Пікір жазғандар


Негізгі терминдер, ұғымдар



бет5/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Негізгі терминдер, ұғымдар жəне анықтамалар Еңбектi қорғау – құқықтық, əлеуметтiк-экономикалық,

ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi үдері- сiнде адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігінің қауiп- сiздiгi, қорғалуын қамтамасыз ететiн жүйе.
Қауіпсіздік техникасы – жұмыс істеушілерге қауіпті өн- діріс факторлары əсерінің алдын алатын ұйымдық жəне техни- калық шаралар мен құралдардың жүйесі.
Өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлар- дың жұмыс істеушілерге əсерінің алдын алатын ұйымдық, ги- гиеналық, санитарлық-техникалық іс-шаралар мен құралдар жүйесі.
Еңбек гигиенасы – жұмыс істеушінің ағзасына еңбек қыз- метінің сипатын, қоршаған өндірістік ортаның əсерін зерттейтін медициналық ғылым. Санитарлық-гигиеналық нормативтерді жəне практикалық шараларды əзірлеу, жағымсыз өндірістік фак- торларды жою, адам ағзасына олардың əсерлерінің алдын алу немесе əлсірету еңбек гигиенасының негізгі міндеттері болып табылады.
Электр қауіпсіздігі адамдарды электр тогының, электр доғасының, электр магниттік өріс жəне статикалық электрдің зиянды əрі қауіпті əсерінен қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдық жəне техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.
Өрт қауіпсіздігі – өрт мүмкіндігін болдырмайтын объек- тінің жай-күйі, ал ол туындаған жағдайда адамдарға қауіпті фак- торлардың əсерінің алдын алады жəне материалдық құндылық- тарды қорғау қамтамасыз етіледі.
Жұмыс орны – жұмыскердің немесе өндірістік тапсырма- ларды бірлесіп орындайтын жұмыскерлер тобының еңбек қызметі жүзеге асырылатын, қажетті құралдармен жабдықталған кеңістіктік аймақ. Жұмыс орны кəсіпорынның (ұйымның) өн- дірістік-технологиялық құрылымының бөлігі болып табылады, ол технологиялық (өндірістік) үдерістің бір бөлігін орындауға арналған əрі еңбек жəне басқа қолданыстағы нормалар мен нормативтердің негізінде анықталады.
Жұмыс аймағы – еденнің немесе алаңның деңгейінен 2 м биіктік бойынша шектелген кеңістік, онда жұмысшылардың тұ- рақты немесе тұрақсыз (уақытша) болу орны орналасады. Тұ- рақты жұмыс орындарына жұмыс істеуші ауысым ішінде жұмыс уақытының 50 % көп уақытында немесе үздіксіз екі сағаттан көп уақыт болатын жұмыс орындары жатады. Егер жұмыс аймағы- ның əр түрлі орындарында жүзеге асырылатын болса, тұрақты жұмыс орны ретінде барлық жұмыс аймағы есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет