Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет106/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   119
Авакова фразеосемантика

қой ауызнан шөп алмайтын фраземасында жеке сөздердің мағынасына си-
майтын элементтер бар. Сондықтан қой аузынан шөп алмайтын жігіт – 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
206
тек момын ғана емес, ештеңемен жұмысы жоқ, өзімен-өзі болып жүретін 
жігіт.
Коннотация – лексикалық мағынаның негізгі компоненттерінің бірі. 
Лексикалық мағынаның түрлерін денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық 
деп макрокомпоненттерге бөліп қарастырған ғалымдар: И. Арнольд, Л. Ва-
сильев, Л. Новиков, И. Стернин, Э. Кузнецов т.б. Лексикалық мағына бір 
жүйеге түсіп, бір тәртіпке бағынған, бір-бірімен горизонталды және верти-
калды түрде байланысқан компоненттер жиынтығынан тұрады. 
Лексикалық мағынаның негізгі бөлігі – денотаттық компонент. Шындық 
болмыстың құбылыстары, заттарының және адам санасындағы идеалды 
құбылыстардың өз ұғымы болады, сол арқылы олар дыбыстық жамылғышты 
жамылып, сөздерге, таңбаға айналады. Осы заттар мен құбылыстарды 
семасиологияда денотат деп атайды, ал реал заттар әлемнің сөзбен бай-
ланысын денотаттық фактор дейді. Денотаттық компонент шындық 
болмыстағы заттың атауға айналуынан, санада кез келген заттың, оның бір 
пішіні, қасиеті арқылы бейнелеуінен қалыптасады. Денотаттық компонент 
дегенде реалды өмірдегі заттарға таңбаны бағыттауды ұғынамыз. Бұл ми-
крокомпонент өзгермелі, икемдік бейімделгіштік қасиетке ие болады. Сөз 
мағынасының денотаты біздің тікелей қабылдауымызға келетін қоршаған 
өмірдегі объектілер, мәселен, сиыр, түйе, ешкі, қой т.б. Сапалық белгісі 
бар сөздер: мөңіреу (сиыр), шөгу (түйе), секіру (ешкі), маңырау (қой) т.б. 
Денотат дегеніміз – белгілі бір сөзді айтқанда, ойымызға келетін 
зат, құбылыс не оның белгілері. Денотаттық компонент әр индивидтің 
өмірлік тәжірибесіне интелектуалдық деңгейіне қатысты. Ол мағына-
ларды түсіндірме сөздіктерден, сөздердің мағынасын түсіндірудегі ерек-
шеліктерден байқауға болады. Бұл макрокомпонент эмпирикуалық мағына 
компонентімен байла-ныста болады, нақты абстрактылы затты, құбылысты, 
ситуа-цияны атау ретінде таңбаланады. Денотаттық компонент – шындық 
болмыстағы объективті және субъективті зат құлылыстарды бейнелейтін 
мағынаның заттық бөлігі.
Лексикалық мағынаның сигнификаттық компонентін кейбір зерттеу-
шілер денотаттық компонент құрамында қарастырады. Бірақ бұл екі компо-
нент бір-бірінен біршама өзгешеліктері бар. Сигнификаттық микрокомпо-
нент түсінік пен ұғымның қызметінде көрінеді. Денотаттан айырмашылығы 
– ой субъективті қасиетке ие. Денотаттық мағына сөзді объектив дүниемен, 
заттармен, құбылыстармен байланыстырса, сигнификаттық мағына оны 
ұғыммен, ой элементімен байланыстырады. Сигнификаттық бөлік ұғымның 
жалпыланған елеулі белгілерінің негізінде пайда болған деуге болады. Мы-
салы, қой сөзінде сигнификаттық компонент – жуас, ал – жылқы мінезді 
тіркесінің сигнификаттық мағынасы – түйе – «төзімді», сиыр – «топас», 
жылқы – «шалкес» т.б. 
Толып жатқан белгілердің ішіндегі неғұрлым елеулі белгілердің жиын-
тығы мағынада сигнификаттық компонентті құрайды. Толық мағыналы сөз 


207
Фразеологиялық коннотация
207
болу үшін денотаттық (заттық), сигнификаттық (ұғымдық) макрокомпо-
ненттер қажет.
Сөз мағынасының үстеме макрокомпонентін ғалымдар эмоциялық, 
коннотаттық, прагматикалық деп атайды. Бұлардың ішінде үстеме, 
қосымша мағынаны дәл беретін – коннотаттық компонент. Коннотациялық 
мағына эмоция мен бағалауыштық компоненттерден тұрады. Денотаттық, 
сигнификаттық компоненттер кез келген сөздің мағынасында болса, 
коннотаттық компонентте ондай қасиет жоқ. Бұл микрокомпонент тек 
жекелеген сөздердің мағынасында болады. Адам айналасындағы зат-
тар мен құбылыстарды қабылдағанда, адам санасында сол зат немесе 
құбылыс негізінде эмоция туады және сол зат немесе құбылысқа деген баға 
қалыптасады. Мағына сезім мен бағалағыштық болмаса, толық сипатқа 
ие бола алмайды. Эмоция мен бағалағыштығы солғын сөздерде, узуал-
ды сипаттағы коннотаттық компонент сақталады. Бұл микрокомпонент 
эмоциялық бағалағыштық пен стилистикалық сипаттан көрініс табады.
Сондықтан коннотаттық компонент мағынаның эмпирикалық функ-
ционалды стилистикалық компоненттермен тығыз қиысып жатады. Кон-
нотаттық микрокомпоненті бар сөздің мағынасы субъективті сипаттағы 
қосымша хабардан тұрады. Онда сөзбен берілген денотатқа деген бағалау 
қатынасы білінеді. Сөздіктерде коннотаттық компоненттің бағалағыштық 
коннотациясы ерекше белгілермен беріледі (дөрекі, қарапайым, көне, діни 
және т.б.).
Жоғарыда айтылғандай, семантиканың экспрессивті микрокомпоненті 
болып табылатын коннотация – номинация үрдісіндегі қабылдаудың, көрініс 
табудың, бағалаудың жемісі. Коннотацияның негізгі қызметі – сөйлеу 
прагматикасымен тікелей байланысты әсер ету функциясы. Сол себепті 
семантиканың коннотаттық аспектісін зерттеуде ойдың бағалауыштық 
қызметін білу маңызды.
Бағалауыштықты тілдегі сөздер мағынасының модальдылығы деп 
қарастырады. Бағалауыштық модальдылық сөйлеушінің субъектіден тәуел-
сіз объективті ойлаудың бәріне де көзқарасын білдіреді. Номинативтік 
бірліктердегі коннотациялық мағыналардың көріну белгілерін зерттеген 
Ресей ғалымы профессор В.Н. Телия осы тұрғыдан мынандай ғылыми 
тұжырым айтады: «Оценочная модальность – это связь устанавливаемая 
между ценностей ориентацией говорящего/слушающего и обозначаемой 
реалией, оцениваемой положительно или отрицательно по какому либо 
основанию в соответствии со стандартом бытия вещей или положения 
дел в некоторой картине мира, лежащим в основе норм оценки» [В.Н. Те-
лия,1986; 23 б.].
Экспрессивті бояу тікелей аксиологиялық көзқарасқа байланысты 
болғандықтан, оның қандай формада коннотацияны туғызатынын, жал-
пы бағалау модальдігі мен экспрессивті модальдіктің айырмашылығын 
белгілеу үшін оның құрылымын қарастыру қажет. Эмоция – экспрессивтік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет