Технологиялық регламент – технологиялық үдеріс операция- ларын жүргізу режімі мен тəртібін анықтайтын негізгі техникалық құжат.
Барлық технологиялық регламенттер қолданыстағы заңнама- ның талаптарымен қарастырылған ережелер мен нысандар бойын- ша жасалады. Технологиялық регламенттерді кəсіпорындардың
немесе жоғары тұрған ұйымдардың басшылары бекітеді. Кə- сіпорынның басшысы техникалық бақылау мен үдерісті автомат- ты реттеудің қазіргі заманғы құралдарын барынша пайдаланумен бекітілген технологиялық регламентті нақты сақтауды қамтама- сыз етуге міндетті.
Қолданыстағы технологиялық регламентті бұзуға кінəлі тұлғалар қатаң тəртіптік жауапкершілікке тартылады.
Əрбір технологиялық регламент келесі бөлімдерден тұрады:
өндірістің жалпы сипаттамасы;
дайындалатын өнімнің сипаттамасы;
бастапқы шикізаттың, материалдар мен жартылай фаб- рикаттардың сипаттамасы;
технологиялық үдерістің сипаттамасы;
технологиялық режім нормалары;
ықтимал ақаулар, олардың себептері жəне жою тəсілдері;
шикізат пен энергия ресурстары шығынының жыл сайынғы нормалары;
өндірісті бақылау;
үдерісті қауіпсіз жүргізудің негізгі ережелері;
өндіріс қалдықтары, ағын сулар жəне атмосфераға шы- ғарындылар;
міндетті нұсқаулар тізімі;
материалдық баланс;
өндірістің технологиялық сұлбасы;
негізгі технологиялық жабдықтың ерекшелігі.
Технологиялық үдерістің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі аспектілері регламенттің бірқатар бөлімдеріне берілген.
Технологиялық режімдердің параметрлерін бұзу – өндіріс- тегі апаттық жағдайлардың негізгі себептерінің бірі.
Технологиялық регламенттің бөлімдерінде сипатталатын көрсеткіштердің тізімі технологиялық үдеріске қойылатын қауіпсіздіктің барлық негізгі талабынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |