ауыс, бейнелі мағынасы тілдегі символдар жүйесін құрайды.
Фраземалардағы символдық мағына тілдің эволюциялық жолымен 
дамып, өрбіген, солардың негізінде пайда болған, символдық мағынаға 
ие сөздердің (дитскрипторлардың) өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың 
танымдық, ұлттық-мәдени, фондық мағыналары сол тілде сөйлейтін 
халықтың дүниені тануы мен құбылыстарға баға беруімен, әлемнің тілдік 
бейнесімен тығыз байланысты. Екіншілік мағынамен тығыз байланысты 
символдық мағынаның пайда болуын, олардағы фразеологиялану үрдісінің 
қашан, не үшін, қандай ситуацияда пайда болғанын бүгінгі тілдік тұрғыдан 
дәлелдеп беру мүмкін емес. Фразема-жасамға ұйытқы символ-сөздердің 
табиғатын ашу барысында, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын
дүниетанымы мен мәдениетін, этнографиясы мен тарихын т.б. байланы-
сты әлеу-меттік, саяси, қоғамдық факторларды ескерген жағдайда олардың 
уәждену үрдісін ашуға болатыны сөзсіз.
Фраземалардың символдық мағынасын кез келген тілдік бірліктер 
арқылы ашуға болады. Саны жағынан басқа бірліктермен салыстырғанда 
шектеулі сан және түр-түс символдармен келген фразеологизмдер бой-
ында символдық мағыналар халық-тың дүниені танып-білуімен, түрлі 
дәстүрлермен тығыз байланысты дамып, өрбіген.
Мифопоэтикалық дәстүрлерде сан ұғымдарына киелі мән беріп, 
оларға діни, тәңірлік және әлемдік символдар ретінде қараған. Сан сим-
волдарын ерекше магиялық қасиеттермен байланыстырып, олардың 
бойында адам санасы жете қоймайтын құдіретті құпиялар мен сырлар 
жатқанына сенген. Сан есімдермен келген фраземалардың мағынасында 
мифтік культуремалардың символдары сақталған. Сан символдарының 
қалыптасуына халық санасындағы магиялық, діни түсініктер мен таным-
дар әсер еткен.
Адамзат қоршаған ортаға, табиғатқа көзқарасы мен оны көру әлемі 
ортақ болғанымен, кейбір жағдайда оларға көзқарасы, табиғи түстер мен 
реңктерді сезінуі мен қабылдауы бірдей бола бермейді. Түр мен түстің 
дүниетанымдық ерекшелігі этностың, халықтың немесе жеке тұлғаның 
психологиясымен, сезіну, қабылдау қабілетімен, эстетикалық танымымен, 
шығармашылық дүниесімен тікелей байланысты.
Қазақ тілінде түр мен түс атауларының номинативтік мағыналарына 
қарағанда, олардың ауыспалы, қосымша символға айналған мағыналары 
басымырақ болып келеді. Бұл категория тілдің ұзақ даму тарихында 
қалыптасып, қолданыс дәстүріне арналған тілдің құдіреті мен қасиетінің 
көрінісі болып табылады. 
Қазақ тіліндегі фраземалар бойындағы сақталған символдық мағына 
«рухани таңбалар» болып табылады. Олардың символдық мағынасын 
түсінуге адамдар әрқашан талпынады. Үшінші әлем, бейнелі дыбыстар 
дүниесін жасайтын сөз құпиясы мен сырларын тану – адамзат әлемін тану-
мен барабар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет