Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігіне əсер ететін факторлар
Адамның еңбек қызметі белгілі бір өндіріс ортасының жағ- дайларында өтеді, ол гигиеналық талаптарды сақтамау жағ- дайында адамның жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына жа- ғымсыз əсер етуі мүмкін. Адамға жиынтықта еңбек жағдайының қандай да бір жай-күйін анықтайтын көптеген əр түрлі фактор- лар əсер етеді.
Қауіпті өндірістік фактор – жұмыс істеушіге əсерiн тигiзуi белгілі бір жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының басқа кенеттен күрт нашарлауына əкелетін фактор.
Зиянды өндірістік фактор деп жұмыс істеушіге əсерін тигі- зуі белгілі бір жағдайларда ауруға немесе жұмысқа қабілет- тілігін төмендетуге əкелетін фактор аталады.
Қауіпті жəне зиянды факторлар əрекет ету табиғаты бойын- ша физикалық, химиялық, биологиялық жəне психофизиология- лық болып бөлінеді.
Өндірістік факторлар техникалық, эргономикалық, санитар- лық-гигиеналық, ұйымдық, психофизиологиялық, əлеуметтік- тұрмыстық, табиғи-климаттық, экономикалық болып бөлінеді.
Техникалық факторлар өндіріс үдерістерін автоматтандыру жəне механикаландыру деңгейін көрсетеді; жабдықты неғұрлым толық пайдалану жəне жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру; элек- тронды есептеу жəне басқару техникасын қолдану; ұжымдық қорғаныс құралдарының болуы жəне ақаусыздығы, қауіпті аймақтардың қорғалуы, т.б.
Эргономикалық факторлар қарастырылатын технологиялық үдерістегі адамның жылдамдық, энергетикалық, көру жəне басқа физиологиялық мүмкіндіктерінің сəйкестігін анықтауды
сипаттайды; тиімді еңбек жəне демалыс режімдерін ендіру, ақ- параттың көлемін азайту, жүйке-эмоциялық шиеленісулер мен физиологиялық ауырлықты төмендету; кəсіби іріктеу. Бұл техниканың жылдамдық параметрлеріне, жұмыс органдарынан келіп түсетін ақпараттың көлеміне, жұмыс орнын ұйымдастыру деңгейіне, басқару жəне индикация органдарының орналасу қолайлылығына, оператордың орындығының конструкциясына, жұмыс аймағының көрінушілігіне жəне т.б. қатысты.
Эстетикалық факторлар адамның эстетикалық қажеттіліктер мен жұмыс орындарының (еңбек құралының) жəне өндірістік ортаның іске асырылатын көркем-конструкциялық шешімдеріне сəйкестігін көрсетеді.
Санитарлық-гигиеналық факторлар жұмыс орындарындағы өндірістік санитарияның жағдайын көрсетеді (ауа ортасының сапасы, зиянды заттар мен сəулеленудің, шудың, дірілдің, жа- рықтандыру жағдайының жəне т.б. деңгейі). Олар МЕМСТ, ЕҚСЖ жəне т.б. талаптарына сəйкес келулері тиіс.
Ұйымдық факторлар кəсіпорындағы еңбек жəне демалыс ре- жімдерін; еңбекті ұйымдастыру тəртібі мен нысанын, жұмысшы- лардың арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен жəне басқа жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілуін; еңбек үдерісін жəне негізінен еңбекті қорғауды бақылау күйін; жұмыс істеушілердің кəсіби даярлық сапасын жəне т.б. сипаттайды [2].
Психофизиологиялық факторлар еңбектің қауырттылығы мен ауырлығын, ұжымдағы моральдық-психологиялық климат- ты, жұмыс істеушілердің бір-бірімен өзара қарым-қатынастарын жəне т.б. көрсетеді.
Əлеуметтік-тұрмыстық факторларға жалпы өндіріс мəде- ниеті, жұмыс орындарындағы тəртіп пен тазалық, аумақты кө- галдандыру, санитарлық-тұрмыстық жайлармен, асханалармен, дəрігерлік пункттермен, емханалармен, мектепке дейінгі бала- лар мекемелерімен жəне т.б. қамтамасыз етілу кіреді.
Табиғи-климаттық фактор – бұл аймақтың географиялық жəне метеорологиялық ерекшеліктері (теңіз деңгейінен биіктігі, жер бедері, жауын-шашынның жиілігі мен түрі, температура, ылғалдылық, ауаның иондануы жəне қозғалғыштығы, атмос- фералық қысымы жəне т.б.).
Экономикалық факторларға еңбекті техикалық құралдан- дыруды арттыру кіреді: жабдықты неғұрлым толық пайдалану, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, оңтайлы технологияны таңдау. Жұмыс уақытының қажетсіз шығындарын жою жəне азайту, жұмыс қарқыны мен ритмінің қатаң регламентациясы да экономикалық факторларға жатады.
Физикалық факторлар – қозғалатын машиналар мен меха- низмдер, өткір жиектер, жұмыс орнының жердің (еденнің) дең- гейінен жоғары орналасуы, биіктіктен құлайтын немесе ұшып түсетін заттар, зиянды аэрозольдардың, газдардың; иондаушы немесе басқа сəулеленулердің жоғары деңгейі; электр тізбегін- дегі кернеулер; магнитті жəне электр магнитті өрістерді, стати- калық электрдің тығыздығы; шу, діріл, жоғары немесе төмен температура, құбылмалылық, ылғалдылық, ауаның иондануы, атмосфералық қысым, табиғи жарықтың болмауы немесе жеткі- ліксіздігі, жарық ағынының өтуі, жоғары кереғарлылық, тікелей немесе шағылысқан жарқырау.
Биологиялық факторларға əр түрлі биологиялық объектілер – залалды микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, спирохеттер, зеңдер), сондай-ақ макроорганизмдер (өсімдіктер жəне жануарлар) жатады.
Психофизиологиялық факторлар – физикалық (статикалық жəне динамикалық) жəне жүйке-психологиялық ауыртпалықтар (ақыл-ойға артық күш түсу, еңбектің бірсарындылығы, эмоцио- налдық ауыртпалық).
Химиялық факторлар – əр түрлі агрегаттық жай-күйдегі уытты заттар: дихлорэтан, ацетон, бензол, ксилол, толуол жəне басқа еріткіштер; метан, көмір қышқыл газы, ацетилен, басқа газдар; лактар, бояулар, эмальдар; дəрілік құралдар; тұрмыстық хими- каттар жəне көптеген басқа химиялық заттар (1-сурет).
Адамның қалыпты тіршілік əрекеті үшін қажетті құрамдағы жəне оңтайлы температура, ылғалдылық жəне қозғалыс жылдам- дығына ие таза ауаның болуы аса маңызды. Адамның тіршілік əрекеті, қызметі барысында көптеген жағдайларда зиянды зат- тардың түзілуі орын алады, олар ауа ортасына бөліне отырып, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек жолы жəне тері арқылы адам ағзасына өтулері мүмкін жəне белгілі бір жағдайларда уланулар мен əр түрлі ауруларды болдырулары мүмкін.
15
Достарыңызбен бөлісу: |