49
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
49
ва, – указанием на причину, по которой данное значение оказалось выражен-
ным именно данном сочетанием звуков» [Ю.С. Маслова, 1998; 160 б.].
Уәжденуші белгіні сөздің ауыс мағынада қолданылуынан және сөздің
сөз тудырушы мағынасынан байқауға болады. Себебі негіздемесіз (моти-
вировка) жаңа сөздің немесе оның ауыс мағынасының пайда болуы мүмкін
емес. Сөздің ауыс мағынасы оның бұрыннан белгілі тура мағынасымен,
туынды сөз оны жасаушы (тудырушы) мағынамен дәлелденеді. Бірақ
негіздемені (мотивировка) сөздің
мағынасынан ажырата білу қажет, ав-
тор пікірінше, мотивировка сөз мағынасының құрамына міндетті емес
(тұрсыз) «... лексикалық мағынаның концептуалды өресі, сонымен қатар
эмоционалдық және т.б. коннотациялармен байланысқан компонент»
ретінде кіреді [Ю.С. Маслова, 1998; 138 б.].
Фразеология тіл білімінің жеке саласы ретінде қарастырыла бастаған
кезден сөздің ішкі форманы зерттеу нәтижелері фразеологияға да қатысты
қолданылады.
В.В. Виноградовтың алғашқы фразеологияға қатысты еңбектерінде
фразеологиялық бірліктерге мағына тұтастығы
негізінде топтастыру
жасады. Фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық тізбектер
табиғатын аша отырып, фразеоло-гиялық бірліктер мен сөздердің ана-
логиясы негізінде олардың мағыналарының
уәжденуге қатысын аша-
ды. Фразеологиялық тұтастықтар құрамындағы сөздердің құрамымен,
компонент-тердің мағыналарымен еш байланыссыз таңба болып табылатын
уәжденбейтін сөздердің мағыналары қандай шартты болса, олар да сондай
қасиетке ие
(түйені түгімен жұту, жағына пышақ жанығандай немесе
ұйғыр тіліндегі:
асмандики ғазиниң шовисиға нан чилап йемәк (бос қиялдау
мағынасында),
саман астиди су эвәтмән (білдірмей жаманшылық жасау,
аяғынан шалу) және т.б. «Орыс тіліндегі фразеологиялық бірліктердің
негізгі типтері» /»Об основных типах фразеологических единиц в рус-
ском языке»/
еңбегінде ғалым, «фразеологиялық тұтастықтар, өзінің
ішкі тұлғасынан айырылған сөздер іспетті семантикалық бірліктер» де-
ген пікір айтады [В.В. Виноградов, 1977; 147 б.]. Автор фразеологиялық
тұтастықтардан ішкі формасы айқын, құрамындағы сөздер мағынасы мен
олардың тұтас мағыналарының арасындағы мағына жібі әлі үзіле қоймаған
фразеологиялық бірліктердің ара жігін бөліп қарайды. Дәл осындай пікірді
Н.М. Шанский де қолдайды [Н.М. Шанский, 1985; 60-61 бб.].
Тілдегі фразеологизмдерді тарихи тұрғыдан қарастырған Б.А. Ларин
ерекше метафоралы тіркестерді атап көрсетті. Жай тіркестердің идиомаға
айналуындағы негізгі қажеттілік, ол – семантикалық баю деп аталатын ме-
тафоралану құбылысы, яғни мағынаның кеңеюі мен баюының нәтижесінде
болатын бейнелілік деген пікір айтады [Б.А. Ларин, 1977; 145-148 бб.].
Бірақ Б.А.
Ларин мотивировка, ішкі форма терминдерін қолданбайды.
А.М. Бабкин фразеологизмдердегі тұрақтылық, мағына тұтастығы,
экспрессивті-эмоционалдық мәнерлігімен қатар олардың ауыс мағынада
Авакова Р.А. Фразеосемантика
50
қолданылуын ерекше қасиеттерінің бірі ретінде қарастырады [А.М. Баб-
кин, 1964; 8 б.].
Ішкі форма мәселесі және оның фраземалар
мағыналарын жасаудағы
рөлі, сонымен қатар аталмыш проблемада сөздің ішкі форма ерекшеліктері
туралы көптеген ғалымдар айналысқан. В.П. Жуковтың «Фразеологиялық
бірліктер семантикасы» /«Семантика фразеологических оборотов»/ моно-
графиясында ішкі форма дегеніміз – еркін сөз тіркестері мен солардың
негізінде қайта жасалынған фразеологизмдердің екі жақтық өзара
қатынасының бейнесі деп түсіндіреді [В.П. Жуков, 1978; 8 б.]. Зерттеушінің
пікірінше, ішкі форма фраземаның семантика-лық құрылымымен тікелей
байланысты және көбінесе оның мағыналық (семантикалық) дамуына
әсер етеді, ішкі форма тілде өзі типтес, лексикалық құрамы бірден еркін
тіркестері бар фразеологизмдерге ғана тән, осының негізінде семантикалық
және метафоралық эффект (әсер) береді
(иттің баласы, көзі жұмылу)
деген ғылыми тұжырымға келеді. Фраземаның
тұтас мағынасы оның
құрамындағы сөздер мағынасынан келіп шықпайды (олар актуалданған),
оны міндетті түрде мағынасын ашуға болатын ішкі форма негізінде
түсінуге болады. Ішкі форманың жойылуы фраземаларды фразеологиялық
тұтастық-тар қатарына қосады. В.П. Жуков тілдегі ішкі формасы белгісіз
– фразеологиялық тұтастықтар мен ішкі формасы белгілі фразеологиялық
бірліктерді бір-біріне қарама-қарсы қояды.
В.П. Жуков бейнелі фраземалардың ішкі формасының көрінуінің
табиғатын аша келіп, фразеологиялық семантикада актуалды (материалдық,
заттық) мағына әрқашан этимологиялық мағынамен байланыста дейді.
Қарым-қатынас жасау кезінде оның актуалды мағынасы бірінші орынға
шығады, бірақ көптеген фразеологизмдерде оларды түсінуге мүмкіндік
беріп тұрған ішкі формасы айқын көрініп тұрады.
Сөздің ішкі формасына тән қасиеттері
мағыналық құрылым-да
фраземалардың ішкі тұлғасы мағынаның ажыратушы (дифференциал-
ды) немесе біріктіруші, ортақ (интегралды) компоненті бола алмайды.
Фразеологизмдердің ішкі формасы – актуалдық мағына жасай салатын
толыққанды (этимологиялық) мағынаға ие. Бұл мағына о бастағы еркін
тіркестердің құрамына кіретін, кейіннен метафоралану процесінің негізінде
сөздердің семантикалық әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Фразеоло-
гиялық мағына – еркін сөз тіркестерінің
метафоралануның нәтижесі бо-
лып табылады. Алайда, В.П. Жуков метафораға айналу процесінің қалай
болатынын, этимологиялық және актуалдық мағыналарды қандай белгілер
байланыстырады деген мәселелерге тоқталмаған.
Ғалым фраземаның синонимия, варианттылық және көпма-ғыналылық
құбылыстарына ішкі форма негізінде қызықты, жан-жақты сипаттама бер-
ген. Еркін сөз тіркестерінің қайта-қайта метафоралануының нәтижесінде
еркін сөз тіркестеріне тарала алатын фраземалардың жеке мағыналары пайда