Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет34/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
УМК Шарипова

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:
1.Шәкәрімнің қандай шығармаларымен таныссыңдар?

2.Шәкәрім қоғамдағы кеселдерден арылудың қандай жолдарын ұсынды?

3.Шәкәрімнің «Кәрілік туралы» өлеңіне ұқсас қандай ақынның, қандай шығармасын

білесіңдер?

4 .«Еңлік–Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін

талдап жазыңыз?

5.Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін байқадыңыз ба?



Дәріс 2.11.Щәңгерей Бөкеев «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім»,

«Ғылым», «Қосаяқ», «Құйрық атып құлия» өлеңдері, «Қашқын»

поэмасы- 1 сағат
Дәріс жоспары:
1.Шәңгерей Бөкеев өмірі.

2.Шәңгерей- жаңаны ұлт игілігіне пайдалана білген ақын

3. «Қайран жерім» өлеңі

4.«Қашқын» поэмасы



11.1.Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкей 1847 жылы Батыс Қазақстандағы Жасқұс құмында (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы) дүниеге келген. Атақты Жәңгір ханның немересі. Әке-шешесінен бес жасында жетім қалған ол мол дәулеттің арқасында қиыншылық көрмеген. Әкесінің інілері Шәңгерейдің оқып, білім алуына көмектесіп, медресеге берген. Білімін жалғастыру үшін Астрахандағы училещеге түсіп, оны бітірген соң Орынбордағы кадет корпусында екі жыл дәріс тыңдайды. Осы жылдары ол орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысып, білімін жетілдіреді. Ресейдің Самар губерниясында бітімші (мировой судья) қызметін атқарған ол кейінгі жылдары ел басқару ісіне араласпай, өзінің қонысы Көлборсыда тұрған. Еуропа мәдениетімен, әдебиетімен сусындаған Шәңгерей туған жеріне келген соң, мектеп, медресе, мешітпен бірге біршама сәулетті үйлер де салғызады. Туған-туыстарының балаларын оқытып, олардың өнер-білім алуына көмектеседі. 1917 жылы Көлборсыдан Ақбақайға қоныс аударған ол осы жерде 1920 жылы дүние салады. Ақынның бір топ өлеңдері кезінде «Шайыр» (1910), «Көкселдір» (1912) деген жинақтарға, Кеңес дәуірінде «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1989) деген жинақтарға енген. Тәуелсіздік тұсында шыққан «Он ғасыр жырлайды» (2006) жинағында да ақынның өлеңдері бар. Ақынның өмір мен өлім туралы пәлсапалық толғанысынан өмір шындығының елесі көрінеді. Ол тумақ, өлмекті табиғи құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ойын өлеңінде лирикалық бейне арқылы жеткізеді. Барлық қауіп-қатерді себеп-салдарлы түрде көрсетеді. «Өмірдің өтуі» өлеңінде қырдағы құланың аман жүрмегі жоқ, құдыққа құлан құласа, құлағында құрбақа ойнар, суға құлан шұбырса, жолын тосқан жолбарыс жүрегін жұлып, жем етер. Ол да аман қалмайды. Бөкен терісін бөрік еткен, сексеуілді күрке еткен мерген жалғыз оқпен оның да қазасын жеткізеді. Мерген де ажалдан құтылмайды. Кім болса да ажал оғынан құтылмақ емес дейді. Өз заманындағы әлеуметтік құрылысқа жатырқай қараған ақын алдағы болашақтан үміт күтпейді. Ақын ескі қоғамдық құрылыстың күйреуін белгілі мөлшерде өз басының да трагедиясы деп түсінетін сияқты. Бұл дүние пәнилығын етеді екен, Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен... Өзіне халық аузын қаратқан ер, Тіріге, өлсе, қадірі кетеді екен... Бұл сөздерінен де өмірдің өтуі, ескінің өтіп, жаңаның келуі, елді аузына қаратқан ерлердің, көзден тайса, көңілден кететінін айтып, торыққандай болғанын көреміз.
11.2.Ақын шығармаларында өнер, ғылым, білім тақырыбы ерекше жырланады. Ол ғылым жетістігінде үлкен сеніммен қарайды. Қоғамның дамуы үшін қажет шарттардың бірі – ғылым екенін ұғындыруға күш салады. Жастарды оқуға, ғылыммен шұғылдануға шақырады. Оқысаң ғылым нұрын білім асар, Көңілдің кіршік басқан көзін ашар. Мас болған біліміне кейбір жастар, Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар. Апырай, кімге аян бұл жиһанның Белгісіз ұлылығы асқар-асқар! Ғылымға ұмтылушы жастарға Шәңгерейдің үлгі еткені – Бұхарда, Қазанда оқып келген қазақ-татар молдалары емес, дүние жүзіне әйгілі ғалымдар. Ол атақты ағылшын ғалымы Эдиссонды (1847-1931) үлгі етеді. Эдиссон Томас Алва – американың атақты физигі, электротехника мен байланыс жөнінде көп жаңалықтар ашып, түрліше құрал-аспаптар ойлап шығарған ғалым. Сонымен қатар ғылымға бөгет жасайтын надан молдаларды шенейді. Ақын Эдиссонға арнаған өлеңінде ғылым мен надандықты бір-біріне қарама-қарсы қояды. Ғылымды бұтағы көп, жемісі мол, биік шынар бәйтерек бейнесінде суреттеп, ғылымның әр саласын сол бәйтеректің жемісі ретінде бейнелейді.

«Бұл ғылым – бір бәйтерек шектен асқан,

Шұлғанған бұтағына ғарсы-күрсі.

Бар ғаләм он сегіз мың саясында,

Таусылмас, бұтақ сайын бар жемісі.

Шайтани бұл өнерді қалай дейміз,

Әр өнер – сол жемістің бірдемесі.

Эдиссон мұны істеген – ғалым адам,

Оқымас, жалқау біздей емес надан.

Пәнделерден қимие-симие ғылымы хикмет,

Көп сырлар ашты түпсіз дариядан...

Ақын ғылымның қоғамдық маңызын көпшілікке түсіндіруді оқыған адамға міндет етіп қояды. Ақын, бір жағынан, жастарды ғылымға үндесе, екінші жағынан, олардың «аяқ жетпес жерлерге аяқ баспауын» аңғартады. Ғылым түпсіз тұңғиық немесе асқар тауға ұқсас. Оның барлығын түп-түгел уысыңа сыйғызу мүмкін емес. Ғылымға ұмтылушылар өзіне белгілі бір шек қою керек деген пікірді меңзейді.

11.3.Шәңгерей «Қайран жерім» деген өлеңінде туып-өскен мекенін жер жәннатына теңейді. Туған жеріне бар жақсы сөзін арнау – қазақ ақындарының бәріне ортақ қасиет. Осы тұрғыда алғанда Шәңгерей де туған жерін жеткізе жырға қосқан:

Мақпалдай көгеріңкі төсеп салған,

Жәннаттей десем мислі, емес жалған...

Бір сағат сап ауасын татқан адам,

Табады неше түрлі дертке дәрмен.

Хандық дәуірдің өте бастаған тұсында өмір сүрген Шәңгерей өлеңдеріне негізінен өмір туралы толғамдары арқау болған. Оның өлеңдерінде хан билігі мен дәулетінің өткінші екендігі көрініс тапқан. Ол – өмір мен өлім мәселесін дұрыс түсінген жан. Оны «Өмірдің өтуі», «Жалғаншы, жарық дүние!», «Ұршық», «Бұл дүние панилығын етеді екен», «Құйрық атып құлия» деген өлеңдерінен көруге боладыОның эстетикалық талғамының нәзіктігін танытар орны ерекше шығармасының бірі «Қосаяқ» және «Құйрық атып құлия» өлеңдері. Бұл өлеңдерінде қолданылған сөздер ақынның сипаттама образдарындағы нәзіктік, биязылығымен де әсерлі көрінеді. Ақынның бұл өлеңдеріндегі суреттеулер тиянақты оймен суреттелген. Қосаяқ - Нарын құмында көп болатын кішкене ғана жәндік. Ақын оған арнаған өлеңін өзінің балалық шағы, өткен өмірімен байланыстырады. Қосаяқтың үздік портретін жасайды. Қосаяқ - қазақ әдебиетіндегі ең жақсы, ең керкем жасалған портреттің бірі. Шәңгерей өлеңдерінде көркем сөз құралдарының басқа түрлері де кездеседі. Мысалы, архаизм немесе басқа тілден енген сөздер. Өлендерінің көбі өткенді жырлауға арналғандықтан, архаизмдердің кездесуі табиғи құбылыс, ал басқа тілден енген сөздер көбінесе араб, парсы тілдерінен алынған, себебі Шәңгерей орыс тілімен қатар осы тілдерді де жақсы білген. Шәңгерей өлеңдерінің көркемдік қасиеттерінің бір тамыры дыбыс әуезділігінде жатыр. Шәңгерейдің бізге қалдырған бұл екі өлеңінің сапасы мығым туындылар деуге болады. Ұлы ақынның қай шығармасын алсақ та, суреттеген өмір құбылыстарының нәзіктігі, адам образдарының өз ортасына тән нақтылығы, шығармаларындағы көркемдіктің үздіктігі кімді болса да бас игізгендей.


11.4.Шәңгерей Бөкеев «Қашқын» поэмасын М. Лермонтовтан («Беглец») қазақ тіліне аударған. Тілдік ерекшелігіне назар аударсақ, негізінен, түрік, араб сөздері көп қолданылған. Оған поэмадағы дұшпан, шілте, шаһит, гөзел, кәуір секілді сөздер мысал бола алады. Намыстан айрылып, жаудан қашқан жанның тағдыры поэмаға арқау болады. Шығарманың басты кейіпкері - Һарун. Поэма атасы мен ағасының жанын жауға қалдырған Һарунның еліне қашып келе жатқан тұсынан басталады. Қашқынның жүрген жолдары арқылы оқиғаның кеңістігін және уақытын дәл көрсетеді. Жердің түн жамылғанын, перделенгенін кейіптеу тәсілімен берген:

Күн батты сол арада, тұмандатты,

Түнеріп жердің бетін мұнар жапты.

Әлпелдің күн шығыстан иісі келіп,

Жер жүзі перделеніп ақшыл тартты.

Ай туып, балқып жерден сары алтындай,

Көтеріліп бірден-бірге жарығы артты.

Ағызып маңдай терін демін алып,

Келеді Һарун шаршап арып-талып.

Ай жарық, тау мен тастың арасынан

Таныды ауыл жұртын көзі шалып.

Тым-тырыс, айналада бір дыбыс жоқ,

Келеді бұқпақтаумен тасаланып.

Оқиғаның кей детальдарын беруде теңеулерді де қолданылған.

Киіктей орғып таудан Һарун қашты, 

Қояндай бүркіт қуған жаман састы.

Ай туып, балқып жерден сары алтындай,

Көтеріліп бірден-бірге жарығы артты.

Тамшыдай домаланып уақыт-уақыт,

Тамады тырс-тырс етіп көздің жасы.

Төсек тартып жатқан досы Сәлімге келгендегі тұсы:

«Һарунға Сәлім - үйден шық, кет! - деді.

Масқара болдың тамам, сен жоқ, - деді.

Кісіге сендей қорқақ пана үшін

Не үйім, не дүр дұғам еш жоқ, - деді»,- деп берілген. «Жаудан қорыққан қорқақ»деп үйіне кіргізбеген. Ал сүйгенінің есік алдына барғандағы қыздың салған әні:

«Ар, намысқа шыдамас

Жас жігіттер, шын ерлер.

Қорқаққа кет дер, қарамас

Таудағы сұлу гөзелдер». Осыны тыңдап тұрған Һарунның басқа амалы құрып, анасына келді. «Сөйлеме, залым, кәуір бұ жасыңды,

Қимадың жақсы өлімге бір басыңды.

Кет жалғыз, қашқын болған масқараңмен,

Қояйын қарайтпай-ақ ақ шашымды.

Қорқақ құл енді маған бала емессін,

Сүрттірмен ұятыңды көз жасымды!».  Ана жауабы осындай болды. Ешкімі қалмаған Һарун өз ісіне өкініп, анасы айтқан  «жақсы өлімнен» қашқаны үшін, әкесі мен бауырын жау жерінде қалдырғаны үшін өз-өзін кешіре алмай, уайымына алмас қылыш нүкте қойды, өз-өзін өлтірді. Поэманың идеясы – жаудан қашпай, тұрысып, өз-өзін өлтірген алмас қылышпен бір жаудың басын алуға болатыны, өзінің емес, елдің, жердің, қара халықтың қамын ойлап, олар үшін жанын пида қылуды айтып, ерліктің туын ұстап, еліне қалқан болуға үгіттейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет