Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет101/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   119
Авакова фразеосемантика

Авакова Р.А. Фразеосемантика
196
немесе сөйлеудегі коммуникативтік талаптардың, қажеттіліктің негізінен 
(экспрессивті-бағалылық коннотация) немесе тілдің ішкі құрылымдық 
ерекшеліктерінен (стиль коннотациясы, контекстік коннотация және т.б.) 
келіп шығатын мән екендігінің ғылыми дәлелі болып табылады. 

Коннотацияның мазмұндық типологиясын В.И. Говердовский ылғи 
даму, жаңару үсітнде болатын, окказионалдықтан узуалдыққа ұмтылатын 
динамикалық құбылыс деп түсіндіреді, коннотацияны қолданыс пен 
мағына арасындағы аралық кезең (звено) деп атайды. Осының негізінде 
ғалымның классификациясы бірде сөзге жақындаса, енді бірде мағынаға 
жақындайды. Зерттеуші коннотацияның бес типін бөліп көрсетеді: 
контек стік, тақырыптық, тарихи-тілдік және экспрессивті-бағалағыштық 
[В.И. Горердовский, 1985; 71-79 бб.].
Контекстуалды және экспрессивті-бағалағыштық коннотациялар
Л.А. Сергеева классификациясымен сәйкес келеді. Тарихи-мәдени конно-
тация қызылдар – ақтар («революционер – контрреволюционер») мысал-
дары дәлел болса, тарихи-тілдік коннотацияға – символизм сөзін мысалға 
келтіреді.
«Номинация» ұғымының көпқырлылығы туралы пікірлер отандық және 
шетел тіл білімі мамандары арасында да талай айтылып келеді. Әр қырлы 
пікірлердің көлемі аталмыш ұғымның күрделілігінен болса, екіншіден, 
оның зерттеу аспектісінің әртүрлілігінен. Сондықтан да жалпы номи-
нация ұғымының негізгі параметрлері мен бағыттарын анықтап алмай, 
фразеологиялық номинацияның табиғатын ашу және номинативтік бірлік 
болып табылатын фраземаға кешенді түрде талдау жасау мүмкін емес.
Номинация теориясының негізін («функционалдық ономо-тология») 
«Прага лингвистикалық үйірмесінің тезистерінде» В. Матезиус салған бо-
латын. Бұл теория бойынша, тіл белгілі мақсат үшін қолданылатын ойды 
жеткізу құралының жүйесі болса, сөз – номинативтік қызметтің жемісі. Сөз 
синтагматикалық қызметпен тікелей байланысты. Тілді «функционалды-
ономатологиялық» тұрғыдан зерттеудің негізгі қыры ретінде мазмұннан 
коммуникативтік қатынас мақсатына қарай, яғни өздерінің қажеттілігін 
өтеу мақсатында функционалдық қажеттіліктен жеткізудің формалдық 
құралдарына қарай принципін ұстайды [Тезисы Пражского лингвистиче-
ского кружка, 1967; 22-23 бб.].
Прага мектебінің өкілдері В. Матезиус пікіріне орай номинативтік 
және синтагмалық қызметтердің тығыз байланысын тілдік талдаудың екі 
актісі негізінде, яғни тілдік атаулар көмегімен жүзеге асатын, сұрыпталған 
ақиқат шындықтың қабылдануын білдіретін номинативтік акт және 
атаулардың арақатынасы актісі. Бұл тұста номинация предикацияға қарсы 
қойылады, ал номинативтік бірліктер – тіл бірліктеріне – ой мен мәтінге 
қарсы қойылады.
Ю. Кухарж пікірінше, номинация сөйлеуде жүзеге асады, бірақ норма 
мен мазмұндық тұрғыдан алғанда, номинация ең алдымен жүйе ретіндегі 


197
Фразеологиялық коннотация
197
тілдік факт болғандықтан, ойдың құралдарынан едеуір ерекше, өз міндетін 
атқаруға қажетті формалды қасиеттері мен құралдары бар.
В. Матезиус аталмыш құралдарға – номинативтік бірліктерге сөздерді 
(сөз тұлғаларын), сонымен қатар сөз тіркестерін кіргізеді. Абсолюттік 
номинативтік мағыналы сөз таптарына зат есімдер мен атрибутивті сөз 
тіркестері жатады, одан басқа сөз таптары мен сөз тіркестері типтерінде 
бұл мағына әлсіреген [И.К. Кухарж, 1968; 119-126 бб.].
Қазіргі кезеңде И. Кухарж пікірінше, В. Матезиус теориясын әдістемелік 
нұсқау құралы ретінде пайдаланып, оның бағытын ғалымдар одан әрі дамы-
тып отыр. Тілдік құралдар арқылы жасалынған заттар мен ситуациялардың 
атауы болып табылатын номинация, қазіргі тіл білімінде көп аспектілі, 
күрделі құбылыс ретінде қарастырылады. Номинация кешенді ойлау-
сөйлеу үрдісі болғандықтан, ол логика-гносеологиялық, психологиялық, 
сонымен қатар биологиялық, әлеуметтік, физиологиялық және таза тілдік 
тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Ал енді Е.С. Кубрякованың пікіріне сүйенсек, номинация «выступает и 
как продукт классификационно-познавательной деятельности человека в 
избранной области или общественного опыта, и как продук деятельности 
речевой, языковой» [Е.С. Кубрякова, 1986; 6 б.]. Осының негізінде, номи-
нация зерттеу мақсатына орай гнесеологиялық, семиотикалық және таза 
лингвистикалық аспектілерде қарастырылады.
Номинацияның гносеологиялық және семиотикалық аспектілері 
объективтік шындықты жеке элементтерге (заттар, қасиеттер, қатынастар) 
жіктеудің арақатынастық және идеализациялау (дәріптеушілік) үрдістерін 
қарастырады, яғни тілдік таңбалар арқылы адамның абстрактылы жалпы-
лауы және шындықты қабылдауы мен бейнлеуі нәтижелерінің репрезента-
циясы.
Әлемді жіктеу үрдісі, яғни номинацияның танымдық-топтастырушылық 
механизмі болжам түрінде болуы әбден ықтимал, ал нәтиженің негізінде 
жасалған номинативтік құрал (жанама номинация шеңберіндегі фразе-
малар да кіреді) әр түрлі көзқарастар тұрғысынан жан-жақты зерттеледі, 
дәл осы тұстағы номинация лингвистикалық аспектінің зерттеу аймағына 
кіреді.
«Номинация» термині – басқа да лингвистикалық терминдер сияқты 
көп мағыналы, жан-жақты, сан қырлы. Термин ретінде атаудың процесін 
таңбалап, номинацияның динамикалық аспек-тісінде қаралуы да, процестің 
нәтижесі ретінде статикалық тұрғыдан да қаралуы әбден мүмкін, сонымен 
қатар тар мағынада – тек заттардың атауы ретінде, номинация аспектісіне 
барлық оралымдардың бейсубстанционалдық элементтерін – сөйлеушінің 
үрдісі, қимылы, оқиға, психикалық күйі мен сезімін қамтитын кең мағынада 
қолданылуы да мүмкін.
Лингвистикалық номинацияның типологиясын жасау қиын мәселе-
лердің бірі болды. Себебі, бұл тұста барлық белгілі типологиялық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет