Авакова Р.А. Фразеосемантика
180
[Древнетюрский словарь, 1961; 456 б.]. Бұл жерде уақыт өткен сайын сөздің
тұлғасы өзгермесе де, мағынасы жаңарып, отыратындығынан мәлімет алып
отырмыз» [Ә.
Нұрмағамбетов, 1994; 180-181 бб.].
Ала түсімен келетін фраземалардың символдық мағынасы. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде ала сын есімінің алты мағынасы берілген [Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 178-179 бб.].
1. Ақ және басқа түстердің араласып келген түрі;
2. Малдың хайуанаттың түсі;
3. Көз алмасының ақ түсті қабағы;
4. Бірдей емес, бір жері олай, бір жері бұлай;
5.
Ауыз бірлігі жоқ, ынтымақсыз, ала ауыз;
6. Арам пиғыл, ниеті бөлек.
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісімен (♦)
берілген.
Көне ұйғыр
ескерткіштерінде Қараханид, орта ғасырлық қыпшақ,
хорезм, шағатай, көне осман ескерткіштерінде, түркі тілдерінің басым
көпшілігінде – ala тұлғасында, гагауыз тілінде alaza, чуваш тілінде – ula
вариантында кездеседі.
Ала түсі қазақ тілінде көбінесе номинативтік мағынасында емес, ауыспа-
лы мағынасында қолданылады. Бұның себебі ғалымдар былай түсіндіреді.
Ала түс жалпы ақ түс тобындағы (ақ, боз, сары, сұр, құла, құба, қылың,
бозғылт, сарғылт т.б.) реңктермен қара-қоңыр түс тобындағы (қара, қоңыр,
торы, кер, баран, күрең т.б.) реңктердің араласуы арқылы пайда болуына
байланысты неше алуан түр-түс гаммасы жасауында. Түстің ала-құла әр
тектес болып келуі олардың мағыналық жағынан да, шеңберінің кеңеюіне,
неше түрлі ауыс мағынада қолданылуына негіз болмақшы [Ә. Қайдар,
З. Ахтамбердиева, Б. Өмірбеков, 1992; 72 б.].
Ала атауымен
келетін тіркестер метафоралық, метонимиялық және
символдық мағыналардың дамуына орай, өздерінің түр-түстік мағынасынан
айырылып, қашықтап, байлаулы фраза-лық мағыналар қалыптасқан:
– табиғат құбылысы, жыл, ай, апта, тәулік мерзімі –
ала кеуін, ала
Достарыңызбен бөлісу: