Тақырып 4.5 Ілияс Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері, өлеңдері» «Құлагер» поэмасы / Өмірі мен әдеби- шығармашылық қызметі.Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары.Табиғат лирикасы. «Құлагер» поэмасының тақырыбы, сююжеті, көркемдігі, тіл айшығы./
Әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік.
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка
Өзіндік ізденіс жұмыстар: ақынның табиғатты суреттеудің өзіндік ерекшеліктері туралы пікір білдіру;
Ү бөлім. 1930- 1960 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу. 60- шы жылдар қазақ әдебиетіндегі жаңа бетбұрыс кезеңі.
Тақырып 5.1 Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы үзінді, «Еңлік -Кебек», «Қарагөз» драмалары. /М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. М.Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны.Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Романдағы Абайдың азамттық, ақындық бейнесі.Абайдың образының өсу, динамикасы.Романның композициясы. Сюжет пен характер./
Әдебиет теориясы: авторлық және объективті идея.
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы, музыка, география.
Өзіндік ізденіс жұмыстар: М.Әуезов әңгімелернідегі адамгершілік мәселелер.
Тақырып 5.2 Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романынан үзінді /С.Мұқанов өмірбаяны, шығармашылығы.ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі. «Сұлушаш» - өлеңмен жазылған роман, ақынның шоқтығы биік шығармасы екендігі./
Әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік.
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы, қазақ тілі, география.
Өзіндік ізденіс жұмыстар: «Ұлы достық» тақырыбына ойтолғау жазу;
Тақырып 5.3 Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы үзінді, «Ақан сері - Ақтоқты » трагедиясы. / Ғ.Мүсірепов – көркемсөз зергері. Ана туралы әңгімелеріне шолу. Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгерудегі ізденістері. Жазушының адам портретін жасаудағы шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі./
Әдебиет теориясы: әдебиеттің ұлттық ерекшеліктері.
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы, қазақ тілі, география.
Өзіндік ізденіс жұмыстар: қазақ әйеліне тән адамгершілік қасиеттерді анықтау.
Тақырып 5.4 Қасым Аманжолов «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Ақын өлімі туралы аңыз», «Елге хат» өлеңдері. / Қ.Аманжолов өмірі мен шығармашылығы. Ұлы Отан соғысы кезінде туған шығармалары. Соғыстан кейінгі жазған өлеңдері. Лирикасы.Поэмалары./
Әдебиет теориясы: поэма туралы ұғымды тереңдету.
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы.
Өзіндік ізденіс жұмыстар: оқыған поэзия жинақтарындағы достық ,махаббат туралы ойларын білдіру;
Тақырып 5.5 Әбділда Тәжібаев «Портреттер, толғау - эссесі», «Молологтар» поэмасы. / Ақынның өмірі мен шығармашылығы.Жазушының поэзия, драматургия және әдебиеттану ғылымы саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары.Толғауларындағы замана жайлы ірі ойлары. Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері. Комедия жанырындағы ізденістері. Әдебиеттену саласындағы зерттеу еңбегі.
Әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері.
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы., география
Өзіндік ізденіс жұмыстар: «Туған жер» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |