Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет22/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Арнайы педагогиканың әдіснамалық принціпін анықтаңыз.


2. Арнайы педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасуындағы маңызды орын алатын Л.С.Выготскийдің ғылыми тұжырымдамаларын анықтаңыз.
3. Кемшіліктің жүйелі түрдегі құрылуындағы ғылыми жағдайларды қалай түсіндіресіз?


Бөлім II. Арнайы педагогиканың дидиктикалық негіздері
11. Арнаулы білім беру жүйесіндегі педагог

1. Арнаулы білім беру жүйесіндегі педагогтың кәсіби әрекеті мен тұлғасы


2. Арнаулы білім беру педагог әрекетінің адамгершілік бағыты
Бала дамуының жалпы ерекшеліктеріне қарай дамыту мен қалыптастыру жұмысының нәтижесіне қарай ХХ ғасырдың басындағы белгілі неміс педагогы-дефектолог П.Шуман былай дейді:<<Бала психикасының дамуы неғұрылым төмен болса, мұғалімнің білім деңгейі соғұрлым жоғары болады>>. Осы айтылған сөзге назар аударсақ, Германияда жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерін кәсіби тұрғыда дайындау ісі Еуропадағы мұғалімдерге арналған алғашқы семинария ашылған кезде және Берлин патшалығындағы саңырауларға арналған арнаулы мектептер (1812) ашылған кезден бастап қалыптасқанын білеміз.
Ресейде педагог-дефектологтарды даярлау ісі (сурдопедагогтар мен логопедтер) 1898 жылы Санкт-Петербургте тұрақты түрде өткізіліп отыратын бір жылдық курстардан басталған.
Практикалық педагогикада екі жүз жыл уақыт бойы педагогикалық әрекетті құрамында мұғалімдер ғана емес, дәрігерлер, лингвистер, мүмкіндігі шектеулі балалардың оқыту курсы бойынша арнаулы кәсіби дайындықтан өткен мұғалімдерден құралған энтузиастардың ұйымдастырып келгендігі белгілі.
Қазіргі күні жоғары білім беру мекемелерінің көпшілігі мұғалім – дефектологтар мен арнаулы психологтар даярлайтын бағдарламаларын ұсынуда. Оның дәлелі ретінде мына фактілерге сүйенеміз. АҚШ-та 230-дан астам бағдарламаны ұсына алатын арнаулы білім беретін мұғалңмдер даярлайтын, қайта даярлықтан өткізетін ұлттық жүйе құрылған. Батыс Еуропалық педагогикалық білім беру жүйесінде арнаулы психологтар мен педагогтар даярлау бағдарламасынан басқа университеттерде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін міндетті түрде арнаулы курстан (100-120 сағаттық) өткізу керектігі белгіленген.
Ресейде ХХ ғасырдың аяғына қарай негізгі екі мамандық <<Логопедия>> және <<Олигофренопедагогика >> мамандығы бойынша оқыту бағдарламасын ұсыну 30 –ға жуық (факультет, кафедра) педагогикалық университеттер қызмет атқарады.
Ресейдегі арнаулы білім беру жүйесінде мамандардың саны артып, олардың, 200 мыңға жуығы мұғалім-дефектолог мамандығын игеріп, арнаулы маман қызметін атқарады.
Жалпы ерекше білімді қажет ететін оқушыларды оқытуда білікті кәсіби мұғалім-дефектолог жүзеге асыра алатын педагогикалық көркем түрлерін қажет. Арнаулы білім беру жүйесіндегіи педагогикалық әрекетті жүзеге асыру үшін қарапайым педагогикалық дайындықтан өту жеткіліксіз.
Мұғалім-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі түрдегі жүзеге асатын мұғалім әрекетінің негізінде құрлып, ілеуметтік-педагогикалық, реабилитациялық, кеңес беру-диагностикалық, психотерапиялық қызметтің түрлерімен ұштасып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өмір сүру мүмкіндігі мен әлеуметтік бейімделуін, арнаулы білім берудегі интеграциямен байланысты құралады.
Қазіргі заманғы арнайы білім беру жүйесі педагогикалық мамандыөтардың кең таңдауынан тұрады:
тифлопедагогика-соқыр және нашар көретін балалар педагогы (тифлопедагог) біліктілігін игнрген мұғалім-дефектолог;
сурдопедагогика-саңырау және нашар еститін балалар педагогы (сурдопедагог) біліктілігін игерген мұғалім-дефектолог;
олигофренопедагогика-ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар педагогы (олигофренопедагог) біліктілігін игерген мұғалім-дефектолог;
логопедия-логопед біліктілігін игерген мұғалім-дефектолог;
арнаулы мектепке дейінгі педагогика-мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын педагог біліктілігін игерген педагог.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың денсаулығы мен өмір сүру әрекетін қамтамасыз етудегі психологиялық көмек түрлерін ұйымдастыру үшін арнаулы психология мамандығы бойынша психологтар дайындалады.
Педагогикалық колледждерде ерекше юілімді қажет ететін тұлғаларға арналған мектепке дейінгі және мектеп-интернатталдағы арнаулы тәрбиеші мамандықтарын игереді. Аталған педагогикалық мамандықтарды игеру көрсетілген типологиядағы мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дійңнгң балаларды оқыту мен тәрбиелеу, ересектермен әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы мамандықтар бойынша күрделі кемшілігі бар тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне байланысты жоғарғы біліктілік бойынша қызмет көрсете алады. Мұғалім-дефектологтар арнаулы білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі, арнаулы мектеп, кәсіптік білім беру), психологиялқ-медециналық-әлеуметтік, реабилитациялық, психологиялық-медециналық-педагогикалық кеңес беру орталықтарында, логопедиялық қызмет көрсету мекемелерінде, жалпы негіздегі білім беру мекемелерінде, балалар үйі мен мектеп-интернаттарында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық категориясына сай коррекциялық-педагогикалық қызмет түрлерін және оларды жеке оқыту мен тәрбиелеу, үй жағдайында оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырады. Жалпы білім беру мекемелеріндегі интеграциялы және дифференциалды оқытуды жүзеге асырудағы қызмет түрлерін атқарушы арнаулы психолог пен мұғалім-дефектологтардың ерекше қажеттіліктері байқалып отыр. Мұғалім-ж\дефектолог үшін (олигофренпедагог) түзете-дамыта оқыту және компенсациялы оқыту сыныптарындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу ісін құзіретті түрде ұйымдастыру ешқандай қиындық туғызбайтыны анық. Мұғалңм-дефектолог осындай кәсіби қасиеттерді бойына дарыту үшін терең де, жан-жақты білімді игереді. Мұғалім-дефектологтың ғылыми және тәжірбиелік білімді үйлесімді түрде, біртұтас процесс түрінде қалыптастыруда антропологиялық қағида басшылыққа алынады. Бұл қағида қалыпты адам және оның әлеуметтенуін анықтау мен интеграциялау үшін қажетті білімді, одан кейін мүмкіндіктің шектелуі кезіндегі дамуды нақтылаудағы арнаулы педагогикалық білімді қолдануды қажет етеді.
Арнайы педагог – бұл өзінің кәсіби еңбек ету ірекетіндегі атқарған жұмыстарының қортындысын шығара білетін, мейірімді, бастамашыл, шығармашылық қабілетке бай, жауапкершілігі мол тұлға. Олар үшін қазіргі әлемдегі адамның ролі, адамның құндылығы мен қажеттілігі, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өмір сүру әрекеті маңызды.
Арнайы педагогтың кәсіби көзқарасы ерекше білімді қажет ететін тұлғалардың орны мен олардың қоғамдағы ролін белгілеуге бағытталады.
Маман иесінің оптимистік көзқарасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамдағы белсенділігін айрықшалауда нақты байқалады. Оның кәсіби тәжірбиесі түрлі ұжымдағы оқушылар, тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары, студенттер, жастар тобы, конфессиноалдық және қоғамдық ұйымдардағы кәсіби біліктілікпен ұйымдастырылған әрекетті қамтамасыз етеді.
Арнайы педагогтың кәсіби, іскерлік құзреттілігін айқындауыш қызмет түрлері мыналар: дамудағы кемшіліктіалдын алу жұмыстары, педагогикалық диагностика мен кеңес беру, арнайы педагогикалықағарту жұмыстары, психологиялық және психотерапиялық көмек көрсету жұмыстарына қатысу, білім беру және әлеуметтік-педагогикалық әрекет, жоғарғы оқу орнына немесе орта арнаулы педагогикалық білім беру мекемелерінде қызмет ету, арнайы педагогика ғылымының шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Мұғалім-дефектолог өзінің міндетті қызмет түрімен шектелмейді, себебі оның кәсіби әрекеті әлеуметтік қайрымдылық акцияларын ұйымдастырудың инициаторы болуы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен өмір бойы қорғауды қажет етеді.
Арнайы педагог өмір бойы оқумен, үйренумен шыңдалады. Тәжірбие барысындакәсіби шыңдау әрекетін ұйымдастыру кезінде өзінің әріптестерімен, ата-аналарымен, ұжым мүшелерімен өзінің жеке кәсіптік тәжірбиесі туралы бөлісіп, өзінің шығармашылық қаблеті мен кәсіби мүмкіндіктерін арттырып отырады.
Арнайы педагогтың кәсіби әрекеті адвмның денсаулығы мен жатпы жағдайына тікелей жағымсыз әсер ететін жақтарын да аныөтайды. Соған байланысты мамандық таңдауда денсаулығында қандайда бір жағымсыз жағдайлар болса, яғни жүрек-қан тамырлары жүйкесіндегі түрлі аурулар, есту, көру, сөйлеу органдарындағы кемшіліктер, иммундық жүйедегі аурулар адамның кәсіби әрекетін шыңдауға кедергі болатынын анықтаған. Арнаулы мамандар, соның ішінде логопеттер анық, таза, мәнерлі сөйлеуі тиіс.
Арнайы педагог үшін ең қажетті кәсіби мінездер-мейрімділік, жауапкершілік, оптимизм, шыдамдылық, эмпатия, шапшаңдық, өзінің жұмысына деген қызығушылықтың жоғарлығы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүруге деген қызығушылықтарын арттыра білу, оқушылар мен тәрбиеленушілерге жылы жүрегін ұсына білу, кәсіби шындықты қалайтын силастық қажет.
Білім беру ісімен айналысуда жалпы педагог мамандарға тән сапалық қасиеттердің құрамы міндетті түрде коммуникативті құзреттілік, қарым-қатынасқа түсудегі тимділікті сезіну қаблеті екендігін ескерсек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет