ҮІ бөлім 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиеті.
60 жылдардағы – қазақ әдебиетіндегі жаңа бетбұрыс кезеңі. / Оның себептері мен салдары. Поэзиядағы тың ізденістер. Жаңа толқын ақындардың өлеңдеріндегі нәзік лиризм, жаңа ойлар соны тақырыптардың игеріле бастауы.Проза мен драматургия жаңалықтар.Шағын әңгіме мен повестерде революционер коммунистің образын сомдаудан алшақтап, жеке адамның психологиялық болмысын танытуға ұмтылуы. /
Әдебиет теориясы: сентиментализм
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы.
Өзіндік ізденіс жұмыстар: «Сіздің ұғымындағы ұлттық құндылықтар» тақырыбына пікірталас ұйымдастыру.
Тақырып 6.1 Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» романы / Өмірбаяны мен шығармашылығы. «Ақ Жайық» романы – ХХІ ғасыр басындағы қоғам өміріндегі аласапыранды кезеңнің жанды суреттелген шежіресі. Романның реалистік сипаты. Шығармадағы тарихи тұлғалар. Жазушының пейзаж, портрет жасау шеберлігі. Жүніс қажы бейнесі. /
Әдебиет теориясы: трилогия,дилогия
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы, география
Өзіндік ізденіс жұмыстар: тарихи тұлғалар туралы өз пікірлерін жазу.
Тақырып 6.2 Мұқан Иманжанов «Алғашқы айлар» повесі. /М.Иманжанов мірі мен шығармашылығы, қызметі. Повестің тақырыбы мен сюжеттік ерекшеліктері.Шығармадағы мектеп өмірі, бала тәрбиелеу жұмысының қиыншылықтары мен қуаныштары, өзіндік ерекшеліктері./
Әдебиет теориясы: образды жинақтау мен дарлау тәсілдері.
Пәнаралық байланыс; география
Өзіндік ізденіс жұмыстар: «Ұстаз – ақылымен сымбатты, шәкіртімен қымбатты» ойтолғау жазу.
Тақырып 6.3 Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын», «Қыран дала» поэмалары / ақынның шығармашылық өмірі. Ж.Молдағалиев – эпик ақын. Поэмадағы халық тағдыры, ұлт болмысы. «Мен қазақпын» поэмасының жанры, ондағы публисцистикалық сарын.Тіл көркемдігі, сжюеттік даму сипаты, ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшеліктері. Дастанның көркемдік жүйесі./
Әдебиет теориясы: екпін
Пәнаралық байланыс; музыка ,география
Өзіндік ізденіс жұмыстар: Өлеңді қара сөзге айналдып\рып мәтін құру.
Тақырып 6.4 Сырбай Мәулнов «Боранда», «Қош бол, сәулем», «Жастығым сені жоғалттым», «Ақ түн» өлеңдері. / Өмірі мен шығармашылық жолы. Кеңес дәуірі әдебиетіндегі С.Мәуленов орны.С.Мәуленов – лирик ақын. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Өлеңдеріндегі ұйқас, ырғақ, тіл көркемдігі/
Әдебиет теориясы: силлабикалық өлең.
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы,география
Өзіндік ізденіс жұмыстар: өлеңдеріндегі соғыс жажайлы деректерге назар аудару.Соғыс зардабын ұғыну.
Тақырып 6.5 Тахауи Ахтанов «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдары. / Жазушының өмірі, шығармашылығы. «Боран» романындағы адам тағдыры, өмір сүйгіштік рух. Жазушының тілі. «Шырағың сөнбесін» романының тақырыбы, идеясы.Нәзира бейнесі.Шығарманың реалистік сипаты./
Әдебиет теориясы: тақырып пен идея
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы,география
Өзіндік ізденіс жұмыстар: жазушы шеберлігі туралы әңгімелеу.
Тақырып 6.6 Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы / жазушының өмірі мен шағармашылығы. «Қан мен тер» трилогиясының көтерген тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы Арал балықшыларының өмірі, қазақ даласындағы қоғамдық – саяси өзгерістер. Шығарманың жанрлық сипаты.Шығармадағы Еламан, Ақбала, Тәңірберген ,Судыр, Ахмет образдары- типтік бейне.Романдағы тартыс.Жазушының мінез сомдау шеберлігі./
Әдебиет теориясы: сарказм, ирония
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы.
Өзіндік ізденіс жұмыстар: кеңес дәуіріндегі «Арад тағдыры» мен бүгінгі Арал аймағы жөнінде пікір білдіру:
Достарыңызбен бөлісу: |