Пікір жазғандар



бет26/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   99
арнайы кітап

Көрнекілік әдістер бақылау және демонстрациялау әдістерінен тұрады.
Бақылау - педагогтың жоспарлауымен арнайы мақсатқа бағытталған объектіні немесе құбылысты қабылдау. Бақылау әдісі қыска уакытқа немесе ұзақ уақытқа созылған, тұрақты немесе эпизодты түрге жүргізіледі.
Демонстрация - затты, кұбылысты немесе әрекетті көрсету. Оларды көрнекі заттық кұралдар (шынайы немесе көшірме заттар), көрнекі образды құрал (иллюстрация, слайд, фильмдер), шартты-символды белгілер (формулалар, символдар, сызбалар) түрінде қолданады.
Сөздік әдістер оқу ақпаратынан тұратын педагогтың монологты сөйлеуін бейнелейтін баяндау әдісі. Мұғалім мен оқушының диалогынан тұратын әңгіме әдісі. Белгілі себептерді, байланыстарды, қатынастарды қабылдау, олар туралы комментарий жасаудағы түсіндіру әдісі.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ақпаратты қабылдау мен қайта өңдеу қабілеттері төмен болғандықтан сөйлеу тіліндегі кемшіліктердін түзетуде сөздік әдістерді көрнекілік және практикалық әдістермен сәйкес қолданылуы қажет.
Мұғалімнің сөзі оқушыларға білімді жеткізу құралы болып табылады. Арнайы педагогтың сөзі анык, таза, шынайы, сөйлеу мәдениеті жоғары болуы керек. Арнайы білім беруде мұғалімнің сөзінен басқа есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда сөйлеудің басқа түрлері (дактиль тілі және ыммен сөйлеу) қолданылады.
Дактиль тілі саусақ қимылының көмегімен әліппені игертумен ерекшеленеді. Соқырсаңырау балаларды оқытуда баланың қолы мүғалімнің қолына беттестіріліп қойылады.
Ыммен қарым-қатынас жасау жүйесі қарым-қатынастың ерекше түрімен ерекшеленеді. Ол ауыз екі сөйлеу және калькуляцияланған түрге бөлінеді. Ыммен сөйлеудің қолданылу аясы ресми емес жеке түлғалық қарым-қатынас болып табылады.
Практикалык, әдістер:
- жаттығу (ауызша және жазбаша);
-өнімді әрекет;
- тәжірибелік-экспериментті әрекет;
-бағдарламалап оқытудың элементтері.
Көрнекілік және практикалық әдістер арнайы білім беру барысында кеңінен қолданылады. Аталған әдістердің түрлері сенсорлық қабілеті бұзылған балалар үшін маңызды.
Соңғы жылдары оқу және ғылыми педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» «коррекциялық технология» деген үғымдар кеңінен қолданылады. Кейбір зерттеулерде әдіс және технология ұғымдары сәйкестендіріледі, керісінше басқа галымдар оның айырмашылыгын көрсетеді. Біздің ойымызша «технология» ұғымының мәні кеңірек.
Дәлелдеп айтсақ арнайы педагогикадағы әдіс дегеніміз баланың кемшіліктерін түзетуге, әлеуметтік тәжірибесін кеңейтуге яғни әлеуметтенуіне бағытталған мүмкіндігі шектеулі бала мен арнайы педагогтың біріккен ісі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім берудегі оқу танымдық әрекеті қалыптастыру,оның тиімділігін анықтау барлық уақытта бірдей емес.
Тәрбие процессі кезінде музыкалық құралдар сабақтан тыс уақыттарда қолданылады.
Бейнелеу құралдары қоршаған орта туралы білімді шынацы әсемдік пен қабылдануды ғана емес оқушылардың сезім органдарын,эмоцисын дамытуда маңызды орны алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет