Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет107/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   119
Авакова фразеосемантика

Авакова Р.А. Фразеосемантика
208
негізінен сөйлеу үрдісіне тән құбылыс. Кез келген сөйлемде сол айтылып 
жатқан хабарға айтушының көзқарасын білдіретін элемент – модальді-
ліктің болатындығы шындық. Ал тіл элементтерінің барлығында бірдей 
эмоционалдық-экспрессивтік мағына элементінің болуы шарт емес. 
Фраземалар мен сөздердің келтірінді мағынада қолданғанда сөздердің 
мағынасындағы эмоционалдық-экспрессивтік мағына анық байқалынады. 
Мысалы, түйе үстінен сирақ үйту «икемсіз, болбыр», қой аузынан шөп 
алмайтын «момын». Баға құрылымы мен оның модальдылық форма-
ларын фразаларға бағалаушы бояу беретін мағынаның денотативтік 
микрокомпонентіне енбейтін белгілері бар хабарға қатысты нақтылайды.
Сөз семантикасында бағалағыштық екі түрлі мақсатта жұмсалады: 
біріншісі – сөздің номинативті қызметін белгілеу, екіншісі – затқа (сөзге) 
қосымша мән беру. Эмоция мен экспрессияны мағына жағынан ажыра-
ту бар. Бірақ эмоция бар жерде экспрессияның болатындығы анық. Бірақ 
сөз мағынасының құрамындағы эмоционалды-экспрессивті мағыналық 
элементтердің бар не жоқ екендігін анықтау үшін, эмоцияның табиғатын 
жете түсіну үшін эмоцияның пайда болу жолын, эмоцияны дүниеге алып 
келетін уәждерді белгілеу үшін экспрессияның көмек беретіндігі анық.
Экспрессивтіліктің болуы – бояуы басым сөздердің мағынасындағы 
коннотаттық компонент болуының модальды-лығының екі жақтылығының 
көрсеткіші. Мәселен, Ол – нағыз қой сөйлемінде модальдылығының екі 
формасы бар. Біреуі – объектіге, белгілі бір аспектіге қатысты көзқарас 
(момын), ал екіншісі – ішкі формадан шыққан белгіге байланысты (қой 
болғандықтан момын). Экспрессивті бояуы бар сөздердің екі жақты 
модальдігінің болуы – бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ табиғаты әр 
түрлі екі факторға байланысты. Біріншісі – мағынаның номинативтілігінен 
туындаса, екіншісі – номинация үрдісі негізінде объектінің бағалағыштығы 
туралы пікір.
Экспрессивті бояуы бар сөздердің мазмұны бағалағыштық мағынасы 
бар сөздермен синонимдес болып келеді. Мысалы, сиыр – «ебегейсіз», 
«шадыр адам» туралы, қой «момын», «жуас адам» туралы. Екіншіден, сөзге 
жаңадан атау беру үшін экспрессивті-бағалауыштық мағынаның міндетті 
түрде белгілі бір бейнеге немесе мотивке байланысты болады. Бұл бейне 
ұқсастықты белгілейтін теңеудің экстенсионал ішкі формасына қатысты 
болып келеді.
Коннотаттық модальдылықтың экстенсионал аналогиясына негізделген 
логикалық тәртібі бар. Мысалы, жетім қозыдай теңеуінде «жалғыздық», 
«жаман нәрсе» деген денотаттық модальдылық және «жетім қозыдай 
жалғызсырау жаман» деген коннотаттық модальдылық бар. 
Сөздің лексикалық мағынасы – ішкі құрылым жағынан монолит, бөлін-
бейтін түсінік емес. Мағынаның бұл қасиетін, ең алдымен, қол данушы 
адам мен сол адамның мүше болған әлеуметтік ортадан іздеу керек. 
Әрине кез келген сөйлеуші адам белгілі бір информацияны, екінші біреуге 
жеткізгенде жалаң информацияны ғана хабарламастан оған өзінің жеке 


209
Фразеологиялық коннотация
209
басының көзқарасын да жеткізеді. Сөйлемнің грамматикалық белгісінің 
бірі болып саналатын модальдылық осыған негізделген. Айтушы өз 
көзқарасын тектен-тек білдіріп қана қоймастан, оны беру жолын да, амал-
тәсілін де ойлайды.
Экспрессивті бояуы бар сөздердің көбісі – мағынаның өзгеруі немесе 
екінші және жанама номинацияның жемісі. Осы орайда В.Н. Телияның 
мына пікірін келтіргіміз келеді: «Таким образом, эффект экспрессивность 
или «выделения» некоторой информации достигается усилением модаль-
ности в рамках некоторого целостного по смыслу языкового выражения, 
которые может совпадать по протяженности со словом, идеальной фразе-
ологическим сочетанием, где хотя бы один компонент содержит коннота-
цию» [В.Н. Телия, 1986; 28 б.].
Егер біз адамзатқа айналамыздағы дүниені, әлемде болып жатқан 
құбылыстарды тек өз күйінде қабылдап, оған өз көзқарастарымызды 
білдірмейтін болсақ, онда дүниедегі құбылыстарға баға бере алмаған болар 
едік. Әрқашанда объектив дүниедегі заттардың түйсік арқылы қабылдаған 
информация адам ойының, санасының елегінен өтіп жататындығын оған 
белгілі баға да берілетіндігі де шындық. Көпшілік психологтар да эмоцияға 
анықтама бергенде оны негіз етіп алады. Эмоция сөз мағынасына да өз 
ықпалын тигізіп, оның мағына құрамынан орын алады [А.Г. Рубинштейн, 
1946; 107 б.].
Қазақ тіліндегі фраземалар астарлы бейнелі мағынада қолдану 
ерекшелігі жағынан олардың қай-қайсысында да мәнерлеп бейнелеп 
айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздер тәрізді, тұрақты тіркестерде де 
эмоционалдық-экспрессивті бояу мол. Көбісінде осы өзгешелік басым, 
яғни фраземалардың көпшілігі айырықша бейнелі, экспрессивті қызмет 
атқарады. 
Экспрессивті-бағалағыштық қасиетке ие тұрақты тіркестер сезімге 
айырықша әсер етеді. Мысалы, жылады дегенді күшейтіп қатты жылады 
деп айту үшін қазақ тілінде боз інгендей боздады, ботасы өлген бөгендей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет