Авакова Р.А. Фразеосемантика
202
сұрақ туады. Мысалы:
Қозым менің (еркелету).
Екеуің егіз қозыдайсың
(таңырқау, сүйсіну).
Сендер неге қозыдай жамырайсыңдар? (жақтырмау,
зеку) сөйлемдерінде
қозы сөзі әр түрлі экспрессивтік мағынада қолданылып
тұр. Бұл белгілер сөздің не фраземалық мағынасының қолданылуының не-
месе белгілі коммуникативтік мақсатты жүзеге асыру үшін қолданылған
сөздердің мағынасының экспрессивтік бояуы да, ал қалған компоненттері
коннотацияға қызмет етеді.
Мағыналардың экспрессивтік бояуын көрсететін компонент ретінде
коннотация мәселелерінің толық зерттелмеу себебі: прагматикалық бағыт-
бағдарды ескерген лексикалық мағына-ның типологиясының жоқтығы бо-
лып табылады [В.Н. Телия, 1986; 9 б.].
Соңғы жылдары лексикалық мағынаның типологиясы көп қарас-
тырылып жатыр. Оның негізінде мағына құрау мен айтылу мәні ара-
сындағы байланыс жатыр. Бұл байланыс
ойлау логикасымен тығыз бай-
ланысты лингвистикалық әдебиеттерде лексикалық мағыналардың осы
логикалы-семантикалық дистанциясы тіл ерекшеліктерімен дамуының
ішкі заңдылықтарына сәйкес қарастырылады.
Сөздік қорда мағыналары тек белгілі ұғымды белгілеуші ғана емес, сол
ұғымға эмоционалды көзқарасты білдіретін сөздер бар. «При этом эмоци-
ональное состояние (по преимуществу физиологическое) как стимул вы-
бора преобразуется в процессе его осуществления (акта вербализации или
номи-нации) в эмотивное отношение говорящего к обозначаемому, т.е. от-
ношение более высокого ранга осознанности» [А.Г. Рубинштейн, 1946; 11
б.; Э.С. Азнаурова, 1973; 3 б.].
Лингвистикада стилистикалық,
эмоционалдық, бағалауыш-тық,
бейнелілік, т.б. бояуларды бойына сіңірген экспрессивтілік ұғымы өріс
алған. Осыдан эмоционалды-экспрессивтік, экспрессивті-эмоционалдық,
эмотив,
экспрессив, экспрессивті-стильдік, бағалауышты-экспрессивтік
және коннотативтік деген терминдердің лингвистикалық әдебиеттерде
қатар қолданысы өріс алды. Бұл терминдерге берген (эмоционалды,
эмотивті, стилистикалық, коннотативтік)
анықтамаларда лексемалардың
ішкі мағыналарында қосымша мәннің немесе синонимдердің болу шар-
тын басып айтады. Бұл бағыт шетелде С. Ульманн еңбектерінде, Ресей тіл
білімінде В.В. Виноградов зерттеулерінде орын алған.
Бейтарап лексикадан гөрі экспрессивті бояулы басым лексика
анағұрлым күрделі мағыналық құрылымға ие, өйткені ол семантикалық
құрылымның «қосымша» макрокомпонентінен
жасалған коннотативті
семантикаға қатысты. Коннотация бойына мазмұн құраушы стилистикалық,
бағалауыштық, эмоционалдық және экспрессивтік қызметтерді білдіретін
қосымша мағлұматтарды сіңіреді. Экспрессивті бояуы бар мағынаның
тағы бір ерекшелігі – экспрессивтік әсер лексеманың ішкі формасында не-
месе сөздің ерекше мағынада қолданылуында. А.А. Потебня ішкі форманы
динамикалық құбылыс, terium comporationis деп, яғни жаңа және ескі ұғым
ұқсастығы негізінде ассоциациялы сөзден туындайтынын анықтаған.