Пікір жазғандар



бет28/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

тарау


МЕХАНИКАЛЫҚ ƏСЕРЛЕРДЕН ҚОРҒАУ
Əр түрлі өндірістік жабдықтар, арналуына, түріне жəне ти- піне байланыссыз қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етулері тиіс, ал бұл олардың тиісті конструкторлық əзірлемесімен, пайдалану кезінде сенімділікті қамтамасыз етумен, заманауи, қымбат емес жəне қауіпсіз материалдарды қолданумен мүмкін болады. Əр түрлі технологиялық үдерістерде адамның оның ішіне өтуі өмірі мен денсаулығына қауіпті болуы мүмкін қауіпті аймақтар болатындығын есте сақтаған жөн. Мысалы, машиналар мен жабдықтардың қозғалатын бөлшектерінің, жылжитын бұйымдардың, биіктіктен құлайтын заттардың жəне т.б. əсер етуінің нəтижесінде жарақат алу; электр тогының соғу қаупі; сəулеленудің əр түрлі түрлерінің (жылу, электрмагнитті, ион- даушы), шудың жəне дірілдің жəне т.б. əсері. Кеңістіктегі қауіпті аймақтың мөлшері ауыспалы болуы мүмкін, бұл жабдық бөлшектерінің қозғалысымен байланысты немесе тұрақты бо- лады. Осымен байланысты зиянды өндірістік факторлардан қорғау үшін ұжымдық жəне жеке қорғаныс құралдары қолда- нылады, сондай-ақ үдерістерді автоматтандыру жəне қашықтан басқару мүмкіндіктері қарастырылады [9].
Қорғаныс құрылғыларында жабдықтың жылжымалы эле- менттеріне жəне кесетін құралдарға жұмыс істеушілердің қа- уіпті жақындауы; кесетін құралдың, жылжитын жəне өңделетін материалдардың жұмыс аймағына ұшып кетуі; кесетін құрал- дарды орнату жəне ауыстыру кезінде жұмыс істеушілердің жарақат алуы; жабдықтың жылжымалы бөлшектерінің белгілен- ген шектерден шығуы; жұмыс істеушілердің ашық қарау құдық- тарына, сыйымдылықтарға құлауы, сондай-ақ биіктіктен құлауы болмауы тиіс.
Қорғаныс құралдарына қоршаулар, сақтандыру клапандары, ұштық ажыратқыштар, электр сақтандырғыштар, реле, айналым
санын шектегіштер, тежеуіш құрылғылары, кесілген штифттер жəне т.б. жатады.
Жабдық қорғаныс құрылғылары өшіріліп тұрғанда жұмыс істемеуі тиіс. Қорғаныс құрылғыларының əрекеті қауіп көзі жойылғанға дейін жалғасатын болады. Біз қоршаулық қорғаныс құралдарына көңіл бөлеміз. Қоршаулар стационарлық (жылжы- майтын), жылжымалы (алынбалы) жəне тасымалдаушы болуы мүмкін. Олар əр түрлі торлар, шарбақтар, экрандар, қаптамалар жəне басқа кез келген жағдайда адамның қауіпті аймаққа өтуін болдырмайтындай мөлшерге ие жəне сондай жолмен орнатыл- ған басқа құралдар түрінде жасалады. Сонымен қатар оларға бірқатар талаптар қойылады. Қоршаулар өңделетін материал- дардың немесе кесетін құралдардың бұзылуы кезінде сынбауы; жұмыс орнының жарықтандырылуын төмендетпеуі; шу мен дірілді арттырмауы; кесетін құралдың жұмысты бақылауды, жабдықты жинау мен жөндеуді қиындатпауы тиіс. Қоршаудың ішкі үстіңгі беті айқын түстерге (ашық қызыл, қызғылт сары) боялуы қажет [10].
Технологиялық жабдықта қызметкерлерге білдектердің, машиналардың жəне т.б. жұмысы туралы ақпарат үшін техно- логиялық параметрлердің нормадан ауытқулары немесе тікелей қауіп-қатер туралы ескерту үшін қажетті дабыл беру құрыл- ғысының болуы аса маңызды. Ақпаратты беру тəсілі бойынша дыбыстық, жарықтық жəне аралас (жарық дыбыстық) дабыл белгілері ажыратылады. Газ шаруашылығында газға иісі бар заттарды араластыра отырып, иісі бойынша газдың кемуі туралы дабыл белгісі пайдаланылады.
Арналуына байланысты барлық дабыл жүйелерін оператив- тік (үдерістің өтуі туралы ақпарат), ескерту (қауіп төнген жағдайда қосылады) жəне айыратын (өнеркəсіптік жабдықтың неғұрлым қауіпті тораптары мен механизмдерін анықтау үшін қолданылады) деп бөлу қабылданған.
Жабдықтағы жұмыс қауіпсіздігі онда келесі негізгі талап- тарға сəйкес келуі тиіс қажетті басқару органдары болған кезде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін: іске қосудың сенімділігін, тоқтату жылдамдығын, пайдалану жеңілдігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету; жалпы жабдықтың да, оның жеке механизм-
дерінің де қате немесе кездейсоқ қосылу мүмкіндігін болдыр- мау, сондай-ақ бірнеше механизмдерді бір мезгілде қосу олар- дың сынуына əкелуі мүмкін.
Басқару органдары пайдалану кезінде қолайлы болатындай, басқа басқару органдарына қолдың қысылып қалуын жəне соқтығысып қалуын болдырмайтындай жəне оларға кездейсоқ əсерді барынша болдырмайтындай жолмен орындалады. Өнді- рістік жабдықтағы қауіпсіздіктің жалпы талаптарын дамытуда нақты жабдыққа арнайы қауіпсіздік талаптары анықталған стандарттар жасалады. Біз оқу үдерісіне, негізінен, экспери- менттік зерттеулерге қатысы болатын жабдықты қысқаша түрде қарастырып көреміз:

  1. қажау құралын металдан, пластмассадан, ағаштан жа- салған бұйымдардың үстіңгі бетін ажарлау, жылтырату, же- тілдіру үшін, сондай-ақ кесетін құралды қайрау, құймаларды тазарту жəне т.б. үшін қолданады. Оны дөңгелектер, қырлы кесектер, сегменттер, т.б. түрінде қажау материалдарын қосу жəне əрі қарай бакелитті, керамикалық жəне вулканитті (ре- зеңкелік) байланысты қолдана отырып, сығымдау арқылы дайындайды. Қажау материалдары табиғи (корунд, егеуқұм, алмас) жəне жасанды (электр корунд, карборунд, шыны шаңы) ретінде ажыратылады. Ажарлағыш білдекте жұмыс істеу ке- зінде қажағыштың жəне металдың ұшатын бөлшектерінен жарақат алуға болады, тегіс ажарлау білдектерінің магнитті үстелінен бөлшектер бөлінуі мүмкін, жұмыс істеушінің қолы- ның ажарлау дөңгелегіне тиіп кету жағдайлары да сирек емес, ажарлау дөңгелегінің айналу жылдамдығын артық беру жəне жоғарылату кезінде ол ажырап кетуі мүмкін;

  2. металды өңдеу білдектеріне өңдеу аймағын қоршайтын қорғаныс құрылғылары жұмыс істеушіні ұшатын жоңқалардан жəне майлау-салқындату сұйықтығынан қорғауы тиіс. Қорғаныс құрылғыларының конструкциясы білдектердің технологиялық мүмкіндіктерін шектемеуі жəне жұмыс кезінде қолайсыздық ту- дырмауы тиіс. Барлық жағдайларда қорғаныс құрылғыларын бекі- ту сенімді болуы жəне өздігінен ашылуына жол бермеуі тиіс.

Жонғыш, бұрғылайтын білдектерде жұмыс істеу үшін жұ- мыскерді жарақаттан сақтайтын қарапайым тəсілдерді қарас-
тырамыз: білдектердің ақаусыздығы (электр қауіпсіздігін қоса); өңделетін бөлшектерді жəне кесетін құралдарды сенімді бекіту; қорғаныс экрандары мен жеке қорғаныс құралдарын (көзəйнек, маска, қалқанша жəне т.б.) пайдалану; құралды, сондай-ақ бөл- шектерді өңдеу режімі мен жүйелілігін дұрыс таңдау; салқын- датқыш сұйықтықтарды қолдану жəне білдектен жоңқаларды уақытында жинап тұру [11].
Электрлендірілген жəне пневматикалық жұмыс құралын кеңінен қолдану қол құралдарын: балғаларды, зілбалғаларды, бұрағыштарды, тістеуктерді, егеулерді, кескіштерді, кернді жəне т.б. пайдаланудың қажеттілігін жоққа шығармайды. Қол құра- лын пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік талабы – оны ақау- сыз, таза жəне майланбаған күйде ұстау. Слесарьлық балғалар мен зілбалғалардың жұмыс беті аздап көтеріңкі, бірақ қисық емес, тойтармасыз жəне сызатсыз болуы тиіс. Олардың сапта- рын жақсы кептірілген ағаштардың қатты жəне тұтқыр түрінен жасайды. Егеулерде, қол араларда саптары құрсау сақина- ларымен болуы тиіс. Кескіштерде, шапқыларда, керндерде жəне т.б. сызат, қылау жəне тойтарма түзілетін болса, қолдануға болмайды.
Кез келген зақымдануды алған адамның өмірі мен денсау- лығы оқиға орнында алғашқы медициналық көмекті уақытында жəне сауатты көрсетуге байланысты болады.
Ағзаның барлық жарақаттанулары сыртқы тері жабынының (терінің, шырышты қабаттың) тұтастығы бұзылған ба немесе жоқ па, екі топқа бөлінеді: ашық (жаралар, жарақаттар) жəне жа- бық. Жара деп адамның денесінің сыртқы қабатының оның барлық тереңдігінде тұтастығының бұзылуы міндетті элемент болып табылатын ағзаның тіндерінің зақымдануын атайды. Жа- рақаттайтын қарудың түріне байланысты жаралар кесілген, шабылған, үшкір қарудан болған, айналасы жырымдалған, со- ғылған жəне оқ тиген жаралар түрінде ажыратылады.
Кесілген жəне шабылған жаралардың, əдетте, жиектері тегіс болады, тіндері елеусіз зақымданады, жақсы қанайды жəне жіңішке тыртық қалдыра отырып, жылдам жазылады. Үшкір қа- рудан болған жаралар жиі дене қуысына жəне онда орналасқан ішкі органдарға енетін ұзын жəне тар жара тесігінің болуымен
сипатталады. Айналасы жырымдалған жəне соғылған жаралар аздап қанауымен, бұзылған тіндердің үлкен диапазонымен сипатталады, олар содан кейін көп мөлшерде жойылады əрі инфекцияның өрбуі жəне іріңдеу үдерісінің дамуы үшін қолай- лы жағдай тудырады. Бұл жаралар баяу жазылады.
Жарақаттар жалғыз жəне көп болуы мүмкін: байланыс- тырылғандар – жарақаттайтын қару өз жолында бірнеше орган- дарды зақымдайды; құрамдастырылған, мысалы, механикалық жарақат жəне күю.
Жаралар кезіндегі алғашқы медициналық көмек тіке- лей оқиға орнында маңызды шарттарды сақтаумен көрсеті- леді:

  1. қан кетуді уақытша тоқтату жүргізіледі;

  2. содан кейін жара мүмкіндігінше тез, капиллярлық қан кетуді тоқтатуға жəне қандай да бір дəрежеде ауруды азайтуға себін тигізетін асептикалық таңғышпен жабылуы тиіс.

Таңу кезінде келесі ережелерді мүлтіксіз орындау керек:

  1. жараны ешнəрсемен жумау, бөгде заттарды алып таста- мау, жараға қол тигізбеу керек;

  2. жараға зарарсыздандырылмаған таңу материалын таңбау жəне басқа жолмен ластамау керек;

  3. жараның айналасындағы теріге йод тұнбасын жағу жəне асептикалық таңғышпен жабу керек. Стандартты асептикалық таңу материалдары болмаған жағдайда алдын ала дайындалған қолда бар материалдарды пайдалануға болады, мысалы, төсек жаймаларды, жастық тысын, киімді. Жараларды емдеудегі маңызды фактор дененің зақымданған жерін барынша тыныш- тықта ұстау (иммобилизациялау) болып табылды. Иммобили- зациялау сүйектің сынуы жəне ауқымды жарақаттарда жəне жұмсақ тіндердің жаншылуында көрсетіледі. Қан кетуді тоқтату жəне иммобилизациялау маңызды шокқа қарсы шаралар болып табылады.

Қан кету – бұл зақымданған қан тамырларынан қанның ағуы. Зақымданған қан тамырының түріне байланысты арте- риялық, күре тамырлық, капиллярлық жəне паренхиматоздық қан кету ажыратылады. Артериялық қан кету аса қауіпті болады, себебі артерияға қан тікелей жүректен үлкен қысыммен түседі.
Күре тамырлық қан кету күре тамыр зақымданған кезде туын- дайды. Күре тамырлардағы қан қысымы артерияға қарағанда елеулі аз болады, сол себепті қан баяу, біркелкі жəне үздіксіз ағады. Майда қан тамырлары – капиллярлардың зақымданулары кезінде капиллярлық қан кету болады. Мұндай қан кету қанның қалыпты ұйығыштығында өз бетімен тоқтауы мүмкін. Тамыр- лардың барлық түрлерінің аса дамыған желісіне ие паренхима- тоздық ішкі органдарды зақымдау кезінде (бауыр, көк бауыр, бүйрек жəне т.б.) паренхиматоздық қан кету туындайды, оның өз бетімен тоқтауы ешқашан болмайды. Мұндай қан кету жабық болуына жəне ұзақтығына байланысты қауіпті болады.
Сүйектің сынуы – бұл ауыр жəне күрделі зақымдану, жыл- дам əрекет ететін күш салудан болған сүйектердің жартылай немесе толық бұзылуы. Сынықтардың жабық (терінің зақым- дануынсыз) жəне ашық (сынық тұсындағы терінің тұтас- тығының бұзылуы) түрлерін ажыратады. Сынықтың жалпақты- ғына байланысты олар көлденең, бойлық, қисық, жарықшақ- танған жəне т.б. болып бөлінеді. Бірінші, сынықтың нəтижесінде білінетіндігі – бұл ауру. Бұл сынықтың немесе сүйек шыты- науының басқа белгілері болмаған кезде диагноз қоюды жеңіл- детеді. Сынық кезіндегі сүйек сынығының қозғалуы сынған жердің деформациясына əкеледі, бұл зақымданған жəне сау аяқ- қолдарды салыстырып тексеру кезінде жеңіл анықталады. Сынықтардың əр түрлі шектелулері кезіндегі деформациялар əр түрлі болады, олар сүйек сынықтарының қозғалу сипатымен анықталады. Барлық сынықтар кезінде аяқ-қолдың қызметінің бұзылуы байқалады. Сүйектің бойында қалыпты емес қозға- лудың пайда болуы сынықтың сипатты белгісі болып табылады. Сынықтар кезінде зақымданған аяқ-қолдың қысқаруы байқа- лады (сау аяқ-қолдармен салыстыру арқылы анықталады). Сүйек жарықшақтарының қозғалысы кезінде бір-біріне қатысты сүйек сықыры пайда болады.
Сынықтар кезінде алғашқы көмек көрсету барысында уақы-
тылы жəне дұрыс имобилизациялау маңызды, яғни зақымданған аяқ-қолдың толық тыныштықта болуын жəне қозғалмауын қамтамасыз ету. Осылай ауру сезімдерінің əлсіреуіне жəне жара- қаттық шоктың даму ықтималдылығын азайтуға; ашық сынық- тар кезінде жараға инфекцияның түсу жəне даму қаупін азай-
туға; жұмсақ тіндер мен ішкі органдардың қосымша зақым- дануларының болу қаупін азайтуға; сынықтардың бітуі үшін қолайлы жағдай жасауға қол жеткізіледі. Тасымалдау иммоби- лизациясы таңғыш қалақтардың көмегімен жүзеге асырылады. Таңғыш қалақтар қатты, берік жəне эластикалық материалдар- дан дайындалады. Əдетте, алғашқы көмек көрсету кезінде таң- ғыш қалақтар қолда бар материалдардан – тақтайлардан, таяқ- тардан, шыбықтардан жəне т.б. жасалады.
Жағымсыз жағдайлар немесе оқыс жағдайлар жиі зардап шегушілерде əр түрлі дəрежедегі күюлердің болуымен бірге жү- реді. Күю – бұл жоғары температураның (жалын, ыстық бу, қайнаған су) немесе кейбір химиялық заттардың (қышқылдар, сілтілер) əсерінен болған ағза тіндерінің зақымдануы. Күю- лердің ерекше түрі – сəулелік күюлер (күннен, радиациялық, рентгендік жəне т.б.). Күюдің 4 дəрежесі бар (тіндердің зақым- дану тереңдігіне байланысты): 1-дəреже – зақымданған жердегі терінің қызаруы жəне ісінуі; белгілері бірнеше күнде басылады; 2-дəреже – 1-дəрежелі күюдің белгілерінен басқа ішінде сұйық- тық толған күлдіреулердің түзілуі қосылады; белгілері бір немесе бір жарым апта ішінде басылады; 3-дəреже – күйген бетті жабатын қабыршақтың түзілуімен терінің бар қабатының жансыздануы (белокты тіндердің ұйысып қалуы); бірнеше апта ішінде жазылады; 4-дəреже – сүйектердің күйдірілуіне дейін тері мен жұмсақ тіндердің жансыздануы; жазылу өте баяу болады. Егер күю жарақаты өрт кезінде болса, онда зардап шегушінің күйген жеріне құрғақ асептикалық таңғышты таңады. Күйген жерді тазартуға жəне күлдіреулерді жаруға болмайды.
Төмен температуралардың əсерінен адам денесінің жеке
бөліктері үсуі мүмкін (аяқ-қол жəне аяқтардың саусақтары, құ- лақтар, мұрын, бет). Үсу ретінде төмен температураның əсері- нен ағза тіндерінің зақымдануы түсініледі. Бұл жағдайда да үсудің 4 дəрежесі ажыратылады. Үсу кезіндегі алғашқы көмек зақымданған тіндердегі қан айналымын жылдам қалпына кел- тіруден тұрады, бұл үшін құрғақ алақанмен үсіген жерді құр- ғақтай ысқылау арқылы жылдам жылытуды қолданады. Қар- мен ысқылауға болмайды.
  1. тарау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет