Пікір жазғандар


Өнеркəсіптік кəсіпорындар мен өндірістердің жобаларына қойылатын негізгі талаптар



бет26/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Өнеркəсіптік кəсіпорындар мен өндірістердің жобаларына қойылатын негізгі талаптар


Өнеркəсіптік кəсіпорындар мен өндірістерді жобалау – кə- сіпорынның əрі қарай жұмыс істеуінің, болашақ өндірістің


технологиялық үдерісінің қалыпты өтуінің, жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын құрудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерден, нормалардан, нұсқаулардан тұратын норма- тивтік құжаттардың жалпы жиынтығымен регламенттелген күрделі үдеріс.
Бұл мəселелер елеулі дəрежеде жобаны əзірлеу сатысында шешіледі, олар ажыратылмайды əрі ғимараттарды, құрылыс- тарды, зауыт ішілік көлік жолдарын өнеркəсіптік кəсіпорын аумағында тиісті жолмен орналастыруды, жұмыс орындарын оңтайлы ұйымдастыруды, жұмыс істеушілерді санитарлық-тұр- мыстық жайлармен, ұжымдық, жеке қорғаныс құралдарымен жəне т.б. қамтамасыз ету қажеттілігін білдіреді.
Өндіріс ғимараттарын, жайлары мен құрылыстарын жоба- лау технологиялық үдерістерге жəне жабдықтарға қызмет көр- сетумен айналыспайтын қызметкерлердің нормаланған пара- метрлерден жоғары зиянды факторлардың əсеріне ұшырамай- тындай жүзеге асырылуы тиіс.
1-інші жəне 2-нші қауіптілік кластарының зиянды заттарын тікелей бағытталған əсер етуіне байланысты ықтимал өндірісті жобалау кезінде жайдың ішінде жабдықты қашықтан басқаруға арналған оңтайлы еңбек жағдайымен операторлар аймағын немесе оқшауланған кабиналардың, жайлардың құрылысын қарастыру керек.
Терезесіз жəне шырақсыз ғимараттарды жобалау, сондай-ақ жертөле мен төменгі қабаттағы жеткіліксіз табиғи жарықтан- дырумен тұрақты жұмыс орындарын, өндірістік жайларды орна- ластыру қолданыстағы нормативтік құжаттарға сəйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Технологиялық, энергетикалық, санитарлық-техникалық жабдықты ашық алаңдарда орналастыру кезінде бұл жабдықты басқару пультін орналастыруға арналған жайларды, сондай-ақ жұмыс істеушілер жылынатын жайларды қарастыру қажет.
Жылытылатын өндіріс жайларының сыртқы қоршауларын жобалау қабырғалар мен төбелердің ішкі үстіңгі бетінде конден- саттың түзілу ықтималдылығын болдырмауы тиіс. Бұл талапты орындау тек ылғалды көздер болып табылатын технологиялық үдерістер үшін рұқсат етіледі.
Жаңа ғимараттарды жəне құрылыстарды жобалау мен қолданыстағыларды қайта құрылымдау кезінде сыртқы, оның ішінде шыныланған қоршаулар арқылы, сондай-ақ технология- лық көздерден жұмыс аймағына артық жылудың немесе суық- тың өтуін азайтуға бағытталған шаралар қарастырылуы тиіс.
Радиожиілікті диапазонның электрмагнитті өрістерінің (ЭМӨ) көздерімен жұмыс істеуге арналған жайларды жобалау кезінде оларды басқа өндіріс жайларынан оқшаулауды қарас- тыру қажет.
Шу көздері орналасқан қолданыстағы өндірістік объекті- лерді жобалау жəне қайта құрылымдау кезінде жұмыс орында- рында, сондай-ақ өнеркəсіп алаңдарының аумағында жайлардың ішіндегі шудың рұқсат етілетін деңгейге дейін төмендетуге ба- ғытталған сəулет-құрылыс шараларын қарастыру қажет.
Жобалау құжаттамасы заңнама талаптарына сəйкес сарапта- малардың бірнеше түрлерінен, оның ішінде еңбек жағдайлары- ның сараптамасынан өтуі тиіс. Оны, ережеге сай, билігінде ең- бек жағдайларының мемлекеттік сараптама мəселелері кіретін Қазақстан Республикасы субъектісінің атқарушы билік органы жүргізеді. Жұмыс істеушілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын құру жəне қамтамасыз ету мəселелері «Өндірісті, кəсіпорынды басқару жəне жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды ұйымдастыру» жобасының бөлімінде көрсетіледі.
«Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркəсіптік қауіпсіздігі туралы» заңмен анықталған жағдайларда жобалау құжаттамасы өнеркəсіптік қауіпсіздік сараптамасына жатады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет