ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Өндіріс үдерістерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы ұғымдары жəне негізгі бағыттары
Кез келген өндіріс əр түрлі үдерістің жиынтығынан тұрады, олардың арасында өнімді өндірумен тікелей байланыс үде- рістерді ерекше бөледі.
Бұл үдерістерді олардың соңғы өнімді дайындаудағы рөл- дерінің қағидаты бойынша бөледі:
негізгі үдерістер – бұл технологиялық үдерістер, олар- дың барысында геометриялық пішіндердің, мөлшерлер- дің жəне өнімнің физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі орын алады;
қосалқы үдерістер – бұл негізгі үдерістердің тоқтаусыз өтуін (құралдарды, жабдықтарды дайындау жəне жөндеу); энергияны беруді жəне өшіруді қамтамасыз ететін үде- рістер;
қызмет көрсету үдерістері – бұл негізгі де, қосалқы да (сақтау, тасымалдау, техникалық бақылау жəне т.б.) үде- рістермен байланысты үдерістер.
Технологиялық үдерістерді уақыттық сипаттау үшін ережеге сай фазаларға бөледі.
Технологиялық үдеріс фазасы – орындалуы технологиялық үдерістің белгілі бір бөлігінің аяқталуын сипаттайтын жəне ең- бек затының бір сапалық күйден екіншісіне ауысуымен байла- нысты жұмыстар кешені.
Технологиялық үдерістің əрбір фазасы аталған еңбек заты- мен жүйелі орындалатын технологиялық əрекеттерден – опера- циялардан тұрады.
Операция – бір жұмыс орнында орындалатын (білдекте, стендте, агрегатта жəне т.б.), əрбір еңбек затының немесе білесіп өңделетін заттар тобының əрекеттер қатарынан тұратын техно- логиялық үдерістің бөлігі.
Операциялар қолданылатын еңбек құралдарына байланысты бөлінеді:
қол машиналарды, механизмдерді жəне механикалан- дырылған құралдарды қолданбай орындалатын;
машина-қол құралдары – машиналардың немесе қол құралдарының көмегімен жұмысшының үздіксіз қаты- суымен орындалатын;
машиналық – білдектерде, қондырғыларда, агрегаттарда жұмысшының шектелген қатысуымен орындалатын (мысалы, білдекті орнату, бекіту, іске қосу жəне тоқтату, бөлшектерін бекіту жəне шығарып алу жəне т.б.);
автоматтандырылған – автоматты жабдықта немесе авто- матты желілерде орындалатын.
Өндіріс үдерісінің барысында қандай да бір қауіпті жəне зиянды өндірістік факторлардың адамға əсер ету ықтималдылығы туындайды.
Өндіріс үдерістерінің оның тіршілік циклінің барлық ке- зеңдерінде қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына дəстүрлі түрде келесілер жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |