Сөздік:
Қиян – алыс жеp, шалғай; жеp түбi.
Қоныс – малды ауылдың жылда қонып жүpген жеpi; жайлы оpын.
Қайырсыз – қайыры жоқ, жақсылығы, шапағаты тимейтiн.
Адыра қалғыр – қарғыс. Келмеске кеткір, құрып қалғыр.
Қанды – қан аққан, қан төгiлген, қан майдан.
Майлы – жылым ау салуға қолайлы, балығы мол жер.
Шаңды – шаңы мол, боpпылдақ (жеp).~жол.
Абыройын төгу – ар-ұяттан жұрдай ету.
Керегесін кесу – ойран салу.
Бармағын тістеу – опық жеу, өкіну.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Жаңа заман лебіне ақынның көзқарасы
2.Ақын шығармаларынан отаншылдық, ізгілік, адамгершілік мәселелері
қалай көрініс тапқан?
3. Қазақ халқының болашағына арнаған толғау-дастандары жайлы айтып бер.
4.«Қарасай- Қази» дастанының тақырыбы, идеясы.Дастандағы ана бейнесі қалай көрінген?
Достарыңызбен бөлісу: |