Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет33/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
УМК Шарипова

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:

  1. Қарасөздерін жазудағы мақсаты

  2. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы неге шақырады?

  3. «Толық адам» туралы ақын философиясы

  4. Он сегізінші қарасөзінен қандай ой түйдің?

  5. Жиырма тоғызыншы қарасөзіндегі негізгі ой бүгінгі қоғамнан қандай көрініс тауып отыр?


Дәріс 2.10.Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға»,

«Кәрілік туралы», «Еңлік-Кебек» дастаны-1 сағат
Дәріс жоспары:
1.Шәкәрім - әдебиеттің әр алуан жанрларына қалам тербеген қаламгер.

2. «Мен кетермін, сөз қалар...»

3. «Еңлік-Кебек » дастаны



10.1. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) - қазіргі шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.

Өлең айт дарын өрге өрлегендей,

Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.

Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,

Әлдилеп жыр бесігі тербегендей.  

Қауымның қалауына тап келгендей,

Болғанын, болашағын айт көргендей.

Кірістен тартып жырды жебелі оқтай,

Дәл тигіз қалағанға қас мергендей.  

Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,

Өлеңмен өміріне сән бергендей.

Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,

Оятсын бойкүйезді жан бергендей.  

Ерікті билеп алсын айтылған жыр,

Сырты – гүл, жарасымды, ішінде сыр.

Жаныңның ләззат алар жарығындай, 

Мәңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр. 

Ақын бұл өлеңінде ақындарға өз қабілетін дұрыс бағалай біліп, өзінің қолынан келетін істі атқаруға ұмтылуы қажет екенін, өмірдегі нақтылы жағдайды, мүмкіндікті айқын түсіне біліп, соған орай әрекет қылғанда ғана елге елеулі, халыққа қалаулы жан болатынын мейлінше дәлелді етіп көрсетеді. Ақын өзіне сыншы болып, өмірге саналы көзбен қарауға үйренсе, әр нәрсенің себеп- салдарын анық танып, біле алады, нақтылы жағдайды дұрыс бағалап, содан өзіне сабақ алады деген үлкен ғибараттылық  мәні бар түйінді ой қорытады. Ақын елді өнер-білім мен ғылымға жұмылдыруға кедергі болып отырған араздық, берекесіз талас-тартысты, керенаулықты сынға алып, өнеріңді ел игілігіне жұмсауды талап етеді. 


Біз ақынның осы өлеңі арқылы өлеңнің, жырдың құдіретін байқаймыз. Әрине, бірдің емес, бүкіл елдің атынан сөйлеу оңай емес, алайда ақты ақ деп бағалап, қараны қара деп қаралау ақынға тән қасиет. Өлеңнің, өнердің өлмейтін, өшпейтін мұра екенін де атап айтады. Өлең сөздің қадыр-қасиетін, қоғам өміріндегі маңызын терең түсінген ақын кейінгі ұрпақтың да сондай болғанын қалайды және ақындардың алдына қойылатын міндет қаншалықты зор екенін тебірене жырлайды. 

10.2.Шәкәрім - әдебиеттің әр алуан жанрларына қалам тербеген қаламгер. Шәкәрім  лирикасындағы тақырыптық мазмұн-қоғам қайшылықтарын азаматтық талғамда терең мән беріп, сын тезіне салуы, сол қоғамның шындығы мен сұранымынан туындаған ағартушылық–демократтық мақсаттағы сыншылдық идея. Ақынның қоғам өмірін суреттеген сыншылдығы да, шыншылдығы да, наразылығы да, лирикалық жанр үлгісінде тоғысады. Оның реалистік сипаттағы лирикалық туындыларында әдеп, мінез-құлық, имандылық, ар ілімі сынды категориялары бірден көзге түседі. Бұл Шәкәрім лирикасындағы авторлық ерекшелік болып табылады. Айналасындағы адамдардың мінез-құлық, іс-әрекеттерінен бастап, халықтың тәуелсіздігіне дейінгі мәселелердің бәрі де Шәкәрім жырларына арқау болды. Ол да ұстазы Абай тәрізді қоғамдағы кемшіліктерді әшкереледі. Заманды түзеудің бірінші шарты- адам баласын түзеу деп түсінген ақын өзінің сынын, ең алдымен, замандастарына қарата айтады. Жеке адамның бойындағы жалқаулық, салақтық, боскеуделік, мақтаншақтық, сауатсыздық, арамдық, күншілдік пен көрсеқызарлық сияқты қисық-қыңыр қылықтарды надандықтың басы ғана емес,бүкіл заманның кеселі деп есептейді. Ол қазақтың басындағы тұрмыстық және рухани арттақалушылықтың түп негізін де осылардан іздейді. Олардың өзара сабақтас екенін айтады:

Еріншектіктен салақтық,

Салақтықтан надандық,

Бірінен –бірі туады,

Жоғалар сүйтіп, адамдық, -дейді. Шәкәрім жамандық пен кемшілікті әшкерелеумен ғана шектелген жоқ, Абай тәрізді айналасындағыларға бағыт-бағдар сілтеуші де бола білді.Шәкәрімнің сыны туған халқын шексіз сүюден бастау алады. Онсыз да қараңғы халықтың кемшілігін бетіне қайталап баса беруден не өнеді? Одан да сол тығырықтан шығудың жолын қарастыру қажет. Ондай жол қайдан табылмақ?Әрине, Абайдан! Шәкәрімнің түпкі байламы осы. «Жалыналық Абайға, жүр, баралық!» дейтіні де сондықтан.

Шәкәрім жан мен тән жайында сөз қозғағанда, жан мәселесіне айрықша мән береді. Абай ұғымында «ақыл мен жан – мен өзім», Шәкәрім болса «Ақылды жан, тән қамы үшін жұмсап жүр. Соған қызмет етеді» деген ұғым басым. Өмір жайындағы Абай толғаныстары мен ойларын Шәкәрім өзгеше сипатта суреттейд. «Ойлай берсең, у екен» – дейтін Абай тұжырымдары Шәкәрім толғамында: Кейбіреулер жазады: «Қу өмір» – деп, «Тұрағы жоқ алдамшы су өмір» – деп, «Көрген қызық, қылған іс-бәрі де ұмыт, Иә, көлеңке, яки түс, у өмір» - деп сипатталып, өмірді терең түсінуге, адам баласына мінді өз бойыннан іздеуге міндеттейді. Қанша тілегіңе жетсең де, бақытқа кенеліп шаттансаң да ғұмыр қысқа барар жерің – біреу. Адамның жалған дүниеде мазмұнды өмір сүруінің маңыздылығын өмірдің қас-қағым сәттей өткінші екендігі жайында ой қорытады. Мұны «Дүние мен өмір» өлеңінен анық байқауға болады.  Шәкәрім Құдайбердіұлының 1879 жылы жазған "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" өлеңдері адамның өмір жасын жыр етеді. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жазу стилінде жазылғаны да байқалады. Шәкәрімнің шығармалар жинағындағы “Кәрілік туралы” өлеңі:

Қайратың қалып,

Ақылдан танып,

Кәрілік келсе басыңа,

Кәдірің кетіп,

Заманың өтіп, 

Жан жуымас қасыңа. 

Кәрілік деген жұмыс бар,

Артыңда таяу бір іс бар… 

Жарығың өшіп көңілден, 

Кәрілік жаман өлімнен,- деп кәріліктің еш пайдасыз жақтарын айтып, ескінің көзін жамандағанын, одан өлімді тілегені, бозбалалықты, жалындаған жастықты дәріптегеніне көзіміз анық жетеді. 



10.3. «Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бүгінде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. 
«Бұл әңгіме - 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе «жас баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке беріп обалына қал» демейді. Мен соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалық жазалы демеймін»,- деп қара сөзбен бастаған Шәкәрім ақын. 
Ақын поэмасы адам болмысының қыр-сырынан сыр шертуден басталып, кісі бойындағы достық, махаббат, ақыл-парасат жайлы толғайды. Толғай келе «Ақтабан шұбырынды» заманының кейпін айтып, тарихи оқиғалар мен елдің атажұртынан ауа көшуі, кейін хан Абылай заманында өз қоныстарына бытырай келіп қайта қоныстануы жайлы жырлайды. Онан соң Кебек батырдың ер мінезді, кішіні аялап, үлкенді сыйлайтын ақылды, парасатты ер екені, елі мен жері үшін жаудан жасқанбайтын азамат екені жырланады. 
Бірде Кебек батыр аңға шығып, бұрқасын боранға тап болып, кеш бата адасып кетеді. Бұны жырлаған ақын:

«Бораннан байқай алмай барар бетті,

Түн ішінде адасып Кебек кетті.

Осы Хақан өзеннің аяғында

Қыстаған бір Матайға келіп жетті»,- дейді. Осылайша Кебек батыр Еңлік сұлудың үйіне тап болады. Сол түнде бірін-бірі сынасқан тұста Кебек Еңліктің бақытсыз екенін, басы шарасыздан қортық еркекке байланғанын біледі. Ақын бұл тұстарды ерекше шеберлікпен суреттеп, қыздың ақыл-парасатын, сөз бен жүйеге жүйрік шешендігін дәлелдейді. Бір айтқан сөзге нана салу ер жігітке сын, сондықтан Кебекке де Еңлікті бірнеше рет сынатып, көңілінен шығарады. Бұл тұста ақындық шабыттың нағыз биік үлгісін көрсеткен Шәкәрім ақын екі жас ортасындағы нәзік махаббат, шарасыздық, екі ел ортасындағы бірлік, халықтың надандығы, тағдыр ісі жайлы айтқандарын өте жоғары шеберлікпен суреттеп, поэзияның тым биік, жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетеді. Осы кездесуден кейінгі кездерді де, ел ісінің ушығуын, Еңлік пен Кебектің кейінгі тағдырын жүрекке жетер шынайылықпен, суреткерлікпен жеткізе білген. Ақынның позициясы анық аңғарылып отыратын поэмада Шәкәрім екі жастың махаббатын қолдап, елдің ұрда-жық надандығына налып, күйінеді. Халықтың қарабайыр тобырлығы қыршын кеткен екі жастың өліміне себеп болады. Бұл тұстарда ақын тіптен шиыршық атып, буырқана жырлайды. Жалпы, «Еңлік-Кебек» поэмасы – қазақ поэзиясының біртуар тұлғасы Шәкәрім қаламынан туған кесек туынды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет