Пікір жазғандар


ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



бет4/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 100

  1. Өрт қауіпсіздігінің жалпы ұғымдары 100

  2. Өрттің шығу жағдайлары жəне өрт пен

жарылыстың қауіпті факторлары 108

    1. Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту,

қызметкерлер құрамының өрт қауіпсіздігі саласындағы
міндеттері мен жауапкершілігі 111

  1. КОМПЬЮТЕРДЕ ҚАУІПСІЗ

ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 115
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 119
ҚОРЫТЫНДЫ 152
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ 153

КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасының экономикалық жəне əлеуметтік дамуының маңызды міндеті халықтың өмір жағдайын тұрақты жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табы- лады. Адамның белсенді өмірінің көп бөлігін нақты өндіріс ортасы жағдайында жүзеге асырылатын жəне қабылданған нор- мативтік талаптарды сақтамау кезінде оның жұмысқа қабілет- тілігіне жəне денсаулығына жағымсыз əсер беруі мүмкін мақсат- ты кəсіби жұмыс алады.
Заманауи өндірісті дамыту жаңа жоғары өнімділікпен біл- дектерді, машиналарды, əр түрлі мақсаттағы жабдықтарды əзір- леу, оларды пайдалануды қарқындандыру, үдерістер техноло- гиясын жетілдіру, профилактикалық техникалық қызмет көрсету жəне жөндеуді жақсарту жолымен жүзеге асырылуда. Осының бəрі қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау мəселелерін зерделеу бойынша жұмыс берушілердің алдына жан-жақты əрі күрделі міндеттерді қояды.
Мазмұндалып отырған курс қауіпсіздік техникасы саласын- дағы өртке қарсы шаралар, өндірістік санитария жəне қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін басқа талаптар саласын- дағы еңбек заңнамасы, нормативтік базасы бойынша негізгі мəліметтерден тұрады.
Құбылыстардың мəнін түсіне отырып, олардың əлеуетті қауіпін бағалап, заңнамалық базамен жəне нормативтік-құқық- тық құжаттармен таныса отырып, студент жұмыскердің ағза- сына қауіпті жəне зиянды өндіріс факторларының əсерін жоя- тын əрі жарақаттануды болдырмайтын тəсілдерді білікті түрде қарастыра алады.
Адам тəжірибесі тұратын ортасымен, əсіресе өндірістік са- лада қауіпсіз өзара əрекет етуді қамтамасыз етуге арналған белгілі тəсілдер мен əдістерді жинақтаған. Еңбек қауiпсiздiгi – бұл еңбек қызметi үдерісiнде қызметкерлерге зиянды жəне қауiптi əсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз
етiлген қызметкердiң қорғалу жай-күйi. Қауіпсіздік техникасы

  • жұмыс істеушілерге қауіпті жəне зиянды өндіріс фактор- лары əсерінің алдын алатын техникалық құралдар мен ұйым- дық іс-шаралар жүйесі. Жұмыстың əрбір түрі үшін белгілі қауіпсіздік техникасы ережелері бар, адам олармен танысқан- нан кейін жұмысқа жіберіледі. Жұмыс орындарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндеті болып табылады.

Осылайша, «еңбекті қорғау» ұғымы жұмыскерлердің еңбек қызметтері барысында өмірі мен денсаулығын сақтауға бағыт- талған ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, биоло- гиялық, емдеу-алдын алу, оңалту жəне басқа нормаларын, ере- желерін, рəсімдері мен критерийлерін қамтамасыз ету тұрғы- сынан өндірістің, өндірістік жəне еңбек үдерісінің жағдайларын сипаттайтын сандық жəне сапалық көрсеткіштерді ұсынатын қауіпсіздік нормаларынан бөліп ажыратылмайды.
Еңбекті қорғау бойынша шаралардың тиімділігі өнеркə- сіптік аймақтағы немесе қала ортасындағы жағымсыз эколо- гиялық жағдаймен төмендетілуі мүмкін, мұны əрдайым есте сақтау қажет.
Еңбек қызметінің қауіпсіздігі, оның ішінде еңбекті қорғау мəселелері, бір қарағанда, дені сау жəне зақым алмаған адамдар- дың кəдуілгі санасында өте алыста, біздің өмірлік маңызды мүд- делеріміздің шегінде немесе шегінен тыс болады. Алайда шы- найы жағдай үнемі болатын пікірге қарама-қайшы.
Күн санап адамдардың қаза болуына жəне материалдық за- лалға əкелетін кезекті жазатайым жағдай, авария, апат, дүлей апаты немесе қылмыстық оқиғалар туралы хабарларды газеттер, радио жəне теледидар жариялап отырады.
Əр секунд сайын Жер шарында өндірістік қызмет аясында 4 адам жарақаттанады жəне əрбір 15 секунд сайын олардың біреуі өлімге əкелетін жарақат алады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметтері бойынша қазіргі заманда жазатайым жағдайлардан қайтыс болу жүрек-тамыр жəне онкологиялық аурулардан кейін үшінші орынды алады. Алайда егер аурудан, негізінен, үлкен жастағы
адамдар қайтыс болса, жазатайым жағдайлардан өмірі əлі алда əрі еңбекке қабілетті адамдар мерт болады.
Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) мəліметтері бойынша жыл сайын өндірістегі жазатайым жағдайлар мен кəсіби ауру- лардың нəтижесінде екі миллион екі жүз адам қайтыс болады екен. Дүниежүзінде жыл сайын шамамен 270 миллион жаза- тайым жағдайлар мен 160 миллион кəсіби аурулар тіркеледі. ХЕҰ бағалауы бойынша, осы себеппен əлемдік экономиканың жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) төрт пайызы кемиді.
Нарықтық экономикада, бір жағынан, өндірістік қызметтің жеке адамдарға жəне олардың топтарына байлық əкелетіні бел- гілі, ал екінші жағынан, бұл басқа адамдарды күнелтудің қара- пайым жағдайымен қамтамасыз етеді. Біреулердің ақша қара- жаттарына – капиталына қауіп төнетін болса, басқалары денсау- лығымен жəне өмірімен тəуекел етеді.
Сол себепті қоғам заң шығарушы тұлғасында қоғамның мүшесі – өндіріс құралдарының меншік иесі, жұмыс беруші қо- ғамның басқа мүшелерінің жұмыс күшін пайдалана отырып, а) қоғам алдында жұмыс күшінің сақталуы үшін жауап беруге, ə) жұмыскерлерге (қоғамның толық құқықты мүшелеріне) жұмыс күші бола отырып, олар алған барлық залалды өтеуі тиіс деп ойлайды.
Нəтижесінде, еңбекті қорғау (жұмыс күшінің сақталуын, яғни жұмыскердің жұмысқа қабілеттілігін, денсаулығы мен өмірін қамтамасыз ететін жүйе ретінде түсінілетін) еңбек ету ықтимал- дылығы (өмір сүру үшін, табыс табу мүмкіндігі) жəне еңбекақы (жалақы төлемінің мөлшері) секілді еңбек аспектілерін үздіксіз толықтырады.
Осылайша, еңбекті қорғау еңбекшілерді əлеуметтік қорғаудың жəне əлеуметтік əлемді қолдау элементіне айналады. Міне, қоғам өміріндегі оның мақсаты жəне мəні осы. Жай ғана адамгершілік акциясы емес, қоғамға залалдың алдын алатын тиімді шартталған əлеуметтік-экономикалық қызмет.
Еңбекті қорғау жұмыскерге де, жұмыс берушіге де, жалпы қоғамға да өмірлік маңызды жəне олардың əрқайсысы еңбекті қорғауда өз «пайдасын» көреді.
Алайда еңбекті қорғаудың жаңа Қазақстанның өмірінде өз орнын алуы үшін нормативтік-құқықтық шығармашылық сала- сында да жəне еңбекті қорғауды басқарудың жаңа жүйе- сін іс жүзінде құру саласында да əлі де өте көп еңбек ету ке- рек.
Осы ұстанымнан жəне тек осы ұстанымдарда жұмыс беру- ші, яғни сіздің ұйымыңыздың деңгейінде еңбекті қорғауды ұйымдастыру бойынша нақты жұмыс қалыптасуы керек.
  1. тарау


ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ НЕГІЗДЕРІ





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет