Пікір жазғандар


Медициналық көмек көрсету тəсілдеріне оқыту жəне нұсқаулық беру



бет23/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Медициналық көмек көрсету тəсілдеріне оқыту жəне нұсқаулық беру


Барлық жұмысқа жаңа қабылданғандар үшін, сондай-ақ бас- қа жұмысқа ауыстырылған тұлғалар үшін жұмыс беруші еңбек- ті қорғау бойынша нұсқаманы жүргізуге, жұмыстарды орындау- дың қауіпсіз əдістері мен тəсілдеріне жəне зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетуге оқытуды ұйымдастыруға міндетті.


Белгіленген тəртіпте оқудан, еңбекті қорғау бойынша нұсқа- мадан өтпеген тұлғаларды жұмысқа жіберуге тыйым салы- нады.
Барлық жұмысқа қабылданатын тұлғалар, сондай-ақ ұйымға іссапармен келген жұмыскерлер жəне бөлінген учаскеде жұмыс- тарды орындайтын бөгде ұйымдардың (басқа жұмыс беруші- лердің) жұмыскерлері, тиісті деңгейдегі білім беру мекемеле- рінде оқитын, ұйымда өндірістік машықтанудан өтетін жəне ұйымның өндірістік қызметіне қатысатын басқа тұлғалар белгі- ленген тəртіпте кіріспе нұсқамадан өтеді, нұсқаманы еңбекті қорғау бойынша маман немесе жұмыс берушінің бұйрығымен осы міндеттер жүктелген жұмыскер өткізеді.
Еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама заңнамалық актілер- дің жəне басқа нормативтік құқықтық актілердің, жұмыс беру- шінің өндірістік қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып əрі жұмыс берушімен белгіленген тəртіпте бекітілген жұмыс беру- шінің жергілікті актілерінің негізінде əзірленген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамадан басқа жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама, қайталама, жоспардан тыс жəне мақсатты нұсқамалар жүргізіледі.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама, қайталама, жоспардан тыс жəне мақсатты нұсқамаларды еңбекті қорғау бойынша оқудан
жəне еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексеруден белгіленген тəртіпте өткен жұмыстың тікелей басшысы (өнді- руші) (шебер, прораб, оқытушы жəне т.б.) өткізеді.
Еңбекті қорғау бойынша нұсқамаларды өткізуге жұмыскер- лерді қауіпті немесе зиянды өндірістік факторлармен таныс- тыру, жұмыс берушінің жергілікті нормативтік актілерінде маз- мұндалған еңбекті қорғау талаптарын зерделеу, еңбекті қорғау бойынша нұсқауларды, техникалық, пайдалану құжаттамала- рын, сондай-ақ жұмысты орындаудың қауіпсіз əдістері мен тə- сілдерін қолдануды қоса, кіреді.
Еңбекті қорғау бойынша нұсқама жұмыскермен жұмыстың қауіпсіз тəсілдері бойынша алған білімдері мен дағдыларын нұсқаманы жүргізген тұлғамен ауызша тексерумен аяқталады.
Нұсқамалардың барлық түрлерін өткізу тиісті нұсқамаларды жүргізу журналдарына тіркеледі (белгіленген жағдайларда – жұмысты жүргізуге рұқсат-нарядтарында), нұсқама алушының қолтаңбасы жəне нұсқаманы өткізушінің қолтаңбасы, сондай-ақ нұсқаманы өткізу күні көрсетіледі.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама өз бетімен жұмыс істеуді бастағанға дейін жүргізіледі:

    • барлық жаңа қабылданған жұмыскерлермен, екі айға дейін немесе негізгі жұмыс уақытынан бос кезінде (қо- сымша істеуші) маусымдық жұмыстарды орындау мерзі- міне жасалған еңбек шартының шарттарында жұмысты орындайтын, сондай-ақ жұмыс берушімен берілетін, олармен өз есептерінен сатылып алынатын мате- риалдарды, құралдарды жəне механизмдерді пайдалана отырып, үйде жұмыс істейтін (үйде істеуші) жұмыскер- лерді қоса;

    • басқа құрылымдық бөлімшеден белгіленген тəртіпте ауыстырылған жұмыскерлермен немесе олар үшін жаңа жұмысты орындау тапсырылатын жұмыскерлермен;

    • бөгде жұмыс берушілердің іссапармен келген жұмыскер- лерімен, тиісті деңгейдегі білім беру мекемелерінде оқитындармен, өндірістік тəжірибеден (тəжірибелік сабақтар) өтушілермен жəне жұмыс берушінің / ұйым- ның өндірістік қызметіне қатысатын басқа тұлғалармен.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама ұйымның құрылым- дық бөлімшелерінің басшыларымен заңнамалық жəне басқа еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілердің, ұйымның жергілікті нормативтік актілерінің, еңбекті қорғау бойынша нұсқауларды техникалық жəне пайдалану құжаттарын қоса, талаптарына сəйкес белгіленген тəртіпте əзірленген жəне бекітілген бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
Жабдықты пайдаланумен, қызмет көрсетумен, сынақтан өткізумен, жөндеумен, электрлендірілген немесе басқа құралды пайдаланумен, шикізатты жəне материалдарды сақтаумен жəне қолданумен байланысты емес жұмыскерлер жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамадан өтуден босатылулары мүмкін.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамадан өтуден босатылған жұмыскерлердің мамандықтары мен қызметтерінің тізімі жұмыс берушімен бекітіледі.
Алғашқы нұсқамадан өткен барлық жұмыскерлер алты айда бір реттен сирек емес жұмыс орнында əзірленген бағдарлама бойынша қайталама нұсқамадан өтеді.
Жоспардан тыс нұсқама жүргізіледі:

    • қолданысқа еңбектi қорғау талаптарынан тұратын жаңа заңнамалық жəне басқа нормативтік актілер, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар енгізілген немесе олар өзгертілген кезде;

    • технологиялық үдеріс өзгерген, жабдықтар, құрылғы- лар, құралдар жəне еңбек қауiпсiздiгiне əсер ететiн бас- қа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;

    • жұмыскерлермен еңбекті қорғау талаптары бұзылған кезде, егер бұл бұзушылықтар ауыр салдарлардың бас- талуына нақты қауіп төндіретін болса (өндірістегі жаза- тайым жағдай, апат жəне т.б.);

    • мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының лауазымды тұлғаларының талап етуі бойынша;

    • жұмыстағы үзілістер кезінде (зиянды жəне (немесе) қа- уіпті жағдайлармен жұмыстар үшін 30 күнтізбелік күн- нен астам, ал қалған жұмыстар үшін екі айдан астам);

    • жұмыс берушінің шешімі бойынша.

Мақсатты нұсқама бiржолғы жұмыстарды орындаған кезде жүргiзiледi, авария, табиғи апаттардың зардаптарын жою, наряд- рұқсатнама, рұқсат немесе басқа арнайы құжаттар ресiмделетiн жұмыстарды жүргiзу кезінде, сондай-ақ ұйымда көпшілік шара- ларды жүргізу кезінде өткізіледі.
Жеке салалар мен ұйымдардың жұмыскерлерінің еңбекті қорғау бойынша нұсқамаларының барлық түрлерін өткізу- дің нақты тəртібі, шарттары, мерзімдері жəне мерзімділігі тиіс- ті еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша салалық, салааралық нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдағаннан кейін бір ай ішінде барлық жұмысқа қабылданған тұлғаларды, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған тұлғаларды жұмыстарды орындаудың қауіпсіз əдістер мен тəсілдеріне оқытуды ұйымдастыруға мін- детті.
Еңбекті қорғау бойынша оқыту жұмыс мамандықтарының жұмыскерлерін қайта даярлау жəне оларды басқа жұмыс маман- дықтарына оқыту кезінде жүргізіледі.
Жұмыс беруші зиянды жəне (немесе) қауіпті еңбек жағдай- ларымен жұмысқа қабылданатын тұлғаларды жұмыс орнында машықтанумен жəне емтихан тапсырумен жұмыстарды орын- даудың қауіпсіз əдістері мен тəсілдеріне оқытуды, ал еңбек қызметінің барысында еңбекті қорғау бойынша мерзімдік оқы- туды жəне еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексеруді жүргізуді қамтамасыз етеді. Аталған жұмыстарға алғаш рет келген жұмыс мамандықтарының жұмыскерлері немесе маман- дық бойынша жұмыста (жұмыстың түрі) бір жылдан астам үзіліс болған жұмыскерлер бұл жұмыстарға тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде еңбекті қорғау талаптарына оқытудан жəне білімін тексеруден өтеді.
Жұмыс мамандықтарының жұмыскерлерін еңбекті қорғау бойынша оқыту жəне еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексеру тəртібі, нысаны, мерзімділігі жəне ұзақтығы жұмыс берушімен жұмыстың нақты түрлерінің қауіпсіздігін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сəйкес белгіленеді.
Жұмысқа жаңа қабылданғандар (сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған тұлғалар) үшін жұмыс беруші зардап шегушілер-
ге алғашқы көмек көрсету тəсілдеріне оқытуды ұйымдастыруға міндетті.
Зардап шегушіге медициналық қызметкерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсету қажеттілігі даусыз. Уақытында көрсетіл- ген көмек (алғашқы 30 минут) жарақаттану салдарының ауырлығын елеулі азайтады, оның ішінде өлім ықтималдылы- ғын, зардап шегушілердің арасында мүгедектік деңгейін төмен- детеді, жарақаттан кейін қалпына келтіру емінің мерзімін қыс- қартады жəне зардап шегушінің бұрынғы еңбек қызметіне неғұрлым ерте қайтуына мүмкіндік береді.
Əлемдік тəжірибе зардап шегушілерге алғашқы көмек көр- сету тəсілдеріне бұрын оқытылған жұмыскерлердің əрекеттері- нің жоғары тиімділігі туралы куəландырады.
Алғашқы көмекті оқиға орнына бірінші келген тұлға көрсе- теді (зардап шегушімен / ауырған адамның қасында). Біліктілік дəрежесі бойынша бұл адамдар алғашқы жедел көмек көрсету бойынша кəсіпқойлар (дəрігерлер немесе фельдшерлер), меди- циналық (жоғары немесе орта) білімі бар тұлғалар, алғашқы меди- циналық көмек көрсету бойынша арнайы дайындықтан өткен, бірақ медициналық білімі жоқ кəсіпқой құтқарушылар, қандай да бір алғашқы көмек көрсету бойынша дайындықтан өткен немесе өтпеген басқа тұлғалар (медициналық білімі жоқ) болуы мүмкін.
Жұмыс мамандықтарының барлық жұмыскерлерін оқыту жалпы таныстыру сипатында болады жəне бұл жұмыскерлердің білімі мен іскерлігін біртіндеп бекіту үшін жыл сайын қайта- ланады. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, жарақат алудың жоғары қауіп-қатерімен жұмыс мамандықтарының жұмыскерлері (жүр- гізушілер, электр техникалық қызметкерлер жəне т.б.), сондай- ақ ауысымдағы бір-екі жұмыскер жəне т.б. неғұрлым күшей- тілген дайындықтан өтулері тиіс, бірінші кезекте алғашқы көмек көрсетудің негізгі тəсілдерінің дағдыландыру бойынша тəжіри- белік сабақтар есебінен.
Жұмыс мамандықтарының жұмыскерлерін оқытуды / дайын- дауды білікті, медициналық білімі бар жəне алғашқы көмек көр- сету бойынша арнайы дайындықтан өткен оқытушымен арнайы əзірленген бағдарламалар бойынша (аталған мамандықтарға арналған талаптарға жəне ұйымның қажеттіліктеріне бейім-
делген) белгіленген тəртіпте мақұлданған жəне ұсынылған тиісті оқу құралдарын жəне қажетті жабдықты (жаттығу құрылғы- ларын) пайдалана отырып, жүргізілуі тиіс.
Сонымен қатар жұмыс орындарында алғашқы көмек көрсе- ту құралдарының болуын қамтамасыз ету, алғашқы көмек көр- сетудің əр түрлі тəсілдерінің нұсқауларын көрінетін жерге орналастыру (плакаттар, брошюралар, суретті оқу құралдары жəне басқа көрнекі материалдар), алғашқы көмек көрсету құрал- дарын (дəрі-дəрмек қобдишаларын) тəртіпте ұстау үшін жауап- ты тұлғаны тағайындау; көрінетін жерде алғашқы көмек көрсету дағдылары бар жұмыскерлер туралы мəліметтерді басып шыға- рылған түрде орналастыру, жұмыс мамандығының жұмыскер- леріне өндірістегі жазатайым жағдай туындаған кезде қалай əрекет ету керектігін, қандай қосымша құралдарды пайдалану, оларды қайдан алу жəне алғашқы көмекті алу үшін кімге жəне қайда бару керектігін түсіндіру қажет.
Алғашқы көмек көрсету құралдарының қол жетімділігін жəне оны арнайы оқытылған жұмыскермен көрсетуді, сондай-ақ кəсіпорынның аумағынан тысқары медициналық қызметпен жедел байланысу мүмкіндігін, сондай-ақ жарақат алған немесе кездейсоқ ауырып қалған жұмыскерді денсаулық сақтау меке- месімен немесе үйіне (көрсетілген кездерде) жеткізуді қамтама- сыз ету маңызды.
Бұл үшін алғашқы медициналық көмек көрсету құрал- дарының орналасу орны тиісті жолмен белгіленуі жəне жеңіл қол жеткізілетін жерде орналасуы тиіс. Сонымен қатар көріне- тін жерде жедел медициналық көмекті шақыру телефондарының нөмірлері ілінуі, жедел медициналық көмектің кəсіпорынның аумағы бойынша жылдам жету жəне қозғалу мүмкіндігі қарас- тырылуы тиіс.


  1. тарау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет