Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет36/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
УМК Шарипова

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:

1.«Мәшһүр» атануының себебі

2. Ақын шығармаларының оқу-білім, өнер-ғылым тақырыбының маңызы, ағартушылық

ойдың ақын өмір сүрген кезеңдегі мәні

3.Ақын халық ауыз әдебиетінің қандай мұраларын жинап қағазға түсірді?

4.Мәшһүр Жүсіп шығармаларына тыйым салынуының себебі неде деп ойлайсыңдар?



5. «Шайтанның саудасы» шығармасы - болашақты болжауы деген пікірмен келісесің бе?

Дәріс 2.13. Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы-1 сағат

Дәріс жоспары:

  1. Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу

  2. Ақан сері өмірі мен шығармашылығы

  3. «Құлагер»- ақынның әділетсіздікке деген жан ашуы.

13.1.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық және саяси-әлеуметтік жағдай өмірдің барлық саласына елеулі өзгерістер әкелді.Соның әсерінен Қазақстанның мәдени өмірінде де түрлі жаңғырулар, жаңа бағыттағы даму сипаттары өріс алды.Қазақ әдебиетінің ежелден келе жатқан суырыпсалма өнері қарыштап өсіп, айтыс саласы саңлақтарының қатары көбейіп, даралана түсті. Өнердің үш бірдей саласын бір жерге түйістірген, сазгерлік, әншілік, ақындық өнерді бір басына тоғыстырған өнерпаздар шоғыры дараланып шықты, ерекше дамып, шарықтап өсу биігіне көтерілді.

13.2 Қазақ халқы әнші ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Жасынан ән–жырға үйір ол қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал, серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық–сайран құрады. Қалың елді ғажайып әнімен баурайды. Бір уақ сейіл–серуенге шығып, саятшылық құрады. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық «сері» атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние–байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген. Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тазы ұстаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет