Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет20/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
УМК Шарипова

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай несімен ерекшеленеді?

  2. Қазақстанның мәдени өміріндегі басты жаңалықтар не деп білесіңдер?

  3. Әдебиет дамуындағы басты ерекшеліктер не?

  4. Ыбырай, Абай шығармаларының идеялық бағыты мен жаңалық сипаты туралы айтып беріңдер.

  5. Абай дәстүрін жалғастырушылар кімдер?

Дәріс 2.2.Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас

болдым сексенменен» өлеңдері. «Адай тегі» дастаны-1сағат.
Дәріс жоспары:

    1. Қашаған Күржіманұлы кім?

    2. «Есқали сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдерінің тәрбиелік мәні мен маңызы, көркемдік тілі

    3. «Адай тегі» дастанындағы автордың тіл шеберлігі.

2.1.Қашаған Күржіманұлы ХVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген ірі тұлғалардың бірі. Ғалым Қабиболла Сыдиықұлы: «Қашаған –Қазақстанның батыс аймағында өзінен бұрынғы Абыл мен Махамбет қалыптастырған ақындық, жыраулық дәстүрден өнеге алып,оны ілгері дамытқан әйгілі ақындарының бірі », -десе, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Жансүгіров «Көбік шашқан» поэмасында: «Шашқанда күйден көбік Құрманғазы, Қашаған жырдан төккен маржан дүрді»,-деп, өлең сөздің өрен жүйрігі Қашаған Күржіманұлының ақындық өнерін ерекше бағалаған.

Қашаған елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, тойымсыз бай мен бидің, қанағатсыз болыстың іс-әрекеттерін сынға алып, бетпердесін ашқан ақын. Қашағанның ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерді дәріптейтін шығармалары бір биік болса, елде болған болыстар мен молдалардың орынсыз қылықтарын әшкере еткен өлеңдері ел арасында ұлы туындылар ретінде сақтап қалған. Сол жанрдағы өлеңдерінің бірі «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі қаншама жыл өтсе де өз құндылығын жоймаған.



2.2. «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңінде қара халықты аяусыз қинаған байлар мен болыстар, надан, дінбұзар молдаларды өз жырына арқау еткен. Аталған кездесу былай болған: Қашаған ақын мен Құрманғазы күйші қыстың бір суық күнінде Каспий теңізінің маңындағы ауылға түседі. Қашағанның ақын екенін билеушілер оны әдейі Есқали сұпының үйіне әшкерелеу мақсатында қонуға жібереді. Үйге кіргізбей, есік алдындағы қарға жыққан сопы келінін ақын былай деп тоқтатады:

Ал, сенде ұят та жоқ, иба да жоқ,

Шамасы ұялтатын иман да жоқ,

Және де әдет те жоқ, ақыл да жоқ,

Өзің жаман болған соң жақын да жоқ.

Қонақты ренжітпей сыйла деген,

Үйреткен ата – енесінен нақыл да жоқ,-деп қонақ қабылдамау ұятсыздық, әдепсіздік екенін айтып, қатты айыптайды. Ақын сөзін естіген Есқали сопы қонуға рұқсат бергенмен, жақтырмағанын білдіре, амандаспай намазға кіріседі. Онымен қоймай, домбыраның дыңылын ести салысымен Есқали сопы «шайтанның қу ағашы бұл үйге қайдан келді?»- деп жекіреді. Сопының надандығына ызаланған Қашаған:

Келе сала, сұпеке,

Домбырамды боқтадың.

Домбырамды боқтасаң,

Өзімды басқа соққаның.

Сұпылығың қай жақта,

Шын тентекке ұқсадың,-деп келе сала домбыраның ағаштан жасалғанын айта келе ағашының пайдаға асар тұстарын, оның ішінде діни саладағы қызметтерін тілге тиек етіп «Өзіңді халық сұпы дейді. Боқтағаның қай ағаш»,-деп Есқали сұпыға өз пікірін айтады:

Қолымдағы қу ағаш,

Сайрап отыр бұл ағаш.

Қолымдағы ағашым –

Алып жүрген домбыра,

Тартқан сайын даңғыра.

Домбыра күнә деген сөз,

Тек бір айтқан дабыра,- деп ағашты дәріптеу арқылы домбыраны кие тұтатын ел ұғымын паш етеді. Есқали сұпының ән – күйді «Шайтанның ісі» дегеніне тойтарыс беріп, домбыра өнерін қорғап шығады.

Ақынның «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі әдебиетіміздің бір биік шоқтығы болып табылады. Онда ақын ағашты мадақтай отырып, домбыраны қастерлейтін халық мінезін жанамалап айтуды шебер қолданған.

Өлеңнен үзінді

Әдеби- теориялық ұғымдар

Қолымдағы қу ағаш,

Сайрап отыр бұл ағаш.

Асылы емен, қарағай,

Шыққан жері су ағаш.

Қу ағаш – домбыра – метонимия.Өзара байланысты ұғымдарды бірінің орнына бірін қолдану.

Сыртымнан естіген жұрт әуес еді,

Тұлпардай шығып жүрген дабылымнан,

Жас жігіт қонам десе қонар едің,

Көрем де сақалымның буырылынан.

Тұлпардай- теңеу

жас-эпитет


Қарашы, біздің шіркін бай

Шаруаның құлқын табуын...

Құдықтың аузын күзетіп,

Ор, денесін түзетіп,

Төбесінен күн өтіп,

Шыбын жанын пида етіп,

Шаруағажанды жүдетіп,

Жүргенде кетпесе игі еді

Біздің «аршыланға» тіл өтіп.

Ирония. (Сыртқы сыпайы, іші толған ащы күлкі, мысқыл

Адай деген ел едік-

Абайсыз өскен алшаңым,

Тәксіз өскен тарпаңым.

Метофора (Адам – алшаным, тарпаным)

Затты немесе құбылысты екінші бір ұқсас нәрсемен салыстыра суреттеу.

«Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны» толғаулары бар. Онда ақынның адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптеп, әділетсіздікті әшкерелейді. «Бұл дүниеде не жетім?» өзіндік дүниетанымын, көзқарасын білдіріп, өмірдің мән-мағынасы туралы толғанады. «ОСЫ КҮН ЖОЛДАС БОЛДЫМ СЕКСЕНМЕНЕН» — Ақын бұл өлеңде жасының шау тартып, кәрілік меңдеген кезеңін суреттейді. Ештеңеге пайдасыз қалғандығына налиды. Өлең  шіркіннің де қартайғаннан соң қашқандығын айтады. Баяғы қаумалаған көп достың бірде-біреуінің кездеспеуіне өкінеді. Өмірдің өткінші екендігін, сондықтан сол өмірді мәнді өткізу керектігін  өлең идеясына сыйғызған.

2.3."Адай тегі" – аңыз хикая. Шығармаға негіз болған атадан балаға көшкен аңыз-шежіре сүрлеуі. Ақын әуелі Кіші жүзге жататын Жанарысұлы Алаудан, оның ұрпағы Алшыннан бастап, Адай әкесі Қыдырқожаға дейін толғайды. Қашаған ата-бабалар шежіресін тарата бермей, тек Адай тегі туралы аңызды ғана нақты сюжеттік желімен өрбіте жырлаған. Бұл хикаядан ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлардың әсері айқын сезіледі. Қыз-келіншектердің сейілге шығуы, Қанбибінің күтпеген оқиғага кездесуі, баланы далаға тастауы, Бай мен Төренің оны тауып алуы. Байдың үрейлене қарауы сияқты оқиғалар шығарма желісін ширата, шиеленістіре түседі. Әспенбетке жорытып, той қылуы – шығарманың шешілу, аяқталу сәттері. Жырдағы Бай, Төре, Әспенбет, Қанбибі өз дәуіріне сай наным-сенімдегі бейнелер. Мұны әсіресе Төре мен Әспенбет монологтарынан айқын аңғарамыз. Жырда табиғат көркінің тәуір суреттері, Алғи, Нұр, Түркістан, Құндыздың қара теңізі, Әзіреттің Алатауы сияқты мекендер аталады. Бұған қарағанда; ақынның халық тарихы хақындағы әңгіме-аңыздардан хабары мол. Автор оқиғаны бастан-аяқ өзі ғана баяндай бермей, кейіпкерлерді де сөйлетіп отырады. Бұл жайлар ақынның мол біліп, көп жырлаған ауыз әдебиетіндегі этикалык жырлардың сюжет, композициялык құрылыс шеберліктерін меңгергендігін танытады.

Мына шумақта баяндау әдісі жедел өткен шақ формасымен дәл берілген. Сюжет бірінен-соң бірі төгіліп келе жатады. «Ұ» дыбысының ассонансы мен «т» дыбысының аллитерациясын көре аласыздар.

Қанбибі шошып оянды,

«Не болды, — деп, — ой, Алла-ай?»

Жан-жағына қарады,

Қарап тұрса нәрсе жоқ,

Көңілін қасірет қамады.

Хазірет қызыр пайғамбар

Қыдырып жүрген күн екен

Қанбибі жатқан шамадан.

Одан хамила болынып,

Құдіретке жолығып,

Біздің асылымыз содан жаралған». Мына жолдардан алдыңғы шумақпен тізбекті байланысты кезіктереміз. Мәтін байланыстылығы мен тұтастығын біріктіре отырып, алдыңғы ой мен келесі ойды жалғастыруды ұтымды пайдаланған.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет