ҚЫСЫММЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Көптеген өнеркəсіптік кəсіпорындарда технологиялық үде- рістерді жүзеге асыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, тұрмыста жəне т.б. əр түрлі жоғары қысымдағы жүйелер кеңі- нен қолданылады; құбырлар жүйесі, баллондар жəне сығылған, сұйылтылған, ерітілген газдарды сақтауға немесе тасымалдауға арналған сыйымдылықтар, бу жəне су қазандықтары, газголь- дерлер, т.б. Аталған жабдықтарды қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар деп атайды.
«Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату əрі қауіпсіз пайдалану ережелеріне» сəйкес қысыммен жұмыс істейтін ыдыс ретінде химиялық жəне жылу үдерістерін жүргізуге, сондай-ақ сығылған, сұйылтылған, ерітілген газдарды, қысымдағы сұйық- тықтарды сақтауға, тасымалдауға арналған герметикалық жа- былған сыйымдылық түсініледі. Ыдыстың шегі кіріс жəне шығыс штуцерлері болып табылады. Бұл анықтамадан ыдысқа арналған негізгі қауіпсіздік талаптары – оны пайдалану кезеңі бойына герметикалылығын сақтау. Герметикалылық ретінде ыдыстардың ішкі көлемін шектейтін қабырғалары мен қосы- лыстарынан сұйықтықтар мен газдардың өтпеуі түсініледі. Герметикалылық бойынша талаптар вакуумды қондырғылар мен жабдықтар үшін де міндетті. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыс- тардың герметизациясының жойылуы бірқатар қауіптердің туындауымен бірге жүреді.
Олардың ішінде біріншісі қысымдағы ыдыстың немесе қон- дырғының жарылуымен байланысты. Жарылыс – шектелген көлемде энергияның көп мөлшерінің босатылуымен бірге жүретін заттардың физикалық жəне химиялық өзгерулерінің жылдам өтетін үдерісі, оның нəтижесінде қоршаған кеңістікте адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін соққы
толқыны түзіледі жəне таратылады. Жарылыс кезінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар орналасқан ғимараттардың, немесе оның бөлігінің бұзылуы, сондай-ақ қызметкерлердің жабдықтың шашыраған сынықтарынан жарақат алуы мүмкін.
Қауіптердің екінші тобы қысымдағы жабдықтың ішіндегі заттардың қасиеттеріне байланысты болады. Мысалы, егер гер- метизациясы жойылған қондырғыда жоғары немесе төмен температурадағы заттар болса, қызмет көрсетуші қызметкерлер термиялық күюлерге ұшырауы мүмкін. Егер сыйымдылықта агрессивті заттар болса, онда жұмыс істеушілер химиялық күюлерге немесе улануға ұшырауы мүмкін. Ішінде əр түрлі радиоактивті заттар бар қондырғылардың герметизациясының жойылуы кезінде радиациялық қауіп туындайды.
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен аппараттардың негізгі түрлерін қарастырайық. Құбырлар желісі – сұйық- тықтар мен газдарды тасымалдауға арналған құрылғы. Бал- лондар – сығылған жəне ерітілген газдарды тасымалдауға жəне сақтауға арналған ыдыстар (бұл құрылғылар туралы не- ғұрлым толық келесі дəрісте айтатын боламыз). Криогенді ыдыстар əр түрлі сұйылтылған газдарды, ауаны, оттегін, азотты, аргонды жəне т.б. сақтауға əрі тасымалдауға арналған. Газгольдерлер сығылған газдардың мол мөлшерін сақтауға, беруге, олардан механикалық қоспаларды бөлуге жəне басқа мақсаттарға арналған. Бу қазандары – бұл құрылғының өзінен тыс пайдаланылатын атмосфералық қысымнан жоғары қы- сыммен буды алуға арналған əрі онда жағылатын отын өнім- дерімен жылытылатын оттығы бар құрылғы. Бу қазандары ретінде су жылыту қазандары, кəдеге жаратушы қазандар, қазан-бойлерлер, сондай-ақ автоклавтар мен компрессорлар қолданылады.
Барлық ыдыстар қалыпты пайдалану шарттарын қамтамасыз ету үшін жабдықталуы тиіс: 1) қысым мен орта температурасын өлшеуге арналған аспаптармен; 2) сақтандыру құрылғыларымен;
бекіту арматурасымен; 4) сұйықтық деңгейінің көрсеткіш- терімен. Ыдыстарды жəне олардың элементтерін дайындау, құрастыру жəне жөндеу дайындаушы зауытпен əзірленген тех- нология бойынша жүргізіледі.
Құрылмалық тұрғыдан баллон вентильдерді немесе штуцер- лерді (тығындарды) бұрауға арналған тесіктерімен бір немесе екі мойны бар ыдыстан тұрады. Беріктігін есептеу кезінде бал- лондарды дайындау мен пайдалануға қосымша талаптар қойы- лады. Мысалы, жіксіз түтіктерден жасалған баллондар үшін беріктік қорының коэффициенті үштен кем емес қабылданады.
Ацетиленге арналған баллондардан басқа барлық баллондар куəландырудан өтеді, оларға: а) баллонның ішкі жəне сыртқы беттерін тексеріп қарау; ə) салмағы мен сыйымдылығын тек- серу; б) гидравликалық сынақ. 100 л сыйымдылықпен баллон- дарда сақтандыру клапандары мен төлқұжаттары болмайды. Мұндай сыйымдылықпен баллондардың жоғарғы сфера тəріздес бөлігіне келесі мəліметтермен таңба басылады: а) дайындаушы зауыттың тауар белгісі; ə) баллонның нөмірі; б) бос баллонның нақты салмағы (кг); в) дайындалған күні (айы, жылы) жəне келесі куəландыру жылы; г) жұмыс қысымы – р (МПа немесе кгс/см2); ғ) сынамалық гидравликалық қысым (МПа немесе кгс/см2); д) баллонның сыйымдылығы (л); е) дайындаушы- зауыттың ОТК таңбасы. Нəтижесінде жарылысқа қауіпті қоспа- лар түзілуі мүмкін баллонның дұрыс қосылмауының алдын алу үшін бекіту вентильдері əр түрлі мөлшерде жəне əр түрлі бұрау бағыттарымен (солға немес оңға) дайындалады. Баллондар бояулары мен жазбаларын ерекшелейтін түске ие (1-кестені қараңыз).
Коррозияны болдырмайтын газдар үшін баллондарды сынау мерзімділігі 5 жылдан кейін, ал коррозияны болдыратын газдар үшін 2 жылдан кейін болады. Баллондардың сұйылтылған газ- дармен толтырылу дəрежесі тиісті нормаларға сəйкес газ кеңіс- тігінің болуын қарастыруы керек.
Баллондар редукторлармен жабдықталады, олар баллондағы газдың қысымын жұмыс қысымының шамасына дейін төмен- детуге арналған, осы қысыммен газ жанарғыға, кескішке немесе неғұрлым төмен қысымдағы сыйымдылыққа түсуі тиіс. Редук- тор қысымды төмендете отырып, оны тұрақты шығыста авто- матты түрде ұстап тұрады. Онда баллондағы қысымды жəне жұмыс қысымын (шығысындағы) көрсетіп тұратын екі мано- метр бар.
1-кесте
Газ
|
Баллон бояуының түсі
|
Жазба мəтіні
|
Жазба түсі
|
Жолақ түсі
|
Азот
|
Қара
|
Азот
|
Сары
|
Қоңыр
|
Аммиак
|
Сары
|
Аммиак
|
Қара
|
-
|
Таза Аргон
|
Сұр
|
Аргон
|
Жасыл
|
Жасыл
|
Ацетилен
|
Ақ
|
Ацетилен
|
Қызыл
|
-
|
Бутан
|
Қызыл
|
Бутан
|
Сары
|
-
|
Сутек
|
Жасыл
|
Сутек
|
Қызыл
|
-
|
Ауа
|
Қара
|
Сығылған ауа
|
Ақ
|
-
|
Гелий
|
Қоңыр
|
Гелий
|
|
-
|
Азот шала
|
Сұр
|
Азот шала
|
Ақ
|
-
|
тотығы
|
Көгілдір
|
тотығы
|
Қара
|
-
|
Оттегі
|
Қызыл
|
Оттегі
|
Қара
|
-
|
Метан
|
Қара
|
Метан
|
Ақ
|
-
|
Көмір
|
Алюминий
|
Көмір
|
Сары
|
Көк
|
қышқылы
|
|
қышқылы
|
Қара
|
|
Хладон 11
|
Қорғаныстық
|
Хладон 11
|
|
Жасыл
|
(Фреон 11)
|
Күлгін
|
(Фреон 11)
|
-
|
-
|
Хлор
|
Қызыл
|
-
|
Қызыл
|
-
|
Этилен
|
Қара
|
Этилен
|
Ақ
|
-
|
Басқа
|
|
Газдың атауы
|
Сары
|
|
жанғыш
|
|
Газдың атауы
|
|
|
газдар
|
|
|
|
|
Басқа
|
|
|
|
|
жанбайтын
|
|
|
|
|
газдар
|
|
|
|
|
Баллондарды сақтау жəне тасымалдау келесі талаптарға сəйкес жүзеге асырылады. Газ толтырылған баллондар шатыры жоқ жəне жанбайтын материалдардан жасалған бір қабатты қоймаларда сақталуы тиіс. Есіктері мен терезелері сыртқа ашылуы керек. Табиғи немесе жасанды желдету болуы, жарық- тандыру құрылғысы жарылысқа қатысты қауіпті жайларға арналған нормаларға сай болуы тиіс.
Баллондардың жылыту аспаптары мен пештерден 1 м аз қашықтықта жəне ашық от көздерінен 5 м жақын болуына рұқ- сат етілмейді. Баллондар тік күйінде арнайы жабдықталған ұя- шықтарда, торларда жəне олардың құлап кетуінің алдын алатын барьерлердің сыртында сақталады. Тоспалары жоқ баллондар ағаш рамаларда немесе сөрелерде көлденең күйінде сақталуы мүмкін. Баллондар ашық ауада сақтау кезінде олар атмосфе- ралық жауын-шашындардан жəне тікелей күн сəулесінің əсері- нен қорғалуы тиіс.
Газ толтырылған баллондар көлденең күйде, баллондардың арасына аралық төсемдермен, мысалы, ұяшықтар ойылған ағаш бөренелермен тасымалданады жəне баллондарға екі резеңке немесе жіп сақина кигізіледі. Бұл жағдайда баллондардың вен- тильдері бір жағында болады. Баллондарды қолмен зембілдерге немесе арбашаларға салып тасымалдайды. Толтырылған немесе бос қышқыл жəне ацетилен баллондарын көліктің барлық тү- рінде бірге тасымалдауға тыйым салынады [12].
Қысыммен жұмыс істейтін баллондарды пайдалану, сондай- ақ оларды тасымалдау жəне сақтау кезінде нормативтік құжат- тарда жазылған барлық қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет. Оларды бұзу жағдайында ауыр салдарларымен баллон- ның жарылуы орын алуы мүмкін. Мысалы, баллонның вен- тилінің шығыс тесіктеріне майлы заттар немесе майлар түскен кезде оттегі баллондарын пайдалануға тыйым салынады, себебі олар балоннан оттегі шыққан кезде тұтанулары мүмкін. Оттегі баллондары мен жанғыш газ баллондарын бірге сақтауға тыйым салынады. Баллондағы газдың температурасын өзгертуге рұқсат етілмейді (1 ºС өзгерту қысымды шамамен 0,05 МПа өзгертеді). Қысым мен температураның елеулі көтерілуі жарылысқа əкелуі мүмкін.
Бу жəне су жылыту қазандарын пайдалану кезінде туын- дайтын қауіптерді, ықтимал салдарларын жəне оларды жою бойынша шараларды қарастырып көрейік. Ең жоғары қауіп жарылыс кезінде төнеді. Жарылыс кезінде қазандағы қысым- дағы жəне жоғары 100 ºС температурадағы судың лезде булануы болады. Будың аса мол мөлшері түзіледі (1 л су буға айнала отырып, көлемі бойынша шамамен 1700 есе көбейеді), бұл үл-
кен бұзылуларға себеп болады. Бу қазандықтарының апаттары олардағы судың жеткіліксіздігінен, қорек механизмдерінің, су көрсеткіш аспаптардың ақауларынан, қызмет көрсетуші қызмет- керлердің қауіпсіздік техникасы ережелерін нашар білуінен немесе нашар өндірістік тəртіптің салдарынан туындауы мүм- кін. Қазанды тұрақты тазартпау кезінде байқалатын қазанның жеке элементтерінде қақтардың түзілуі мен жиналуы қауіп төн- діреді. Жылу өткізгіштіктің төмен коэффициентіне ие бола отырып, қақтар қазанның элементтерінің қызып кетуіне жəне металлдың жұмсаруына сеп болады. Сол себепті қазанға келетін суды қақтың түзілуін азайту үшін өңдейді. Қазанға сумен бірге жұмсартатын құралдарды салу арқылы суды жұмсартуға да болады.
Қазан жабдығын қауіпсіз пайдаланудың нормативтік талап- тары келесілерге де қолданылады: оттықпен бу қазандарына; кəдеге асырғыш-қазандарға, қазан-бойлерлерге, оттықпен су жылыту қазандарына.
тарау
ЭЛЕКТР ТОГЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Достарыңызбен бөлісу: |