Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова


Дәріс 2.3. Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қарасай-Қази



бет22/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
УМК Шарипова

Дәріс 2.3. Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қарасай-Қази» -1 сағат .
Дәріс жоспары:
3.1.Мұрат Мөңкеұлының өмірі. Ақын өмір сүрген кезең.

3.2. Ақын жырларының көркемдігі.


3.1.Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25 - інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның

«Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,

Сарытау, Аштарханның жерін алды.

Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,

Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны»,

«Қазақтың жер - мұрасы»,

«Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Зерттеушілер толғаулар деп атап жүрген ақынның екі үлкен шығармасы – «Үш қиян» және «Сарыарқа». Толғау деп айдар таққанмен, бұл туындылар лирикалық дастанның жүгін көтеріп тұрған шығармалар.

Қазақ жерін иемденуді әуелден армандап келген, ғасыр басынан жаулап, ішіне ене қорғандар салған Ресей XIX ғасырдың орта кезінен өзінің елді басқаруға, кең дала аумағын бөлшектеуге байланысты заңын енгізді. Шұрайлы жерлеріне, әсіресе өзен-көлдерінің маңына орыс қарашекпендерін көшіріп әкеліп қоныстандырды. Қазақ шаруа­ларын құмайтқа қуып тастап, ата-қоныстарын тартып алды, қарсылық көрсеткендерін қырып-жойды, атты-асты, «жер сібір» аударды. Қазақ халқы осы кезде қорлықтың көкесін көрді. Халықты ата қоныстан қууға, шұрайлы жерлерін тартып алуға жергілікті әкім-қаралар, хандар, би-сұлтандар орыс патшасының алдында құрдай жорғалап, көмекке келді. Қазақтарды өз жерінен қуу бүкіл қазақ аумағы бойынша жүргізілді. Орыс әскерлері мен орыс көпестері емін-еркін құнарлы мекендерді мәңгілік иемденді.
Мұндай қорлық халық қобалжуларын туғызды. Қазақстан бойынша әртүрлі аймақтарда көтерілістер туды. Пат­шаның қарулы күштері оларды тұншықтырумен болды.
Отаршылдыққа қарсы көтерілістің ең үлкені – Исатай-Махамбет бастаған кө­теріліс еді. Ол қазақ тарихында тәуел­сіз­дік үшін күрестің ең ірісі ретінде аталады.
Қобалжу бүкілхалықтық деңгей алды, зорлыққа күші жетпей сорлаған халықтың зар мен мұңы халық арасынан шыққан зиялы қауым – ақындар жырында сөзсіз көрініс тапты, халық зары олардың жүрегінен зарлы жырлар туғызды. Оған әдебиет зерттеушілері Шортанбай, Дулат, Мұраттарды қосады. Бұл әдебиет тарихында «Зар заман» ақындары боп аталды. Сонымен біз әңгіме етіп отырған Мұрат «Зар заман» ақындарының бел ортасында болып, өзінің де, халқының да қайғы-мұңын, жүрек зәрін төкті. Зорлықшыға деген небір қарғыс жырлары қатты ашыныстан, қайғыдан, қабырға қайыстырған мұңнан шығатыны белгілі. Мұрат жырларында әбден шегіне шыққан қорлықты аяусыз көрген халықтың зары жан-жүрегіңді тебірентеді. Ата-бабаларымыздың сол ғасырда көрген қорлығына шыдай алмай жаның жылайды. Сонымен, «Үш қиян», «Сарыарқа» атты лирикалық дастандар – «Зар заман» туындылары. Олар отаршылдыққа, озбырлыққа қарсы туған жырлар. Ақын Ресей патшалығының отаршыл-дығы үздіксіз жүргізілгені және жеріміз­ге шеттен бастап кіріп, ішімізді жай­лай бергені өте өрнекті тілмен бейнелі көрсетіледі.
Еділді тартып алғаны –

Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны –

Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны –

Ойындағысы болғаны, – деген жолдарда бір озбырдың екінші адамға жасаған зорлығындай сурет адам көз алдына келеді.

Жаппай талап, топан, таптай келген «аузы түкті» жұрт өзінің әдет-ғұрпын, сұмпайы мінез-құлықтарын қазақ халқына енгізе бастағанын, халқымыздың бұрынғы өте әдепті, әділ ғұрпымызды лайлап, бүлдіргенін де бейнелі көрсетті.
Дастанның соңында сұмпайы за­манның бейнесін өте дәл береді. Ақын өзге жұрттың әдепсіз ғұрпы бірден-бірге дендеп еніп, қазақты бүлдіріп жатқанын айтып, зорлықпен келген заманға жиіркене қарайды және болашақтан түңіледі:
Мен қауіп еткеннен айтамын,

Ақ борықтай иілген

Кейінгі туған баланың

Ұстай ма деп білегін,

Шая ма деп жүрегін.

Шашын, мұртын қойдырып,

Ащы суға тойдырып,

Бұза ма деп реңін.

Адыра қалғыр заманның

Мен жаратпаймын сүреңін.



3.2. «Үш қиян» дастаны Мұрат ақынның жүрегін жарып шыққан ең мұңды, ең зарлы жыр. Ол – ақын тілімен айтқан халық үні, халық мұңы болды.
Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй-ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді,сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашаған­мен айтыстыралық. Мұрат өз ауылын­да жүргенде елін, жерін, Берішін мақ­тап дес бермейді дейді. Енді несін мақтай­ды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстыр­сақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді. Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.
Сөйтіп жүргенде Адай елінің үл­кен жиы­ны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.
«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бас­тап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.

Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,

Сарытау, Аштарханның жерін де алды.

Артынан Еділден соң Нарынды алды,

Торғайдың ағаш, қамыс,талын да алды…

Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,


Қазақтың содан жұтап шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.
Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған ­Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі ай­қын да нақты көрінеді.

«­Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбет­тің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады.


Ақын осы жырының былайғы тармақ-тарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді.

Ақынның көлемді де көркем шығармасы -"Қарасай-Қази” дастаны. Бұл туындыда күрделі де шытырман оқиға жоқ, өзімізде бұрыннан бар батырлар жырындағы тәсілдер; диалогтың молдығы, аттың адамша сөйлеуі, түс көру, аян беру секілді жәйттар кеңінен қолданылады. Жыр арасында батырлар жырында жиі кездесетін қара сөзді пайдалануға да орын берілген. Жырдың қысқаша фабуласы: Мұса бидің Мамайы мен Орағы бірі би, бірі батыр болып елді билесе, қалған 28 ұлының бір тобы бұларды күндейді. Орақтың есігінің алдына өзінің алмас қылышын құрып қойып, жылқыны дүсірлетіп қуып, "жау келді, Орақ, шық” деп айқайлайды. Орақ есіктегі қылышқа түсіп қалып, жараланып қайтыс болады. Оның шешесі Қараүлек, әйелі, Қарасай, Қази деген екі баласы артында қалып, батыр болып жетіледі. Он жеті жастағы Қарасай мен он бестегі Қазидың өсіп ер жетуін негізгі оқиға етіп жырласа да, Орақтың ерлігі, Қарабатыр, Тілеке, Алшы, Смайыл, Тобаяқтардың зұлымдықтары диалог арқылы ашылып отырады. Әсіресе, Орақтың елі үшін жасаған сансыз ерлік істері досы Ақмырзаның, шешесі Қараүлектің сөздері, әйелінің жоқтауынан айқын көрініс тапқан. Ал, Орақтың өлуіне себеп болған бақастар тобы өз айыптарын өздері мойындап, "ақырында күндей, күндей жоғалттық” деуге мәжбүр болады. Ел шетіне жау келгенде, баяғы "бес батыр” қарсы аттанады да, Қарасай жорыққа бармай қалады. Қарасай шешесінің сөзінен кейін әкесінің асын беріп, өзіне лайық ат іздейді. Қарындасы Қибатты Ноғайлының қарт батыры Көкшеге бермекші болып, оның Көкбұйра атын мініп жауға аттанады. Қырық күн бұрын кеткен әскерді қуып жетеді. Жау қарасынан қорқып Қарабатыр, Тілекелер кейін қайтып, Қарасай мен Естерекұлы Ер Тарғын ғана қалады, кейін Қази келіп қосылады. Үш батыр жауды жеңіп, еліне оралады. Мұнда үш батырдың қажыр-қайраты, шексіз ерлігі әсем суреттеліп,  Қарабатыр тобының пасық-зұлымдығы, опасыздығы шебер сипатталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет