Пікір жазғандар


Еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша нормативтік құжаттар



бет14/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша нормативтік құжаттар


Қазақстан Республикасында кəсіпорын деңгейінде еңбекті қорғауды басқару жүйелерін қолдануды реттейтін келесі негізгі нормативтік құжаттар қабылданған.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ҚР СТ 1348-2005 «Кəсіби еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау менеджменті жүйесі. Талаптар», OHSAS 18001:1999 «Кəсіби еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау менеджменті жүйесі. Талаптар» стандартына қатысты үлгіге айналдырылған болып табылады. Стандарт ҚР СТ ХСҰ 9001-2001 «Қоршаған ортаны басқару жүйелері. Қолдану бойынша талаптар жəне нұсқаулар» стандарттарымен үйлесімділікті қамтамасыз ету мүмкін болатындай жолмен əзірленген, бұл ұйымның қалауы бойынша сапа, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау саласындағы сапа менеджменті жүйесін біріктіруге себін тигізуі мүмкін. Бұл стандарттардың негізіне «PDCA циклі»: «Жос- парлау (Plan) – Ендіру (Do) – Тексеру (Check) – Əрекет (Act) ретінде танымал методология алынған.
ҚР СТ 12.0.001-2005 Қазақстан Республикасының Мемле- кеттік стандарты. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын жалпы талаптар.
Берілген стандарт Р МЕМСТ 12.0.006-2002 «ЕҚСЖ. Ұйым- дағы еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын жалпы та- лаптарға» сəйкес үлгіге айналдырылған болып табылады.
Аталған стандарт ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Берілген стандартта мазмұндалған талаптар ұйымдық-құқықтық ныса- нына тəуелсіз кез келген ұйымға қолданылады, егер ол:

    • тиімді, халықаралық стандарттарға бейімделген еңбекті қорғауды басқару жүйесін құрғысы келетін болса;

    • еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіруді, жұмыс іс- теуді жəне əрі қарай жетілдіруді қамтамасыз ететін болса;

    • қолданылатын еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиім- ділігін жəне оның еңбекті қорғау саласындағы жария- ланған саясатқа сəйкестігін талдауды жүргізетін болса.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет