Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет8/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
УМК Шарипова

Тақырып 2.5 Ыбырай Алтынсарин «Жаз», «Өзен», «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері» өлеңдері , «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелері. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы.Ыбырай - қазақ балалар әдебиетін дамытушы.Табиғат лирикасы. Ы.Алтынсарин – қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы.

Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, технология;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: ақыл-парасат туралы ғибрат-насихат өлеңдерді ұлы Абайдан іздеп көру.



Тақырып 2.6 Абай Құнанбаев «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» өлеңдері және «Масғұт» дастаны./ Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы. Өлеңдерінің құдіреті туралы. Абай қара сөздерінің көтерген мәселелері, даналық ойлары, насихаттары, пікір жағынан өлеңдерімен тығыз байланысты, өзіндік ерекшеліктері.

Әдебиет теориясы: әдебиеттің халықтығы туралы.Лирика ұғымын кеңейту:

Пәнаралық байланыс: музыка,бенелу өнері.

Өзіндік ізденіс жұмыстары: ақыл-парасат туралы ғибрат-насихат өлеңдері ұлы Абайдан іздеп көру, осы өлеңдерді басшылыққа алып, мәтін құру:



Тақырып 2.7 Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы» өлеңдері, «Еңлік -Кебек» дастаны / Шәкірімнің өмірі мен шығармашылық жолы.Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүниежүзі мәдениетімен таныс болуы.

Шәкәрім –Абайдың шәкірті. Ақын лирикасындағы «Еңлік –Кебек» дастаны нәзік те терең психологизм./

Әдебиет теориясы:дастан туралы ұғым;

Пәнаралық байланыс; театр, кино

Өзіндік ізденіс жұмыстары:Шәкәрім поэзиясындағы ғылым жолындағы талапкерлерге берер кеңестері жөнінде әңгімелеу:

Тақырып 2.8 Шәңгерей Бөкеев «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім», «Ғылым», «Қосаяқ», « Құйрық атып құлия» өлеңдері. «Қашқын» поэмасы / Шәңгерейдің өмірі шығарашылық жолы.Ақынның табиғат құбылыстарын көркемдеп суреттуі/

Әдебиет теориясы: кейіптеу ұғымын тереңдету, аударма

Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы

Өзіндік ізденіс жұмыстары;өмір туралы ой-тұжырымдарын ортаға салу:



Тақырып 2.9 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Шайтанның саудасы» өлеңі, «Хал -ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» өлеңдері./М.Көпейұлы шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі ,сөз бостандығы.Халық бостандығы/Әдебиет теориясы: дастан туралы

Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы

Өзіндік ізденіс жұмыстары: адамдық қасиеттер, тәлім-тәбиелік идеялар туралы өз сөздерімен айту.

Тақырып 2.10 Әнші –сазгар ақындар шығармашылығына шолу. Біржан сал Қожағұлұлы «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Жанбота» т/б әндері. / Үш жүздің ардақты әншісі Біржан – әнді шығарушы, әрі орындаушылығымен қатар әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын.

Әдебиет теориясы: поэзия, музыка саласы.

Пәнаралық байланыс; музыка

Өзіндік ізденіс жұмыстар; қазіргі өнер жұлдыздары мен сал-серілер арасыдағы өзара ұқсастықпен, ерек-н санамалап айту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет